Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мәтіннің орнын ауыстыру және көшірмелеу. Мәтіндік құжатты баспаға шығару. Беттерді нөмірлеу. Құжаттарды басу. Кесте құру. Ұяшықтарды қосу, өшіру және біріктіру. Кестелерді жиектеу.

11 қараша 2018, Жексенбі
Категориясы: Информатика
САБАҚ ЖОСПАРЫ
Информатика 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Мәтіннің орнын ауыстыру және көшірмелеу. Мәтіндік құжатты баспаға шығару. Беттерді нөмірлеу. Құжаттарды басу. Кесте құру. Ұяшықтарды қосу, өшіру және біріктіру. Кестелерді жиектеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Мәтіннің орнын ауыстыру және көшірмелеу. Мәтіндік құжатты баспаға шығару. Беттерді нөмірлеу. Құжаттарды басу. Кесте құру. Ұяшықтарды қосу, өшіру және біріктіру кестелерді жиектеу туралы білімдерін қалыптастыру;
Тәрбиелік: Жан - жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау, баяндау арқылы түсіндіру.
Сабаққа қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, практикум, тақта.

Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
(Практикум жұмыстарын талқылау )
Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:
1. Мәтіндік құжатты пішімдеу деп нені түсінесіңдер?
2. Мәтінді белгілеу тәсілдерін атаңдар?
3. Мәтінді пішімдеу режимін атаңдар?
4. Абзацтық шегіністердің қандай түрлерін білесіңдер?
5. Жоларалық интервал түрлерін атаңдар?

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Мәтіннің орнын ауыстыру және көшірмелеу.
Мәтіндік блокты көшіру үшін, ең алдымен оны белгілеңдер, содан кейін пернесін басып тұрып, белгіленген блокты шертіңдер де, оның орнын ауыстырыңдар. Көшіру кезінде ішінде «плюс»
Белгісі бар кішкене тікбұрыш пайда болуы тиіс.
Ақпаратты көшіру және орнын ауыстыру кезінде алмасу буферін пайдалануға болады.
Правка – Копировать командасы арқылы буферге көшіргеннен кейін Правка – Вставить командасы арқылы буферден қою керек.

Мәтіндік құжатты баспаға шығару. Беттерді нөмірлеу.
Үлкен көлемді құжатпен жұмыс жасау барысында құжат беттерін нөмірлеген ыңғайлы. Ол үшін Вставка – Номера страниц командасын таңдау қажет.

Құжаттарды басу
Құжатты баспаға жіберместен бұрын Файл – Предварительный просмотр командасын таңдаймыз. Файл – Печать командасын таңдаймыз.
Принтер бөлімінен қажетті принтерді таңдау қажет.
Копии бөлімінде Число копии өрісінде құжаттың қанша данасы қажет екенін тағайындау қажет.
Страницы бөлімінде құжаттың қай бөлігі баспаға берілетіндігі тағайындалады.

Ұяшықтарды қосу және біріктіру, өшіру.
Ұяшықтарды біріктіру үшін қажетті ұяшықтарды белгілеп, Таблица – Обьединить ячейки командасын таңдау қажет.
Ұяшықтарды бөлу үшін қажетті ұяшықты белгілеп, Таблица – разбить ячейки командасын таңдау қажет.
Ұяшықтарды қосу үшін: Таблица – Вставить ячейки командасын таңңдау қажет.
Қатар және баған қосу үшін Таблица – Вставить командасын таңдау қажет.

IV. Сабақты бекіту.
Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:
1. Беттерді қандай жолдармен нөмірлеуге болады?
2. Құжаттарды басу үшін қандай амалдар орындау қажет?
3. Кесте деген не?
4. Кесте құру жолдарын ата?
5. Ұяшықтарды біріктіру, бөлу, қосу үшін қандай командаларды орындаймыз?
6. Кестені пішімдеудің жолдарын ата.
V. Үйге тапсырма беру.
VI. Оқушыларды бағалау.
1 948
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Беттердің параметрлері. Жиек. Алдын ала қарау. Құжатты баспадан шығару
Беттердің параметрлері. Жиек. Алдын ала қарау. Құжатты баспадан шығару
Құжат беттерін рәсімдеу әрекеттерімен таныстыру. Мәтіннің орнын ауыстыру және көшірмелеу. Мәтіндік құжатты баспаға шығару. Беттерді нөмірлеу. Құжаттарды басу. Кесте құру. Ұяшықтарды қосу, өшіру және біріктіру кестелерді жиектеу туралы білімдерін
Кестелер. Кестелерді құру
Кестелер. Кестелерді құру
Информатика пәні мұғалімі Толебаева Ж.Ж.
Мәтіндік редактор. Word Pad мәтіндік редакторында жұмыс жасау
Мәтіндік редактор. Word Pad мәтіндік редакторында жұмыс жасау
Алматы облысы, Райымбек ауданы, «Көмірші орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің физика - информатика пәндері оқытушысы Сайсанбекова Дания Абдикаймовна
Microsort Word мәтіндік процессоры
Microsort Word мәтіндік процессоры
Атырау облысы, Исатай ауданы, Зинеден селосы, Ю.Гагарин атындағы орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Рахимова Назгүл Қыдырқызы Сыныбы: 8 Сабақтың тақырыбы: Microsoft Word мәтіндік процессоры. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларды MS WORD
WordPad мәтіндік редакторына кіріспе
WordPad мәтіндік редакторына кіріспе
Сабақтың тақырыбы: WordPad мәтіндік редакторына кіріспе Сабақтың мақсаты:  Білімділік: Оқушыларды WordPad мәтіндік редакторымен таныстыру.WordPad мәтіндік редакторының терезесі туралы түсінік беру, мәтінмен жұмысқа дағдыландыру, құжаттарды құруға,
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×