Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Paint графикалық редакторымен жұмыс істеу

24 қаңтар 2015, Сенбі
Категориясы: Информатика
Информатика 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторымен жұмыс істеу
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: оқушыларды графикалық редактормен жұмыс істеуге, құрал - саймандарын тиімді пайдалануға, үйрету
Дамытушылығы: оқушыларды өз бетінше жұмыс жасауға, пәнге деген қызығушылығын дамыту.
Тәрбиелілігі: шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютерлер

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу 2. Түгелдеу
Үй тапсырмасын сұрау.
Кітап бойынша кесте толтыру. Сәйкестендіру тестін орындау.
Жаңа сабақ.
Рaint графикалық редактор.
Графикалық редактор - графикалық бейне түріндегі суреттерді салуға және оларды өңдеуге арналған арнайы бағыттағы программа. Қазіргі кезде нүктелік (немесе растрлық) және векторлық деп аталатын графикалық редакторлардың екі түрі белгілі. Нүктелік графикалық редакторларда кез - келген сурет пиксельдер деп аталатын нүктелерден тұратын кішкене бейнелер (мозаика) арқылы салынады, ал нүктелердің әрқайсысы түрлі түске бояла алады.
Paint (Paintbrush) - Windows жүйесінің стандартты программалар тобына кіретін қарапайым нүктелік графикалық редактор. Paint өзінің мүмкіндіктері жағынан профессионалды графикалық редакторлардан біршама төмендеу болғанымен ол едәуір күрделі әрі тартымды, түрлі - түсті және ақ - қара суреттерді, схемаларды, сызбаларды (чертеждер) даярлауға мүмкіндік береді. Бұл редакторды игеру онша қиын емес, оның құрамында сурет салу, сызу және оларды өңдеуге арналған стандартты қарапайым аспаптар жиыны бар, дайындалған бейнелер файлдардың кең тараған графикалық форматында сақталады.

Практикалық жұмыс:
1. Paint графикалық редакторын ашу жолдарын түсіну;
2. Құрал - саймандар тақтасымен танысу;
3. Фигураларды сызу, қию жолдарын үйрену.
4. Қалаған тақырыпқа сурет салу. Шығармашылық жұмыс.
5. Суреттерді сақтау, ашу, жаңа бет ашу жолдарын үйрену.

Сабақты бекіту. Жұптық жұмыс. Оқушылар бір - бірін бағалайды.
1. Қандай графикалық редакторларды білесіз?
2. Paint графикалық редакторының мүмкіндіктерін ата
3. Paint графикалық редакторы қалай іске қосылады?
4. Түстер палитрасы не үшін қажет?
5. Саймандар панелінің қызметі?
6. Батырмаларға сәйкес олардың қызметтері қандай?
7. Суреттерді сақтау үшін қандай әрекеттер орындау керек?
8. Сақталған суреттерді ашу үшін қандай әрекеттер тізбегі орындалады?
9. Жаңа бет ашу әрекеттерін ата

Үй тапсырмасы. ДК - мен жұмыс.
Сабақты қорытындылау. Оқушыларды бағалау, жаңа материалды пысықтау.
6 279
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Paint графикалық редакторында практикалық жұмыс
Paint графикалық редакторында практикалық жұмыс
Paint графикалық редакторында практикалық жұмыс жасау
Информатикадан қысқа мерзімді жоспалар
Информатикадан қысқа мерзімді жоспалар
Графикалық редактормен жұмыс істеуге үйрету. Оқушылардың сызықтардың түсін, қалыңдығын өзгертуді үйрену.
Paint графикалық редакторы
Paint графикалық редакторы
Сабақтың мақсаты: Оқушылар графикалық редакторда жұмыс істеуге үйренеді және графикалық ақпаратты жасау туралы түсінік алады. Сабақтың түрі: Практикум элементтері бар сабақ.
Paint графикалық редакторы
Paint графикалық редакторы
Бейнеу ауданы, Күйкен орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Ермекова Айгерім Мұханбетқызы
Қарапайым графикалық редакторы. Суретті ашу, сақтау. Графикалық редактордың сурет салу кезеңдері
Қарапайым графикалық редакторы. Суретті ашу, сақтау. Графикалық редактордың сурет салу кезеңдері
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №125 С. Сапарбеков атындағы орта мектептің математика - информатика пәні мұғалімі Асанова Мөлдір
Графикалық редактор
Графикалық редактор
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Қарғалы ауылы, №241 Қ. Әбдіқадыров атындағы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Шамшиева Баян Жаханқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×