Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Adobe Photoshop бағдарламасында қабатпен жұмыс

13 наурыз 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Информатика
Сабақтың тақырыбы: Adobe Photoshop бағдарламасында қабатпен жұмыс

Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға компьютерлік графика негізін ұғынып, қажетті бағдарламаларда жұмыс жасауды үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың бүгінгі ақпараттық қоғам жайлы, озық компьютерлік технологияларда пайдаланылатын сапалы, жоғарғы деңгейлі графикалық бағдарламаларды тиімді пайдалана білу мүмкіндігін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды әдептілікке, мақсатшылдыққа, әсемдікке тәрбиелеу. мұқияттылыққа, өз - өзіне сенімді болуға баулу.

Кәсіби мақсат: Оқушыларды компьютерлік жауапкершілікке, кәсіби сауаттылыққа тәрбиелеу. Кәсіби білімін көтеруге бағыттау. Оқушының болашақ мамандығына байланысты түрлі тиімді әдістерді үйрету арқылы әдістемелік бағыт беру.
Міндеті:
1. Күрделі элементтермен берілген тапсырмаларды талдап, қабылдау арқылы өз
ісін орындауға машықтану
2. Өз бетінше еңбек ету сезімін, іскерлігін дағдысын дамыту
3. Шыншылдық, адал өмір сүру, сауатсыздық жас ұрпақ өміріне зиян екенін
түсіндіру
Сабақтың түрі: теориялық
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Қолданылатын технология және әдіс - тәсілдер: Проблемалап оқыту технологиясы,
продуктивті, репродуктивті әдіс,
интерактивті әдіс, жоба беру әдісі.
Көрнекілік: интерактивті тақта, слайдтар.
Құрал - жабдықтар: компьютер, интерактивті тақта, фотоаппарат.
Пәнаралық байланыс: тарих, бейнелеу, геометрия, шетел тілі

Принциптері:
- ғылымилығы
- көрнекілігі
- қарапайымнан күрделіге қарай берілуі.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. “Самоучитель компьютерной графики и звука” А. Левин. “Питер” баспасы. Москва - 2003г.
2. “Компьютерлік графика” Н. Т. Ермеков. “Фолиант” баспасы. Астана - 2007 ж.
3. “Компьютерная графика” Л. А. Залогова. БИНОМ баспасы. Москва – 2006 г.
4. “Компьютерная графика” Э. М. Кравченя, Т. И. Абрагимович. Москва – 2009 г.
5. “Photoshop” М. Гейлер, Ф. Эндрюс. NT Press. Москва - 2009г.
6. “Секреты Photoshop CS”. “Питер” баспасы. Москва - 2005 г.

Сабақ жоспары:
І. Дидактикалық кезең.
Мақсаты: Тақырыппен таныстырып, мақсат - міндетін ашу.
ІІ. Дидактикалық кезең. Білімді актуализациялау
Мақсаты: Өткенді қайталау
ІІІ. Дидактикалық кезең. Жаңа сабақ
Мақсаты: Бүгінгі сабақтың тақырыбын ашу

ІV. Дидактикалық кезең. Рефлекция.

Мақсаты: Бүгінгі тақырыпты әр оқушының қалай түсінгендігін бақылау

V. Дидактикалық кезең. Үй тапсырмасының инструктажы.
Мақсаты: Сабақта өткен материалды пысықтайтындай тапсырма жасап
келу
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды педогогикалық психологиялық тұрғыдан сабаққа дайындау

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
1) Adobe Ptohoshop интерфейсмен таныстыр? (Мәзір қатары, палитралар, параметрлер панелі, құрал саймандар панелі)
2) Қасиеттер панелі олардың атқаратын қызметтері? (Қасиеттер панелі белгіленген құралдардың параметрлерін өзгертугу арналған)
3) Кескін өлшемін қалай орнатуға немесе өзгертуге болады? (Кескін өлшемін Grop арқылы және алғашқы файл құру кезінде беруге болады)
4) Түстік моделдерді ата? (RGB, CMYK, Graycale)
5) Навигатор палитрасының атқаратын қызметтері? (үлкейту, кішірейту)
6) Мөлдірлік (прозрачность) деген не? (Қабат таңдаудары түссіз фон)
7) Белгілеу және қию құралдарын ата? (Лассо, сиқырлы таяқша,)
8) Түс таңдау палитраларын ата?(Color, Swatches, Stiles палитралары)
9) Тарих палитрасының қызметі? (тарих палитрасы атқарлыған іс әрекеттің тізімі, қадамды кейін қайтаруға мүмкіндік береді)
Миға шабуыл, өткен материалдарды пысықтай отырып жаңа сабаққа өту процесін жасау

ІІІ. Жаңа сабақ
1) Ақпаратты беру ( иллюстративті - баяндау әдіс)
Қабат – кескіннің әртүрлі бөліктері орналасқан мөлдір парақтағы
компьютерлік метафора. Қабатта бірнеше объектілерді орналастыруға болады. Қабаттағы кескінді тек PSD форматында ғана сақтауға болады. Қабатты редакторлеуге, мөлдір етуге, жоюға, көшіруге, өшіруге, т. б. болады. Қабатты өзара реттеуге – алдыңғы қатарға немесе соңғы қатарға ауыстыруға болады. Қабатпен жұмыс Photoshop графикалық редакторінде Layer мәзірі және Layer палитрасы арқылы жүзеге асады.
Оқушылар бiлуi керек: негізгі ұғымдар
компьютерлік графиканың түрлері және негiзгi ұғымдары;
•объекттің облыстарың ерекшелеу аспаптары
•тарих палитрасы, артқа адымдау, жою, резеңке, дақпырт палитра редактор аспаптары;
•суреттiң өлшемi және кенептiң өлшемі, кенептiң бұрылысы;
•*psd *. pdd *. gif *. jpg суреттердiң файлдарының қалыптары;
•қабат - қосу/өшіру, белсендi, көшiрмесiн алу, редакциялау; орын ауыстыру, аты;
•масканың быстрой/обычной тәртiбі;
•боз, RGB, CMYK суретпен жұмыс тәртiптерi;
•суреттi өрнектеу.

2) Ақпаратты табу. Жаңа терминдерді оқушылардың қайталауы.
3) Ақпаратты сәйкестендіру.(Тапсырмаларды орындау)
Оқушылар бiлуi керек:
• қажетті файлдарды ашу;
• әр түрлі әдістер арқылы суретінің бөлiгiн ерекшелеу;
• жаңа қабат жасау;
• қабаттағы суретті редакциялау;
• әр түрлі форматта алған суретін сақтау(*. psd *. pdd *. gif *. jpg)

4) Ақпарат қабылдау.
Оқушылардың тапсырманы қаншалықты дұрыс орындағандығын бірін - бірі
бағалау
5) Ақпарат алмасу. Пресс - конференция

5 жақсы жұмыс жасаған оқушыларға өзге оқушылар сұрақ қояды.
IV. Үйге тапсырма беру
Қабат палитрасын пайдалану және Қабат мәзірінің командаларын орындау арқылы алдағы Жеңіс мерекесіне орай “Ер есімі – ел есінде” тақырыбында шығармашылық жұмыс дайындау.
V. Бағалау.
VI. Қорытындылау.
16 081
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қабаттар, мәтінмен жұмыс
Қабаттар, мәтінмен жұмыс
Оқушыларға компьютерлік графика негізі ұғымдары қабаттармен жұмыс жасауды үйрету.
Графикалық редакторлармен жұмыс жасау
Графикалық редакторлармен жұмыс жасау
БҚО, Жаңақала ауданы, Қызылоба ауылы. Информатика пәні мұғалімі Тимур Шарипкалиев
«Adobe Photoshop» бағдарламасы                                         Түзететiн (корректирующи) қабат Gradient Map.
«Adobe Photoshop» бағдарламасы Түзететiн (корректирующи) қабат Gradient Map.
ОҚО, Шымкент қаласы, Б. Өтеп атындағы дарынды балаларға арналған "Өнер" мектеп - интернаты Компьютерлік графика пәнінің мұғалімі Аманкулова Гульнара
Графика әлеміне саяхат (оқу бағдарламасы)
Графика әлеміне саяхат (оқу бағдарламасы)
№5 Михаил Ломносов атындағы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Абдуллаева Феруза Муслимовна
Adobe Photoshope бағдарламасының қолданылуы: тиімділігі мен кері әсері
Adobe Photoshope бағдарламасының қолданылуы: тиімділігі мен кері әсері
Секциясы: Информатика Ғылыми жоба тақырыбы: Adobe Photoshope бағдарламасының қолданылуы: тиімділігі мен кері әсері Ғылыми жұмыс авторы: Мұратов Ринат Жоба жетекшісі: Кунафина Меруерт Нуржановна информатика пәнінің мұғалімі
Математиканы оқыту – кеше, бүгін, ертең. Жетістіктер мен кемшіліктер
Математиканы оқыту – кеше, бүгін, ертең. Жетістіктер мен кемшіліктер
Пәні Математика Сабақтың тақырыбы: Математиканы оқыту – кеше, бүгін, ертең. Жетістіктер мен кемшіліктер. Сабақтың мақсаты: Болашақ жас мамандардың өз ісіне қызығушылығын ояту, ізденіске, зерттеумен айналысуға бағыт - бағдар беру. Қателіктерден бойын
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×