Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қабаттар, мәтінмен жұмыс

12 қараша 2015, Бейсенбі
Категориясы: Информатика
Ақтөбе облысы, Алға қаласы, Алға ауданы,
№3 Алға қазақ орта мектебі информатика пәні мұғалімі
Қаржауова Оразгул Джумабаевна

Информатика 7 сынып
Тақырыбы: Қабаттар, мәтінмен жұмыс
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға компьютерлік графика негізі ұғымдары қабаттармен жұмыс жасауды үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың бүгінгі ақпараттық қоғам жайлы, озық компьютерлік технологияларда пайдаланылатын сапалы, жоғарғы деңгейлі графикалық бағдарламаларды тиімді пайдалана білу мүмкіндігін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды әдептілікке, мақсатшылдыққа, әсемдікке тәрбиелеу. мұқияттылыққа,
өз - өзіне сенімді болуға баулу.
Сабақтың түрі: теориялық элементтері бар практика сабағы
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Қолданылатын технология және әдіс - тәсілдер: Проблемалап оқыту технологиясы,, жоба жасау әдісі.
Көрнекілік: бейнесабақ, презентация
Құрал - жабдықтар: компьютер, Paint. net графикалық редакторы
Пәнаралық байланыс: бейнелеу, геометрия, шетел тілі

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру
- амандасу / өзге ұлт өкілдері – ЖЕСО модулі
- Оқушыларды педагогикалық психологиялық тұрғыдан сабаққа дайындау

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру Ребус, сөзжұмбақ
Растрлық графика тақырыбына ребус немесе сөзжұмбақ жасаған жұмыстарын ортаға шығып қорғайды. /ТжДБО модулі/

ІІІ. Жаңа сабаққа кіріспе /Білу кезеңі/
Тақырыпты анықтау: сөздердің алғашқы әріптерінен сабақтың тақырыбын анықтау
Жауабы: ҚАБАТ

Қабат дегеніміз не?
Суреттерді жасауда қандай қабаттар болады? (фон, нақты объект)

ІV. Жаңа сабаққа байланысты ақпаратпен жұмыс /түсіну кезеңі – ОЖТ модулі/
Қабат – кескіннің әртүрлі бөліктері орналасқан мөлдір парақтағы компьютерлік метафора. Қабатта бірнеше объектілерді орналастыруға болады. Қабаттағы кескінді тек PSD форматында ғана сақтауға болады. Қабатты редакторлеуге, мөлдір етуге, жоюға, көшіруге, өшіруге, т. б. болады. Қабатты өзара реттеуге – алдыңғы қатарға немесе соңғы қатарға ауыстыруға болады. Қабатпен жұмыс Photoshop графикалық редакторінде Layer мәзірі және Layer палитрасы арқылы жүзеге асады.
компьютерлік графиканың түрлері және негiзгi ұғымдары;
•объекттің облыстарының ерекшелеу аспаптары
•тарих палитрасы, артқа адымдау, жою, резеңке, дақпырт палитра редактор аспаптары;
•суреттiң өлшемi және кенептiң өлшемі, кенептiң бұрылысы;
•*psd *. pdd *. gif *. jpg суреттердiң файлдарының қалыптары;
•қабат - қосу/өшіру, белсендi, көшiрмесiн алу, редакциялау; орын ауыстыру, аты;
•масканың быстрой/обычной тәртiбі;
•боз, RGB, CMYK суретпен жұмыс тәртiптерi;
•суреттi өрнектеу.

V. Практикалық жұмыс /қолдану кезеңі АКТ модулі/
№1 тапсырма Paint. netбағдарламасында жұмыс
1 - жұп:«Бетті әрлеу - макияж» практикалық жұмысы
2 - жұп: «Коллаж жасау» практикалық жұмысы

№2 тапсырма
Мәтінмен жұмыс Paint. netбағдарламасында жұмыс
7 - сынып мәтініне әртүрлі эффектілерді пайдалану (Эффекты - Для фотографии (искажение))
V. Қорытынды /талдау кезеңі/
Диалог – бірінші жұп екінші жұпқа сұрақтар қояды.
VІ. Үйге тапсырма: Қабаттар, мәтінмен жұмыс тақырыбын оқу, практикалық жұмыс.
VІІ. Бағалау
7 466
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Компьютерлік графика түрлері
Компьютерлік графика түрлері
Компьютерлік графика ұғымымен таныстыра отырып, графиканың түрлері, редакторлары туралы білімдерін қалыптастыру;
Информатика пәнінен 7 - сыныпқа арналған тақырыптық - күнтізбелік жоспар
Информатика пәнінен 7 - сыныпқа арналған тақырыптық - күнтізбелік жоспар
Информатика пәні бойынша 2017 – 2018 жылына арналған тақырыптық - күнтізбелік жоспар Информатика пәнінен 7 - сыныпқа арналған тақырыптық - күнтізбелік жоспар
Фигураларды салу. Векторлық объектілермен қарапайым амалдар. Қисықтарды редакциялау
Фигураларды салу. Векторлық объектілермен қарапайым амалдар. Қисықтарды редакциялау
Компьютерлік графика ұғымымен таныстыра отырып, графиканың түрлері, графикалық редакторларда фигураларды салуды үйрету. Оқушылардың компьютерлік графикамен жұмыс істеуді үйрету арқылы теориялық білімін, ой - өрісін, шапшаң ойлау қабілетін дамыту
Компьютерлік графика түрлері
Компьютерлік графика түрлері
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Түймекент орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Сагинтаева Лайла Маркашовна
Компьютерлік графика түрлері
Компьютерлік графика түрлері
БҚО, Ақжайық ауданы, Тайпақ мектеп-гимназиясының информатика пәні мұғалімі Умирзаков Еркебулан Саматович
Adobe Photoshop бағдарламасында қабатпен жұмыс
Adobe Photoshop бағдарламасында қабатпен жұмыс
М. Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжі жоғары категориялы информатика пәні оқытушысы Абайдуллаева Роза Папановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×