Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Натурал сандар халық даналығында

13 ақпан 2016, Сенбі
Категориясы: Әдістемелік көмек
Танжанова Майгүл, Абылғазинова

Тақырыбы: "Натурал сандар халық даналығында"
Мақсаты:
• Сандар ұғымына байланысты халық даналығын дәріптеу, сандардың қасиеті жайлы мағлұматтарды көпшілік қажетіне жарату;
• қазақ халқының қасиетті сандарға ерекше тәрбие көзі ретінде қарағанын дәлелдеу;
Міндеттері:
• натурал сандарға түсінік беру;
• әр киелі сандардың натурал сандар қатарындағы орнын көрсету;
• жиналған материалдарды бір жүйеге келтіру

Натурал сандар дегеніміз не?
Нәрселерді санауда пайдаланылатын сандар натурал сандар деп аталады. Натурал сандар қатары 1 санынан басталады. Натурал сандар ішінде қазақ халқының өмірінде ерекше сипат бере отырып, жиі қолданылатын сандар көп. “3, 7, 9, 40“ сандарын өзіміздің салт - дәстүрімізден, ырым - тыйымдарымыздан, нақыл сөздерімізден мақал - мәтелдерімізден анық көруге болады. Қазақ халқының киелі сандарын оқи отырып, сандар мен олардың сырларын терең ұғындыру арқылы өз бойымызға сіңіріп, әрі қарай дамытамыз.
1 саны туралы:
Алла жалғыз. Алладан басқа ешбір тәңір жоқ.

2 саны туралы:
Күні - түні дем алмайтын екеу: 1. Ай. 2. Күн.
Патшалық құрған екі мұсылман, екі кәпір:
Мұсылмандардан: 1. Сүлеймен. 2. Ескендір Зұлқарнайын.
Кәпірлерден: 1. Налерут. 2. Шиддат.
Пейіште көрінбейтін: 1. Күндіз. 2. Түн.
Пейіште болмайтын: 1. Ауру - сырқау. 2. Ұйқы
Екі нәрсемен дос болу: 1. Әйеліңмен. 2. Бастығыңмен.

3 санының байламдары:
Үш көз: Су анасы – бұлақ, жол анасы – тұяқ, сөз анасы – құлақ
Үш тоқтам: Ақыл – арқан, ой - өріс, адам – қазық
Үш қасиет: өліде – аруақ, малда – кие, аста – кепиет
Үш талғам: мейірім – сауап, жақсылықтан шарапат, жамандықтан кесепат
Үш жүз: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз
Үш тәтті: жан тәтті, жар тәтті, мал тәтті
Үш қуат: ақыл, жүрек, тіл:
Үш жұрт: өз жұртың, қайын жұртың, нағашы жұртың
Үш із: бала, байлық, бақыт – білім
Үш ғайып: қонақ несібе, ажал
Үш алыс: жер мен көк, жас пен кәрі, жақсы мен жаманның арасы
Үш арсыз: күлкі, ұйқы, тамақ
Үш байлық: денсаулық, ақ жаулық, он саулық
Үш қазына: жүрген із, көне сөз, ескі сөз
Үш мақсат: Саудагер мақсаты – ұту, жол мұраты – жету, дау мұраты – біту
Үш үміт: жазылам деп науқас үмітті, байимын деп кедей үмітті, кетем деп қыз үмітті
Үш қадірлі: ырыс, бақ, дәулет
Үш қадірсіз: жастық, денсаулық, жақсы жар
Үш кемшілік: атың шабан болса – жалғанның азабы, алғаның жаман болса – дүниенің тозағы, балаң жаман болса – көрінгеннің мазағы

4 санының қадір - қасиеттері:
Төрт мүлік: бас сандық, тіл кілт, қол мүлік, аяқ - табақ
Төрт халифа: Әбубәкір, Омар, Оспан, Әли
Төрт қылыш: Хәм хам, Сәм сам, Зұлпхар, Зулқажа
Төрт періште: Жебірейіл, Әзірейіл, Мекейіл, Исрафил
Төрт кітап: Тәурат, Зәбур, Інжіл, Құран
Төрт пір: Жарлының пірі – қалтақ ата,
Ұрының пірі – жалтақ ата
Шебердің пірі – тепшен ата
Кәрінің пірі – кекшіл ата
Төрт тұлға: от, су, жел, жер
Төрт құбыла: Шығыс, батыс, оңтүстік, солтүстік
Төрт маусым: көктем, жаз, күз, қыс
Төрт тоқсан: қыс тоқсан, жаз тоқсан, шілде тоқсан, күз тоқсан
Төрт бұрыш: Шын - машын, Мысыр, Рим, Еуропа елдері
Төрт түлік: Түйе пірі – Ойсылқара
Жылқы пірі – Қамбар ата
Сиыр пірі – Зеңгі баба
Қой, ешкі пірі – Шопан, Шекшек ата

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 434
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Натурал сандардың бөлгіші мен еселігі
Натурал сандардың бөлгіші мен еселігі
Натурал сандардың бөлгіші мен еселігі анықтамасын түсінеді.
Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері. Жай және құрама сандар
Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері. Жай және құрама сандар
Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктерін табуда есе арттыру мен есе кеміту арқылы берілетін санның еселігі мен бөлгішін табуға болатындығының сырын ашып түсінеді.
Жай сандар және құрама сандар
Жай сандар және құрама сандар
Жай сандар және құрама сандар Жай сандар мен құрама сандарды анықтай білу және оны есеп шығаруда қолдануға үйрету
Натурал сандардың бөлінгіштігі. Ең үлкен ортақ бөлгіш және ең кіші ортақ еселік
Натурал сандардың бөлінгіштігі. Ең үлкен ортақ бөлгіш және ең кіші ортақ еселік
Жай және құрама сандар, натурал сандардың бөлінгіштігі, құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеу, ең үлкен ортақ бөлгіш және ең кіші ортақ еселікті еске түсіріп, тұжырымдайды.
Ең кіші ортақ еселік
Ең кіші ортақ еселік
Оқушыларға берілген сандардың ең кіші ортақ еселігін табуды үйрету, тақ сандар, жұп сандар, жай сандар және құрама сандар жайлы алған білімдерін пысықтау.
Натурал сандарға амалдар қолдануды қайталау
Натурал сандарға амалдар қолдануды қайталау
Натурал сандарға амалдар қолдануды қайталау
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×