Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Киелі сандар сөйлейді

20 ақпан 2015, Жұма
Категориясы: Информатика
«Киелі сандар сөйлейді «интелектуалдық сайысы (слайдымен)
Мақсаты: қазақ халқының салт – санасы мен ата - бабасынан келе жатқан дәстүрін өз бойындағы ерекше қасиеттерін таланты мен дарындылығын, өзгелерден ерекше табиғи қабілеті арқылы биіктерден көріну. Қасиетті сандар арқылы тәрбие берген салт - дәстүрін сол қалпында сақтап қалу. Сонымен қатар бұл киелі сандар жай сандар теориясына қатысы бар ең маңызды, қызықты және түсінікті нәтижелерді жинақтау. Көптеген шешілмеген проблемаларды атап көрсету. Баланың әрбір сан арқылы ой толғанысын тудыру, білімге құштарлықты ояту.
Армысыңдар, бүгінгі «Киелі сандар сөйлейді» атты сайысымызға жиналған қауым! Бүгінгі біздің сайысқа қош келдіңіздер!
Мінекей залда тыныштық,
Естілмейді дыбыс түк.
Мұнда біз де қоштаймыз,
Кешіккендерді тоспаймыз.
Ғылымдардың ғылымы
Математика ғылыми жайында
«Киелі сандар сөйлейді» атты сайысымызды бастаймыз.

Егер сандар туралы тереңірек зерттеп, оқып үйренсе, онда әрбір адам математиканың қаншалықты қабілеттігін толық түсінер еді.
Сандар мен оларға қолданылатын амалдардың қасиеттері зерттелетін математиканың бөлімі сандар теориясы деп аталады.
Сандар теориясын құрудың бастамасын ежелгі грек оқымыстылары Пифагор, Евклид, Эратосфен және т. б жасаған еді. Сандар теориясының кейбір мәселелері өте жеңіл тұжырымдалады - оларды бесінші сыныптың кез - келген оқушысы түсіне алады. Бірақ, бұл мәселелерді шешудің аса күрделілігі сондай, оған жүздеген жыл уақыт кетеді, ал кейбір мәселелерге осы күнге дейін жауап жоқ.

Сан берген, сана берген, санат берген,
Инсан деп саналығы ол ат берген,
Жаратып барша әлемді жалғыз нұрдан
Жауһари нұр сәулесін тарат деген.-
дей келе, бүгінгі сайысымызды бастаймыз.
Қатысушыларды таныстыру. Жеребе суыру арқылы топтар аттарын және реттік нөмірін таңдайды.
Әділ қазыларды таныстыру.

Бірінші кезең
«Кім жылдам?»
Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар
Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз
дей келе біз келесі кезең «Кім жылдам?» кезеңінен бастайық

1. Түстерді таңдау арқылы шыққан санның көбейту кестесін орындау.
2. Топ дұрыс жауап берген әр сұраққа 1 ұпай иеленеді.
3. Уақыт шектеулі. Жауапқа 1 минут уақыт беріледі, одан кейінгі жауаптар қабылданбайды.
Екінші кезең
«Мақал – мәтел - сөз мәйегі»
Бірінші турда жинаған ұпай екінші турда сақталады.
1. Реттік номері бірінше топ реттік номері екіншіге, ол үшінші топқа, әрі қарай жалғастырып кезек - кезек санға байланысты мақал - мәтел айтылады.
2. Бір айтылған мақал қайталанбайды.
3. Әр айтылған мақалға он балдан қосылып отырады
4. Жауап ауызша беріледі.
Үшінші кезең
«Полиглот»
Жұмбақтар - жарысы
Келді кезек жұмбақты шешуге
Жауаптарын беруге үш тілдерде
Қазақ. Орыс, Ағылшынды білсеңіз
Жақсы баға шәкірт саған несібе
1. Жасырылған жұмбақтардың жауабын қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне аудару керек.
2. Екінші турда жиналған ұпай есептеледі. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай.
Төртінші кезең
Киелі санның құпиясы
1. Алдыңғы ұпайлар сақталады.
2. Қатысушы топтарға тақтадан ұпай таңдау мүмкіндігі беріледі. Олардың әрқайсысында күрделілігі бойынша бағаланатын сұрақ жасырылуы. Оған сәйкес 10; 20; 30; 40 балл беріледі.
3. Қатысушылар кезек бойынша сұрақ бағасын таңдайды. Таңдалатын сұрақ саны - 4, әркім өзі таңдаған сұрағына жауап береді. Ойлануға 10 секунд уақыт беріледі.
4. Сұрақтарды топтар кезек бойынша таңдайды және сол кезекпен жауап береді.
5. Дұрыс жауап берген жағдайда ойыншы сұрақ бағаланған мөлшерде ұпайға ие болады.
6. Дұрыс жауап бермеген жағдайда, оның қарсыластары өз кезегінде қол көтеру арқылы дұрыс жауап беруге талпыныс береді.
7. Егер екінші топ дұрыс жауап бере алмаса, жауап беру құқығы үшінші топқа өтеді. Ол екінші топ тәрізді ойланбай жауап беруге міндетті.
8. Кез келген жағдайда сұрақта көрсетілген ұпай дұрыс жауап берген ойыншыға өтеді.

Бесінші кезең
Санның сыры...
Үй тапсырмасы.
1. Әр топқа берілген үй тапсырмасы өздерінің қалауы бойынша жасалады.
Реферат, ребус, сөзжұмбақ, тағы басқа түрде.
2. Барлық ұпай сандары қосылады.
Алтыншы кезең
Тапқыр болсаң тауып көр!
Мәңгі бақи есте қалар
Ғажайып бір сайыс болсын
Білімдірек шәкірт озар
Қиынырақ сұрақ болсын
1. Реттік номірі бірінші топ реттік номері екіншіге, ол үшінші топқа, әрі қарай жалғастырып кезек - кезек сұрақ қойылады.
2. Бір қойылған сұрақ қайталанбайды.
3. Әр дұрыс жауапқа он балдан қосылып отырады.
4. Жауап ауызша беріледі.

Математика ғылым саласында сан ұғымы ерекше орын алатыны белгілі. Санның шығу тарихы, әрбір тоғыз, жеті, үш, бір сандары қазақ халқында ерекше қасиетті ұғым екенін білдік. Санамызға киелі сандар бар екенін жеке қалыптастырады. Сандар ерекшелігі, қасиет шығу тарихын толық зерттедім деп есептеймін. Әлі де сандардың ашылмаған құпия сыры, жұмбақ қасиеті бар деп ұғамын. Келешек ұрпаққа қазақ халқы үшін киелі жеті, тоғыз, үш сандарының құпиясын жеткізу. Сандар ұғымының құпиясын ашқан ұлы ғалымдар еңбегі насихатталды деген оймен сайысымызды аяқтаймыз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 958
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жай сандар және құрама сандар
Жай сандар және құрама сандар
Жай сандар және құрама сандар Жай сандар мен құрама сандарды анықтай білу және оны есеп шығаруда қолдануға үйрету
Рационал сандарды координаталық түзудің көмегімен қосу
Рационал сандарды координаталық түзудің көмегімен қосу
Оқушыларға рационал сандарды координаталық түзудің көмегімен қосу дағдысын қалыптастыру, есептер шығаруға үйрету.
Натурал сандар халық даналығында
Натурал сандар халық даналығында
Сандар ұғымына байланысты халық даналығын дәріптеу, сандардың қасиеті жайлы мағлұматтарды көпшілік қажетіне жарату; қазақ халқының қасиетті сандарға ерекше тәрбие көзі ретінде қарағанын дәлелдеу
Жай сандар, құрама сандар
Жай сандар, құрама сандар
Жай сандар, құрама сандар. Оқушыларға жай сандар және құрама сандар тақырыбын тереңірек меңгерту үшін есептер шығарып үйрету. Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Жеті санының қасиеттілігі
Жеті санының қасиеттілігі
Бастауыш сынып мұғалімі: Есиркепова Жангул Ускенбаевна
Жай сандар, құрама сандар
Жай сандар, құрама сандар
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, №24 орта мектебінің математика пәні мұғалімі: Баймағанбетова Жанар Өтегенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×