Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Алтын қақпа (сыныптан тыс шара)

09 ақпан 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Информатика
Кештің тақырыбы: «Алтын қақпа» 5 - 7 сыныптар
Мақсаты: «Алтын қақпа» ойынына қатысып ондағы информатикадан қойылған сұрақтарға
жауап беру.
Білімділігі: Өз білімдерін, ойында көрсете білу.
Тәрбиелігі: оқушыларды шапшаңдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Алған білімдерін «алтын қақпа» ойынында одан әрі дамыту.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, қолдан жасалған қақпалар (тас, күміс, алтын)

Өту барысы: Ұйымдастыру бөлімі
Ойынды өткізу
Қорытындылау
Үйге тапсырма беру

Жүргізуші:
Құрметті оқушылар, ұстаздар біздер бүгін мектептің мәжіліс залына жиналып отырмыз. Мектебімізде өтіп жатқан «физика, математика, информатика - әлемінде» атты апталықтың 5күні, 5 - 7сыныптар аралығында информатика пәнінен өтетін
«Алтын қақпа» ойынына қош келдіңіздер.
Енді ойынның шарттарымен таныстырып өтейін.
Бірінші бөлімде әр сыныптан іріктеу турын өткіземіз.
5сыныптарына жалпы бір сұрақ қоямын. Сол сұрақты кім бірінші, дұрыс жауап берсе, сол оқушыны «Алтын қақпа» ойынына қатысады.
Бірінші «тас қақпа» бұнда үш сұрақ бар, қай сұрақ керек, соны айтады. Егер ол сұраққа дұрыс жауап берсе «күміс қақпаға» өтеді, одан да сүрінбей өтсе «алтын қақпаға»өтеді, одан да дұрыс жауап берсе «алтын сандықтағы» сыйлықты алады. Егер «алтын қақпадағы» сұрақты дұрыс жауап бермесе, онда «тас қақпадағы»,
«күміс қақпадағы», «алтын қақпадағы» алған сыйлықтардың бәрінен айрыласың. Немесе бір қақпаға келіп, тоқтап соның сыйлығын алып орнымызға да отыруға болады. Ойынның шартына түсінсек бәріне сәттілік тілейміз. Қойылатын сұрақтар әр сыныпқа әр түрлі, өзіміздің өткен тақырып бойынша, тек информатика пәнінен қойылады.
Енді 5 сыныптарға іріктеу турына қойылатын сұрақ.
1. Информатика пәні нені оқытады (үйретеді)?

«Тас қақпаның» сұрақтары 5 сынып
1-сұрақ: Компьютердің негізгі бөлігіне нелер жатады.
- жүйелік блок, пернетақта, монитор.
2-сұрақ: Кодтау дегеніміз не?
- қандайда бір алфавитті пайдаланып информация жазып кодтау
3-сұрақ «бит» дегеніміз не?
- О және 1 сандарының кодын бит деп атаймыз.

І. Іріктеу тобына сұрақ 5 сыныптарға
Компьютерді өшіру жолын айтып бер
1-сұрақ «бит» дегеніміз не?
2-сұрақ Компьютердің негізгі бөлігіне нелер жатады?
3-сұрақ «код» дегеніміз не?
- бір белгі тобынан екінші белгі тобына көшіру жолын «код» деп атаймыз.

Енді 6 сыныптарға іріктеу турына қойылатын сұрақ.
1. Ақпарат дегеніміз не? Ақпараттың түрлері.
- Ақпарат - белгілі бір нәрсе туралы таңбалар мен Ақпаратты сигналдар түрінде берілетін мәліметтер тобы.
Ақпаратты біздер сақтай аламыз, шығарып бере аламыз, өңдей аламыз.

«Тас қақпаның» сұрақтары 6 сынып.
1-сұрақ 1 байт неше беттен тұрады? Бір байт арқылы неше символды кодтауға болады?
1 байт - 8 беттен тұрады.
1 байт арқылы 256 символды кодтауға болады.
2-сұрақ Компьютердің енгізу - шығару құрылғыларын ата.
- енгізу, пернетақта, маус.
- шығару, монитор, принтер.
3-сұрақ пернетақта неше топқа бөлінеді? Қандай - қандай
- 4 топқа бөлінеді. 1. Функционалдық. 2. Символдық. 3. Цифрлық 4. Меңзерлі

1. Іріктеу туры 6 сынып Сұрақ: Қазіргі пернетақтада қанша перне бар.
101 немесе 102 перне болады.
1-сұрақ Пернетақта неше топқа бөлінеді, қандай - қалай?
2-сұрақ 1 байт неше биттен тұрады. Бір байт арқылы неше символды кодтауға болады?
3-сұрақ Компьютердің енгізу - шығару құрылғыларын ата?

«Күміс қақпаның» сұрақтары 6 сынып
1-сұрақ «Компьютердің миы»
- процессор
2-сұрақ компьютердің Pentium ІІІ, IV аталуы неге байланысты?
- процессор қалай аталса Мыс Pentium IV болса, онда комьютер Pentium IV деп аталады
3-сұрақ. Морзе алфавитінде неше әріп, неше сан бар?
- 26 әріп, 10 сан бар.

«Алтын қақпаның» сұрақтары 6 сынып.
1-сұрақ. Компьютерде қандай информацияларды енгізуге болады?
Мәтіндік, сандық, графиктік, музыкалық, видео инфор - р
2-сұрақ Бір тілдің әрпінен екінші тілдің әріптеріне көшу үшін қай пернелерді пайдаланамыз.
- Alt+Shift пернелерін қатар басу арқылы.
3-сұрақ Цифрларды қай пернені басу арқылы енгіземіз
- цифрлық немесе қосымша пернелердегі «Num Lock» пернесі арқылы

«Алтын сандықтың» сұрақтары 6 сынып
Ең ұзын перне қалай аталады? Ол не үшін пайдаланады?
- бос орын (пробел), ол символды бір - бірінен ажыратуына арналған.

«Күміс қақпаның» сұрақтары 5 сынып
1-сұрақ терезелер неше топқа бөлінеді? Қандай - қандай.
- 4 топқа бөлінеді: қапшық (папка) қосымша, диалогтық, анықтама.
2-сұрақ менің компьютерім (мой компьютер) қапшығының терезесінің элементтерін атау.
- тақырып жолы, меню жолы, құралдар папкасы, басқару жұмыс аймағы, шекаралары, оңға - солға, жоғары - төмен, айналдыруы
3-сұрақ басқарушы батырмаларға нелер жатады?
- кішірейту (свернуть), үлкейту (развернуть), қалпына келтіру (востановить), жабу (закрыть)

«Алтын қақпаның» сұрақтары 5 сынып
1-сұрақ Қосымша терезе деп неге аталған?
«Windows» жүйесімен жұмыс істегендіктен қосымша деп аталған.
2-сұрақ «Windows» жүйесінің негізгі объектісі не болып табылады.
- терезе

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 466
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Алтын қақпа
Алтын қақпа
Жалпы химиядан алған білімдерін жинақтап, жүйелеп, өз бетімен еңбектенуге, іскерліктерін арттыруға дағдыландыру, одан әрі пәнге деген қызығушылықтарын арттыру
«Алтын қақпа» интеллектуалды шоу ойыны
«Алтын қақпа» интеллектуалды шоу ойыны
ШҚО, Тарбағатай ауданы, Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектептің химия пәні мұғалімі Шаяхметова Анаргүл Әменқызы
Алтын қақпа (сайыс сабақ)
Алтын қақпа (сайыс сабақ)
Математика пәні мұғалімі: Избасарова Сандеш Тулегеновна
«Алтын қақпа» сайыс сабағы
«Алтын қақпа» сайыс сабағы
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, № 3 мектеп - интернатының бастауыш сынып мұғалімі Искакова Гүлзада Ибадуллақызы
«Алтын қақпа» танымдық ойыны
«Алтын қақпа» танымдық ойыны
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, №3 Алға қазақ орта мектебінің математика пәні мұғалімі Туребекова Жаңылсын Барсаевна
Алтын киік
Алтын киік
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы №5 орта мектебінің биология пәні мұғалімі Елубаева Гүлсезім Құрманғазықызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×