Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


"Алгоритм" және "Программалар" тапқырлар сайысы

03 наурыз 2012, Сенбі
Категориясы: Информатика
Авторы: Кадырова Светлана Сабитқызы
Мекен жайы: Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Б. Момышұлы ауылы
№1 Г. Орджоникидзе атындағы мектеп - гимназия

«Алгоритм» және «Программалар» атты тапқырлар сайысы.

Тапқырлар сайысына қатысушы оқушылар «Алгоритм» және «Q basic» (басқаша аталуы да мүмкін) деп аталатын екі топқа бөлінеді. Сайысушы топтар үстел үстін өздері дайындаған заттармен безендіріп сахнаның екі шетінде орналасады. Олардың топтарға қойылған тапсырмаларды бірлесіп, ақылдасып шешулеріне мүмкіндіктері бар.

Жарысушы екі жаққа екі-екіден, әділ қазылар алқасына бір компьютер беріледі. Компьютерлер жергілікті желіге өзара біріктірілген. Жарысушы топ мүшелері компьютерлерде тапсырмаларының дұрыс орындалуын тексеруіне, тапсырманың орындалуын тексеруіне, тапсырманың орындалуы жолында ізденуіне болады. Сайыс барысында ЭЕМ-дерде орындалуға тиісті тапсырмаларды топ мүшелері өз компьютерлерінде орындап қазылар алқасына көрсетеді.

1.Сайыстың сынақ есеп бөліміне түсініктеме.
Жүргізуші есепті дауыстап асықпай оқиды.
Оқушыларға тапсырма беріледі.
Есептің шығарылу бағдарламасын ЭЕМ-ге жазып, қазылар алқасына орындап көрсету.

2.Тапқырларға арналған жұмбақ бөліміне түсініктеме.
Жарысушы жақтар бір-біріне информатикаға байланысты жұмбақтар дайындап әкеліп тапсырады.
3.Топ басшылары сайысына түсініктеме.
Буклетті қорғау.

4.Топ мүшелері сайысының сұрақтарына жауап беру.
Топ мүшелері сайысына түсініктеме. Жоғарыдағы көрсетілген тізім бойынша әр тақырыптың есептері жеке-жеке жазылып алдын-ала дайындалып конверттерге салынған. Сайысушы топ мүшелерінің алғашқысы тапсырма - есебін ЭЕМ-де орындап болғаннан кейін ғана, кезектерге оқушының қазылар алқасынан келесі есепті алуына рұқсат беріледі.

1-жүргізуші: Ал енді сөз кезегін «Алгоритм» мен «Q basic» тобы сіздерге береміз. Өздеріңізді сәлемдесулеріңіз бен таныстыруларыңызды айтып жарысып көріңіздер.

2-жүргізуші: «Q basic» тобының сәлемдесуі
1-жүргізуші: «Алгоритм» тобының сәлемдесуі
(Уақыт 5 минут)

2-жүргізуші:
Әкесі де ұлдарының білімдісін қорғайды
Жо-жоқ оның бөлгені емес...
Бар болғаны білім қусаң қуанды, қолдайды.
Ендігі сайысымыз «Сынақтық есеп»- деп аталады.
Оқушыларға тапсырма:
Жарысушы топ есептің шығарылуы бағдармаласын ЭЕМ-де жазып,түсіндіріп орындап көрсетеді. Есепті дұрыс орындағандарға 12 балл, бірінші орындап болған командаға 3 балл қосылады.
(Уақыт 20 минут)

1-есеп: Тіктөртбұрыштың ауданы және периметрін есептеу бағдарламасын құрыңдар.
10 REM ЕСЕП 3-1 Тік төртбұрыш
20 INPUT « а, в ұзындықтарын енгіз» ; А, В
30 IFA<=0 OR B<=THEN 20
40 S=A*B/P=2*(A+B)
50 PRINT «Ауданы»; S «Периметрі»=Р
60 END

2- есеп: ах2+bx+c=0 квадрат теңдеуін шешу бағдарламасын құрыңдар.
10 REM «Квадрат теңдеу»
20 INPUT «А, В, С мәндерін енгіз»; А, В, С
30 D=B2-4*A*C: PRINT “D=”; D
40 IF D=360 OR G<=-360 THEN G=GMOD 360
40 PRINT G
50 R=G*3.1415/180
60 N=SIN (R)
70 PRINT“Бұрыштың синусі =”; N
80 END

4- есеп: 1-ден 10 –ға дейінгі сандардың көбейтіндісін (факториал) есептеңдер.
10 REM
20 F=1
30 FOR I=1 TO 10
40 F=F*1
50 NEXT I
60 PRINT “F=”;F
70 END

5- есеп: У-ті есептеп шығаратын программа құрастыр?
X2, болғанда х<2
Y=
2x-5, болғанда 100=2

6-есеп: У-ті есептеп шығаратын программа құрастыр?
X2, болғанда х<2
Y=
2x-5, болғанда 100=2

2-жүргізуші: Ал қазіргі сайысымыз үй тапсырмасы. «Тапқырларға арналған жұмбақтар». Екі команда да бір-біріне кезегімен дайындалған жұмбақтарын оқуға рұқсат.
Алгоритм тобы бастайды.
Келесі кезек «Q basic» тобы тобыныкі.
(Уақыт 5 минут)

1-жүргізуші: Келесі сайысымыз топ мүшелері сайысы.
Бұл сайыста әр топ мүшелері үйден дайындап келген буклеттерін қорғау керек.
«Q basic» тобы бастайды.
(Уақыт 5 минут)

2-жүргізуші: Келесі сайысымыз сұрақтарға жауап беру. Әр топқа кеспелер таратылады.
Оқушылар тез арада жауап беру керек. (Уақыт 10 минут)

1. Алгоритм дегеніміз не?
2. Алгоритм орындаушысы дегеніміз не?
3. Алгоритм талаптарына анықтама бер?
4. Алгоритм командасы дегеніміз не?
5. Алгоритмді графика түрінде қалай көрсетуге болады?
6. Алгоритм тілі дегеніміз не?
7. Алгоритмнің жалпы көрінісін көрсет?
8. Қандай алгоритмдер сызықты деп аталады?
9. Қызмет етуші алг, нач, кон сөздерінің ролі қандай?
10. Q basic тілінің алфавитін не құрайды?
11. Q basic тілінің операторлары дегеніміз не? Print
12. Q basic жүйесінде файлдармен қандай операциялар атқаруға болады?
13. Программаны орындауға қалай қосу керек?
14. Дискідегі программаны қалай сақтауға болады?
15. Тармақталған алгоритм дегеніміз?
16. Операторлар IF,THEN,ELSE, END нені білдіреді?
17. Тармақталған алгоритмнің блок-схемасын көрсет?
18. Сызықты алгоритмге бір есеп шығар?
19. Циклдік алгоритм дегеніміз не?
20. Циклдің шартты операторлары қандай?
21. Параметрлі қайталау командасы қалай жазылады?
22. FOR, Next, Step операторларының қызметі қандай?

Топ мүшелерінің сайыс қорытындысын әділ-қазыларға сөз берейік.
Жеңіп шыққан топқа сыйлық тапсырылады.
4 661
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Алгоритм түрлері
Алгоритм түрлері
Алгоритм – қажетті нәтижеге жеткенге дейін орындалуы тиіс әрекеттер тізбегі.
Информатика әлеміне саяхат
Информатика әлеміне саяхат
Жамбыл облысы, Меркі ауданы. Информатика пәні мұғалімі: Дамира Алимкулова
«Көңілді тапқырлар» математикалық сайысы
«Көңілді тапқырлар» математикалық сайысы
«Көңілді тапқырлар» математикалық сайысы. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру. Дамытушылық: Ұйымдастырушылық қабілетін дамыту. Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа,
Алгоритм типтері (сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер)
Алгоритм типтері (сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер)
Жуалы ауданы, Ертай ауылы, №18 М.Ғабдуллин атындағы орта мектебінің информатика мұғалімі Қиясова Гүлнұр Жаңбырбайқызы
Сызықтық алгоритмдерді программалау
Сызықтық алгоритмдерді программалау
Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Подстепный ауылы, Подстепный қазақ ЖОББМ мұғалімі Айткалиева Баян Сабырғалиқызы
9 мамыр
9 мамыр
Жамбыл обылысы, Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылы Г. Орджоникидзе атындағы мектеп- гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кемпрекова Жанар Жансериковна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×