Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сандық ақпараттарды өңдеу. Калькулятор бағдарламасын іске қосу

18 қазан 2013, Жұма
Категориясы: Информатика
7- сынып
Тақырыбы: Сандық ақпараттарды өңдеу. Калькулятор бағдарламасын іске қосу. Калькулятормен жұмыс жасау

Сабақтың жоспары
Сабақтың тақырыбы: Сандық ақпараттарды өңдеу. Калькулятор программасын іске қосу. Калькулятормен жұмыс жасау

Сабақтың мақсаты:
1) білімділік мақсаты: Оқушыларды калькулятор программасын таныстыру, калькуляторды іске қосуды онымен жұмыс жасауды және сандық ақпараттарды өңдеуді үйрету, арифметикалық амалдарды қолданып есептер шығару.
2) тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу
3) дамытушылық мақсаты: Оқушыларды калькулятор қолданбасымен жұмыс жасауға дағдыландыру
Сабақтың түрі: Конференция сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, флипчарт, смайликтер т. б.
Техникалық құралдар: ДК - лер, бейнепроектор, интерактивті тақта

Конференцияның күн тәртібі:(сабақтың барысы)
1. Интернет желісі арқылы келіп түсіп жатқан сұрақтарға жауап беру (үй тапсырмасын тексеру)
2. Конференцияның басты мәселесін талқылау (жаңа сабақты түсіндіру)
3. Интернет желісі арқылы түсіп жатқан тапсырмаларды орындау (жаңа сабақты бекіту)
4. Келесі конференцияда қаралатын мәселелерге тоқталу (үйге тапсырма беру)
5. Конференция қорытындысы (сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау)

І. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу, сабаққа дайындықтарын тексеру
ІІ. Мен бүгінгі сабағымызды елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Тәуелсіз ел тірегі – білімді, дарынды, өнегелі, ұрпақ» деген сөзімен бастағым келіп тұр.
1. Интернет желісі арқылы келіп түсіп жатқан сұрақтарға жауап беру (үй тапсырмасын тексеру)
Тест сұрақтарына жауап беру(тест сұрақтары экранда слайдта көрініп тұрады, оқушылар дұрыс жауапты қолдарындағы бар сәйкес түстерді көтеру арқылы айтады)
1. Блокнот программасын қалай қосамыз?
■ Пуск – Все программы – Стандартные - Блокнот
■ Пуск – Стандартные – Блокнот
■ Пуск – Стандартные – Все программы - Блокнот
2. Блокнот қолданбасында мәтінді сақтау командасы:
■ Файл – Окрыть
■ Файл – Сохранить как...
■ Файл – Создать
3. WordPad бағдарламасы қандай редактор?
■ графикалық
■ мәтіндік
■ кестелік
4. Мәтін үзіндісін көшіру үшін қай команданы орындаймыз?
■ Правка - Копировать
■ Правка - Вырезать
■ Правка – Вставить
5. WordPad - ты қосу үшін орындалатын әрекет қайсы?
■ Пуск – Стандартные – WordPad
■ Пуск – Все программы – WordPad
■ Пуск – Все программы – Стандартные – WordPad
6. Бұрын сақталған құжатты ашу командасы:
■ Файл – Окрыть
■ Файл – Создать
■ Файл – Сохранить
7. Блокнот қандай программа?
■ өте кішкентай мәтіндік редактор
■ мүмкіндіктері зор мәтіндік редактор
■ кестелік процессор
8. Мәтін үзіндісін қиып алу үшін қолданылатын команда
■ Правка - Копировать
■ Правка - Вырезать
■ Правка – Вставить
2. Конференцияның басты мәселесін талқылау (жаңа сабақты түсіндіру)
Сандық ақпаратты өңдеу
Калькулятор бағдарламасын іске қосу
Калькулятормен жұмыс жасау
Компьютердің сандық ақпаратпен жұмыс істеуін WindowsXP - дің Калькулятор қолданбасының көмегімен көрсетуге болады. Бұл қолданбалы программа кәдімгі электрондық калькулятордың жұмысын модельдейді. Калькулятор қолданбасы компьютердің сандық ақпаратпен жұмысын: бір жүйеден екінші жүйеге сандарды аударуды, логикалық арифметика принциптерін, есептеу дәлдігін және т. б. тереңірек игеруге мүмкіндік береді.
Жүйеде калькулятордың екі түрі бар: қарапайым және инженерлік.

Калькуляторды іске қосу үшін, мынадай тізбекті орындаймыз:
Іске қосу – Программалар – Стандартты – Калькулятор.
(Пуск – Все программы – Стандартные – Калькулятор)

Мұны орындағаннан кейін, экранда калькулятордың терезесі пайда болады. Егер калькулятор бірінші рет қосылса, онда Қарапайым калькулятор шығады.
Экрандағы калькулятордың түрі кәдімгі қалта калькуляторының түріне ұқсайды, тек оған тақырып жолы мен меню жолы қосылған.

Қарапайым калькулятор арифметикалық амалдардан басқа санаулы әрекеттерді және бірнеше функцияларды ғана орындайды. Калькулятордың бір түрінен екінші түріне ауысу Түр (Вид) менюінен оның сәйкес түрін таңдау арқылы орындалады.

Бұл калькулятордың жұмыс жасаудың принципі кәдімгі калькулятормен жұмыс істеумен бірдей. Сандарды және командаларды калькуляторға енгізу тышқанның сол жақ батырмасымен калькулятордың батырмаларын шерту арқылы орындалады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
11 440
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Калькулятормен есептеу
Калькулятормен есептеу
Арифметикалық амалдарды калькулятор көмегімен орындау тәсілдерін таныстыру. Берілген материалды тиянақтау, ойлау қабілеттерін дамыту. Калькуляторды сабақта және үйде дұрыс пайдалануға үйрету. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Калькулятормен есептеу
Калькулятормен есептеу
Арифметикалық амалдарды калькулятор көмегімен орындау тәсілдерін таныстыру. Берілген материалды тиянақтау, ойлау қабілеттерін дамыту. Калькуляторды сабақта және үйде дұрыс пайдалануға үйрету.
Калькулятор бағдарламасы
Калькулятор бағдарламасы
Қызылорда қаласы, Ы. Алтынсарин атындағы №10 мектеп - лицейдің информатика пәнінің мұғалімі Малдыбаева Алтынай
Стандарттық бағдарламалар. Калькулятор бағдарламасы
Стандарттық бағдарламалар. Калькулятор бағдарламасы
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, №244 Ы.Жақаев атындағы мектептің информатика пәні мұғалімі Сүгірбаева Ақмарал Есейқызы
Блокнот бағдарламасы. Калькулятормен жұмыс істеу
Блокнот бағдарламасы. Калькулятормен жұмыс істеу
Айткалиева Баян Сабырғалиқызы Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Подстепный ауылы Подстепный қазақ ЖОББМ мұғалімі
Паскаль тілінде мәтіндік ақпараттарды өңдеу
Паскаль тілінде мәтіндік ақпараттарды өңдеу
Жарқын Кажекбер Паскаль тілінде мәтіндік ақпараттарды өңдеу
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×