Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ақпараттандыру технологиясы- заман талабы оқу әдістемелік құрал

07 наурыз 2013, Бейсенбі
Категориясы: Информатика
"Ақпараттандыру технологиясы - заман талабы" 9 сыныпқа арналған оқу - әдістемелік құрал

Түсінік хат
Зерттеу пәні: «Ақпараттандыру технологиясы – заман талабы» 9 сыныпқа арналған бағдарлама
Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық коммуникациялық технологиялар педагогтар қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр. Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі – ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениетіне, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігіне байланысты. Осы орайда еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан талпыныстар оқытудың әр түрлі әдіс – тәсілдерін қолдана отырып терең білімді, ізденімпаз, барлық іс – әрекеттерінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіне ерекше мән берілуде. Білім берудегі «АКТ» ұғымы, «оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары», «қазіргі ақпараттық оқыту технологиялары», «компьютерлік оқыту технологиялары» және т. б. тіркестермен тығыз байланысты.

Бұл бағдарлама «Ақпараттандыру технологиясы – заман талабы» тақырыбында 9 сыныпқа жасақталды. Бағдарлама жалпы информатика және осы пәнмен байланысты орта білім берудегі басқа пәндердің де элементтерінен құрылған. Бағдарлама (аптасына 1 сағат) 34 сағатқа топталған. Бағдарламаны құру кезінде «Қазақстан Республикасы Білім беру стандарты» және информатика пәні бойынша нұсқау оқулықтары басшылыққа алынған. Болашақ мамндардың кәсіби білім алуының әр басқышында дүниежүзілік ақпараттандыру жүйесінде мақсатты жұмыс жүргізуі үшін осы бағдарламаны құру қажеттілігі туындап отыр.

Өзектілігі:
Қазақстан Республикасының Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында: 9 сыныпқа арналған оқушыларды «Ақпараттандыру технологиясы – заман талабы". Оқушылар бұл пәнді меңгеру нәтижесінде елімізде адамдар компьютерлік бағдарламаларды жетік меңгеріп, өз бетімен жұмыс істей алуға және жобалар жасап, оларды қорғай білулері қажет.

Бағдарламаның мақсаты:
Оқушыларға дүниежүзілік ақпараттандыру әлемі туралы тұтастай түсінік беру және ақпарат алу жүйесін, өзіндік ақпараттар жасау қабілеттерін ұштау. Ақпараттық технологияның қарқынды дамыған қазіргі кезеңінде жаңадан шыққан барлық техниканы меңгерген, компьютерлік сауатты, өзін - өзі тәрбиелей алатын жеке тұлға даярлау.

Бағдарламаның міндеттері:
Информатика пәнін жүйелеп оқыту әдістерін қарастыру. Оқушылардың ақпарат алу, өңдеу жаңа ақпараттар жасау және сақтау туралы бірізді жүйелі танымын қалыптастыру.

Ғылыми - әдістемелік деңгейі
Оқушылар жаңа курс арқылы ғылым жолына бағытталады, алғашқы ғылыми ой тұжырымдары қалыптастырады. Өсіп келе жатқан жас ұрпақты еңбекке, өмір мен өндіріс саласына даярлауда өзіндік мәнге ие тұлғалар жан – жақты қалыптасады.

Жаңашылдығы
Бүгінгі таңда білім мазмұны терең өзгеру үстінде. Қазақ мектебінде білім берудің әлемдік деңгейіне көтерілуіне көмегін тигізетін бұндай құрылым мен мазмұндағы «Ақпараттандыру технологиясы – заман талабы» оқулыққа қосымша материал ретінде енгізу жаңалығын айқындайды.
Ғылымилығы
Информатика пәні оқулығына қосымша бағдарлама ретінде қолданылады. Оқушылар жаңа пән аясында білімді игеріп, жаңғыртушылық және шығармашылық қабілеттері артады, өзіндік әрекеттері, жоспарлай білуге, тапсырманы өз бетімен орындай білуге, жобаларды жасау және оны қорғай білуге.

Құрылымы мен методологиялық негізіне сипаттама
Бағдарламаның жылдық – күнтізбелік сағаты - 34 сағат

Тәжірбиелік маңыздылығы
Бағдарлама арқылы оқушыларды информатика пәні бойынша жан - жақты дамыған, алған білімін өмірде қолдана білетін жеке тұлға ретінде тәрбиелеу

Күтілетін нәтижелер:
• Ақпараттық қоғам жағдайына бейімделеді;
• Ақпараттық мәдениетке тәрбиеленеді;
• Ақпараттық технологияларды меңгереді;
• Мамандық таңдауға;
• практикалық жұмыстарға бейімделеді;
• Өзін – өзі дамыту қабілеті;
• Бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеу

Қолдануға байланысты ұсыныстар
Бағдарламаны 9 сыныпқа қосымша білім беру курсы ретінде қолдануға болады

Оқушының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
Оқушылар білуі тиіс:
• Интернет желісінің ұйымдастырылу принциптерін;
• Чаттар, форумдар, ICQ қолдана білуді;
• Е – үкіметті пайданала білуді;
• Электрондық поштамен броузер арқылы жұмыс істеуді;
• HTML тілінің негіздерін;
• Web - графика - ны қолдана білуді.

Оқушылар игеруі тиіс:
• Интернет желісіне кіруді;
• Mozila Firefox – WWW - ке арналған броузерді;
• Internet – банкинг;
• Суреттерді орнатуды

Диагностикалау
- Интернетпен танысып, онымен жұмыс істеу – оларды өмірде өз орнымен қолдана білуі туралы нақты білім алу.
- Ғылымды практикамен ұштастыру
- Алынған материалдың іс - жүзінде маңыздылығын түсіну.
- Осы курс бойынша алган білімдерін толық меңгеру, бағалау үшін келесі өлшемдерді қолдану. Тест. Бақылау, анализ. Оқу процесінің іс - әрекеті. Рефераттық жұмыстар. Оқушының өзіндік зерттеуі, ғылыми зерттеу жұмысы, жоба және ғылыми - практикалық конференцияға қатысуы, сараптау жұмыстары.

Бағдарлама мазмұны
(34 сағат, аптасына 1 сағат)
Бағдарламада жалпы «ақпараттандыру технологиясы – заман талабы» қамтылған.
Жаңа білімді түсіндіру көбіне, практикум сабақ, диалог - сабақ, пікірлесу, талқылау, кеңес сабақ түрінде беріледі.
1. Кіріспе. Информатика кабинетіннде техника қауіпсіздігі
2. Интернет желісінің ұйымдастырылу принциптері
3. Интернет ауқымды желісінің сервистері
4. Интернет желісіне қосылу
5. Mozila Firefox WWW - к е арналған броузер
6. Word Wide Web. Іздестіру жүйелері
7. Чаттар, форумдар, ICQ
8. Е – үкімет
9. Internet – банкинг
10. IP – телефония
11. Қашықтан орнату
12. Электрондық поштамен броузер арқылы жұмыс істеу
13. HTML тілінің негіздері
14. HTML тэгтері
15. Тэг атрибуттары
16. HTML элементтері. Гипермәтіндік сілтеме
17. Web – графика
18. Суреттерді орнату
19. Гипермәтін, белгі және гиперсілтеме. Фреймдері құру
20. Форма
21. Метатэгтер
Тәжірибелік практикумдар: 10
Қорытынды сабақтар: 3

Мұғалімге арналған әдебиеттер:
1. Интернетке кіріспе (әдістемелік құрал) Алматы – 2004
2. Информатикадан 30 сабақ. Б. Б. Бөрібаев., Е. Қ. Балапанов, А. Б. Дәулетқұлов Алматы – 2004
3. Интернет желісі және «Информатика» журналдары.
4. Электрондық оқулық
10 347
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ақпараттық - коммуникативтік технологияларды математика пәнін оқытуда қолдану тиімділігі
Ақпараттық - коммуникативтік технологияларды математика пәнін оқытуда қолдану тиімділігі
Ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Олай болса, білім беруді ізгілендіру, ақпараттандыру – бүгінгі заман талабы.
Жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру
Жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру
Шығармашылықпен жұмыс істей отырып, заман талабына сай іскер, жан - жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары дамыған шәкірт тәрбиелеу.
Қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияларды қолдану
Қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияларды қолдану
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім».
Оқушылардың сөздік қорларын дамытып, жүйелі сөйлеуге дағдыландыру
Оқушылардың сөздік қорларын дамытып, жүйелі сөйлеуге дағдыландыру
Екібастуз қаласы, "№11 жалпы орта білім беретін мектеп" ММ - нің бастауыш сынып мұғалімі Смагулова Ботагөз Мейрамовна
Жаңа ақпараттық технологияны пайдалану заман талабы
Жаңа ақпараттық технологияны пайдалану заман талабы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Жалаңтөс баты ауылы, Қ. Пірімов атындағы № 103 орта мектептің бағдарламашысы Култанова Куншара Сериковна
Жаңа ақпараттық технология құралдарын пайдалану
Жаңа ақпараттық технология құралдарын пайдалану
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №3 мектеп - интернат ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Н. Аманова
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×