Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Графикалық әдістер мен процедуралар

07 ақпан 2016, Жексенбі
Категориясы: Информатика
Батыс Қазақстан облысы,
Орал қаласы, Сырым ауданы, Бұлан ауылы,
Жалпы білім беретін Бұлан орта мектеп - балабақша кешенінің
информатика пәні мұғалімі Тұрғаналиева Жанаргүл Ганмиржанқызы

Информатика 10 сынып
Сабақтың тақырыбы: Графикалық әдістер мен процедуралар
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: VisualBasic те графикалық файлдарды қолдануға, әдістерді пайдалана білуге, процедураларды жаза үйрету.
Тәрбиелігі: Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
I. Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
IІ. Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі
ІІІ. Сабақтың көрнекілігі: компьютер, АКТ.
IV. Оқыту формалары: жеке
V. Сабақтың барысы:
А) ұйымдастыру кезеңі
Б) сабақ сұрау
В) Бағалау
Г) Жаңа сабақ
Д) Бекіту
Е) Үйге тапсырма
Ж) Қорытынды

І. Ұйымдастыру
ІІ. Өткен сабақты қорытындылау мақсатында сұрақтар қою:
1. Қарапайым программалардың қатесін қалай тексеруге болады?
2. Графикалық әдістің графикалық файлдардан қандай айырмашылығы бар?
3. Қандай графикалық әдістерді білесіңдер?

ІІІ. Жаңа сабақ
Line әдісі нысанға түзу сызықтар және іші боялған немесе боялмаған төртбұрыштар салады.
Line әдісінің жазылуы:
[нысанның аты]. Line (Х1, Ү1)-(Х2, Ү2) [, түсі] [, белгі]

Мұнда бірінші төртбұрыш, екінші іші боялған төртбұрыш салынады. Егер В белгісі қолданса, төртбұрыштың іші боялмаған, қасиетті автоматты түрде FillStyle=1 (transparent) қабылдайды. Егер бұл қасиетті өзгертетін болсақ, онда төртбұрыштың іші боялады, қасиеті
FillStyle=0 [, ][, белгі ], белгі болып түсі болмаса, үтірді алып тастауға болмайды, онда белгі түс ретінде қабылданады. Сызықтың немесе төртбұрыштың контурларының қалыңдығын DrawWidth қасиеті арқылы өзгертуге болады.

Белгі дегеніміз – B немесе BF символдары.
Сircle әдісі нысанға шеңбер, доға, эллипс, сектор салу үшін Сircle әдісін қолданамыз.
Сircle әдісінің жазылуы:
[нысанның аты] Сircle (Х, Ү), радиус [, түсі ] [, 1 – ші бұрыш, 2 – ші бұрыш ]
[, сығу коэффиценті ]]]

Мұнда нысанның аты көрсетілмегендіктен пішінге Сircle әдісін қолданады., мұндағы (Х, Ү)- шеңбердің немесе эллипстің центрлік нүктесі, түсі Long саны бойынша кодталады, егер түс берілмесе ForeColor қасиетімен сәйкестендіріледі, 1 – ші бұрыш, 2 – ші бұрыш дегеніміз – доға мен шеңбердің бастапқы және соңғы бұрыштары, өлшем бірліктері 0 – ден 2 – ге дейінгі интервалда радианмен өлшенеді. Егер бұрыштың мәні 0 – ге тең емес және алодында минус таңбасы тұрса, онда доға емес сектор сызылады. Доға немесе сектор сызғанда қозғалыс сағат тіліне қарсы бағытта жүреді, сонымен бірге шеңбер немесе эллипс сызылғанда бұрыштар мәні жазылмайды.
Сығу коэффиценті дегеніміз – ол таңба.

Егер берілген мән 1 – ден үлкен болса, онда вертикаль бойынша созылған эллипс сызылады, берілген мән 1 – ден кіші болса, горизонталь созылған эллипс сызылады, яғни созу дәрежесі сығу коэффицентімен анықталады. Сығу коэффиценті болмаса, онда шеңбер сызылады.

Түс беру
VisualBasic программасында 8 тұрақты сандар арқылы түс беруге болады.

Толық нұсқасын жүктеу
4 915
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Графиктік функциялар мен процедуралар
Графиктік функциялар мен процедуралар
Паскаль тілінде графикалық объектілерді программалай алу іскерліктерін қалыптастыру
Paint графикалық редакторымен жұмыс істеу
Paint графикалық редакторымен жұмыс істеу
Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторымен жұмыс істеу
Қарапайым графикалық редакторы. Суретті ашу, сақтау. Графикалық редактордың сурет салу кезеңдері
Қарапайым графикалық редакторы. Суретті ашу, сақтау. Графикалық редактордың сурет салу кезеңдері
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №125 С. Сапарбеков атындағы орта мектептің математика - информатика пәні мұғалімі Асанова Мөлдір
Есептегіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік техника ережесін сақтау
Есептегіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік техника ережесін сақтау
Қызылорда облысы, Арал ауданы, №248 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Меңдалиева Райса
Графикалық редактор
Графикалық редактор
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Қарғалы ауылы, №241 Қ. Әбдіқадыров атындағы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Шамшиева Баян Жаханқызы
Компьютерлік графика түрлері
Компьютерлік графика түрлері
БҚО, Ақжайық ауданы, Тайпақ мектеп-гимназиясының информатика пәні мұғалімі Умирзаков Еркебулан Саматович
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×