Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Беттердің параметрлері. Жиек. Алдын ала қарау. Құжатты баспадан шығару

11 қараша 2018, Жексенбі
Категориясы: Информатика
Информатика 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Беттердің параметрлері. Жиек. Алдын ала қарау. Құжатты баспадан шығару.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. Оқушыларға құжат беттерін рәсімдеу әрекеттерімен таныстыру. Мәтіннің орнын ауыстыру және көшірмелеу. Мәтіндік құжатты баспаға шығару. Беттерді нөмірлеу. Құжаттарды басу. Кесте құру. Ұяшықтарды қосу, өшіру және біріктіру кестелерді жиектеу туралы білімдерін қалыптастыру;
Дамытушылық. Оқушыларды мәтіндік құжат беттерін белгілеу мен бағдарлауды, бөлуді және бет нөмірлерін қоюды, колонтитулдарды оналастыруды, құжатты баспаға шығаруды үйрету. Мәтіндік құжатпен жұмыс қабілеттерін арттыру. Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік. Оқушыларды өз бетімен жұмыс істей отырып, компьютерлік сауаттылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Жан - жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау, баяндау арқылы түсіндіру.
Сабақтың типі: Практикум элементтері бар түсіндірмелі, жаңа сабақты түсіндіру.
Көрнекілігі: оқулық, жұмыс дәптері, компьютер, мультимедиа, тапсырмалар

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру
IV. Жаңа сабақты бекітуге сұрақтар мен тапсырмалар
V. Үйге тапсырма
VI. Сабақты қорытындылау

ІІ. Үй тапсырмасы: Нөмірленген және маркерлеген тізімдер. Бағандар.
Сұрақтар:
1. Тізімдерді қалай нөмірлейміз?
2. Маркерленген тізімдер дегеніміз қандай тізім?
3. Бағандар дегеніміз не?
4. Бағанның неше түрі бар?
5. Бағанға қалай бөлеміз?
6. Маркер мен нөмірді қалай қоямыз?

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Бетті белгілеу. Құжат мәтіні қағаз бетіне жақсы шығу үшін оның бетінің параметрін, яғни жоғары және төмен, сол және оң жақ өлшемдерін, сонымен қатар беттің жоғары және төменгі колонтитульдарының орналасуын қою керек. Ол үшін Файл→Беттің параметрлері (Файл→Параметры страницы) командасы таңдалынады.

Терезеге қойылатын беттің өрістеріне Өріс (Поля) қосымшасы қолданылады: Жоғары, Төменгі, Сол жақ, Оң жақ (Верхнее, Нижнее, Левое, Правое) өрістері.
Үлгі рамкасында параметрлері таңдалынған беттің сыртқы түрі көрсетілген.
Таңдалынған өрістер дұрыс болса, ОК батырмасы шертіледі.
Құжат бетінің өлшемдерін таңдауға, Қағаз өлшемі (Размер бумаги) қосымшасында Қағаз өлшемі өрісі орналасқан. Егер қажет өлшем тізімде болмаса, онда Ені (Ширина) және Биіктігі (Высота) өрісінда беттің ені мен биіктігінің сәйкес мәндерін енгізуге болады.

Бағдарлау (Ориентация) рамкасында қағаз бетінің кітаптық (вертикаль) немесе альбомдық () горизонталь) түрі таңдалынады.

Беттерді бөлу. Microsoft Word мәтінді беттерге автоматты түрде бөледі. Бірақ кейбір жағдайда құжаттың белгілі бір бөліктерін жаңа беттен басып шығаруға тура келеді. Word теріліп жатқан беттегі жолдың санына қарамастан келесі бетке ауысуға мүмкіндік береді.

Бетке қосымша бөлуді орналастыру үшін курсорды жаңа бет басталатын жерге қойып, Қою (Вставка) менюіндегі Бөлу (Разрыв) командасын шақыру керек. Бөлу (Разрыв) диалогтік терезесінде қосылғышты Жаңа бетке (Новая страница) қойып, ОК - ді шертіңіз. Бетті бөлген түзу, экранда үзік сызықпен көрініп тұрады.

Беттің нөмірлерін қою. Құжаттың беттерін қағазға баспай тұрып, әдетте, оны нөмірлеп алады. Беттің нөмірлерін қою үшін Қою(Вставка) менюіндегі Беттің нөмірлері (Номера страниц) командасын шақыру керек.

Орналасу (Положение) өрісінде беттің нөмірлерінің орналасуын (жоғары немесе төмен) ал Туралау (құжаттың бірінші бетіне, егер ол титул парағы болса, нөмір қойылмайды) өрісінде – бет нөмірлерін бет өрісіне сәйкес (сол, ортаға қарағанда, оң, т. с. с.) таңдаңыз.

Егер жалаушаны Бірінші жолдағы нөмір (Номер на первой страница) өрісінен алып тастасақ, онда бірінші бетке нөмір қойылмайды. Содан кейін ОК батырмасын шертіңіз, сол кезде құжаттың барлық беттері нөмірленеді.
Беттердің параметрлері. Жиек. Алдын ала қарау. Құжатты баспадан шығару жүктеу
2 485
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мәтіннің орнын ауыстыру және көшірмелеу. Мәтіндік құжатты баспаға шығару. Беттерді нөмірлеу. Құжаттарды басу. Кесте құру. Ұяшықтарды қосу, өшіру және біріктіру. Кестелерді жиектеу.
Мәтіннің орнын ауыстыру және көшірмелеу. Мәтіндік құжатты баспаға шығару. Беттерді нөмірлеу. Құжаттарды басу. Кесте құру. Ұяшықтарды қосу, өшіру және біріктіру. Кестелерді жиектеу.
Мәтіннің орнын ауыстыру және көшірмелеу. Мәтіндік құжатты баспаға шығару. Беттерді нөмірлеу. Құжаттарды басу. Кесте құру. Ұяшықтарды қосу, өшіру және біріктіру кестелерді жиектеу туралы білімдерін қалыптастыру;
Қарапайым мәтіндік редакторы. Мәтіннің үзіндісін ерекшелеу. Мәтінді редакциялау
Қарапайым мәтіндік редакторы. Мәтіннің үзіндісін ерекшелеу. Мәтінді редакциялау
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласының "№11 жалпы орта білім беретін мектеп"КММ Информатика мұғалімі Сыдық Жырғау
Мәтіндік редактор. Word Pad мәтіндік редакторында жұмыс жасау
Мәтіндік редактор. Word Pad мәтіндік редакторында жұмыс жасау
Алматы облысы, Райымбек ауданы, «Көмірші орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің физика - информатика пәндері оқытушысы Сайсанбекова Дания Абдикаймовна
Мәтіндік құжатты пішімдеу. Мәтін абзацын пішімдеу
Мәтіндік құжатты пішімдеу. Мәтін абзацын пішімдеу
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Соркөл орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Сүлейменов Нұржан Мақсатұлы
Microsort Word мәтіндік процессоры
Microsort Word мәтіндік процессоры
Атырау облысы, Исатай ауданы, Зинеден селосы, Ю.Гагарин атындағы орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Рахимова Назгүл Қыдырқызы Сыныбы: 8 Сабақтың тақырыбы: Microsoft Word мәтіндік процессоры. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларды MS WORD
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×