Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Блокнот бағдарламасы

20 ақпан 2015, Жұма
Категориясы: Информатика
Сабақтың тақырыбы: Блокнот бағдарламасы
Мақсаты:
♦ Тақырыптың мәнін ұғындыру, теориялық білімдерін практикамен ұштастыру арқылы білім – білік дағдыларын күшейту.
♦ Білімділігі: Блокнот бағдарламасының міндетімен таныстыру. Іске қосу, көшіру мен кірістіріп қою және мәтінді пішімдеуді үйрету.
♦ Дамытушылығы: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, өз беттерінше салыстыру, ой қорыту, мысалдар арқылы көз жеткізу дағдыларын арттыру.
♦ Тәрбиелілігі: Оқушыларды білім мен біліктілікке тәрбиелеу және өзіндік дүниетанымын қалыптастыру.

Сабақтың көрнекілігі: Мультимедия, интерактивті тақта,
Сабақтың өту әдісі: Түсіндіру, баяндау, сұрақ – жауап
Сабақтың типі: Практикум, көрсету түсіндіру
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, математика, география

Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.
Сабаққа дайындықтарын тексеру
II Үй жұмысын сұрау
(Сәйкесін тап)
Пернелер қызметі - Белгіленуі
Бас әріпті теру - End
Түгел бас әріпті теру - Backspace
Меңзерді төмен түсіру - Delete
Кейінгі әріпті жою - Page up
Алдыңғы әріпті жою - Home
Көмек - Shift
Жоғары жылжыту - Page down
Төмен жылжыту - F1
Жолдың басына жылжыту - Caps Lock
Жолдың соңына жылжыту - Enter

Сөзжұмбақ «Блокнот»
1. 8 биттен тұратын код (байт)
2. Компьютердің экранынан ақпаратты шығаратын құрылғы (дисплей)
3. Алфавитті символдар түрінде ұсынуды қалай атаймыз? (кодтау)
4. Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым (информатика)
5. Компьютерде ақпарат енгізуге арналған құрылғы. (пернетақта)
6. Компьютер миы (процессор)
7. Ақпараттарды қағазға басып шығаратын құрылғы (принтер)

Жаңа сабақ
Блокнот - бұл өте шағын мәтіндік редактор, оның жұмысы үшін жатқан аз көлемі қажет. Блокнот жұмыс уақытында белгі құруға, кейін оны басқа қолданбаға кірістіріп қоюға болатын мәтіндік ақпаратты сақтауға арналған. Оны іске қосу үшін мына әрекеттерді орындаймыз. Пуск - Все программы - Стандартные - Блокнот. Блокнот қолданбасының терезесі.
Мұнда ақпараттарды тек алмасу буферінің көмегімен ғана көшіруге және жылжытуға болады, ол үшін Правка - Вставить, Вырезать және Вставить командаларын орындаймыз.
Файл - Макет страницы командасының көмегімен қағаздың пішімін, өріс мөлшерін және мәтіннің бағдарын(Альбомдық немесе Кітаптық) таңдауға болады.
Формат - Шрифт командасы арқылы мәтінді пішімдеу әрекеттерін орындай аламыз.
Файл – Сохранить как командасы арқылы құжаттарды сақтаймыз. Файлдар кеңейтілуі *txt болады.
Файл – Открыть командасы арқылы сақталған құжаттарды ашамыз.
Мәтіннің үзіндісін бөліп алу үшін WordPad - та пайдаланылған әдістер пайдаланылады. Ақпараттарды тек алмастыру буферінің көмегімен ғана көшіруге және жылжытуға болады, ол үшін Правка менюінің Копиравать, Вырезать және Вставить командалары пайдаланылады.
Блокноттың көмегімен күрделі, әдемі құжаттар жасап, оған сурет кірістіру мүмкін емес, өйткені оның пішімдеу мүмкіндігі аз.
Файл/Макет страницы командасын орындап, пайда болған диалогтық терезеде қағаздың пішімін, өріс мөлшерін және мәтіннің бет бейнесін ( Албомдық немес Кітаптық) таңдауға болады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 591
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күнтізбелік – тақырыптық жоспар. ИНФОРМАТИКА 5 - сынып
Күнтізбелік – тақырыптық жоспар. ИНФОРМАТИКА 5 - сынып
Техника қауіпсіздік ережелерін сақтау және жұмыс орнын ұйымдастыру.
Блокнот программасын үйрену
Блокнот программасын үйрену
Информатика пәнінің мұғалімі Асралиева Арайлым
WordPad мәтіндік бағдарламасымен практикалық жұмыс жасау
WordPad мәтіндік бағдарламасымен практикалық жұмыс жасау
Қызылорда облысы, Арал ауданы, №61 орта мектебі информатика пәнінің мұғалімі Төлеуова Сәнімкүл Шалабайқызы
Санды өрнектер. Әріпті өрнектер
Санды өрнектер. Әріпті өрнектер
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы Ш. Тұржанов атындағы орталау мектебінің математика пәні мұғалімі Қабиева Тлекші Сабидоллақызы
Сандық ақпараттарды өңдеу. Калькулятор бағдарламасын іске қосу
Сандық ақпараттарды өңдеу. Калькулятор бағдарламасын іске қосу
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Абай атындағы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Медиева Нургул
Блокнот бағдарламасы. Калькулятормен жұмыс істеу
Блокнот бағдарламасы. Калькулятормен жұмыс істеу
Айткалиева Баян Сабырғалиқызы Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Подстепный ауылы Подстепный қазақ ЖОББМ мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×