Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Алгоритм типтері (сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер)

03 қаңтар 2015, Сенбі
Категориясы: Информатика
Тақырып: Алгоритм типтері (сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер)
Мақсат: Алгоритм типтері (сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер) тақырыбын түсіндіре отырып, оқушыларды күнделікті өмірдегі әрбір іс - әрекеттерінің алгоритімін құра білуге үйрету.
Білімділік – оқушыларға алгоритмнің типтері туралы жалпы мағлұмат беру.
Дамытушылық – Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік – оқушыларды тәртіптілікке, сабырлылыққа, еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ типі: жаңа тақырыпты түсіндіру.
Құрал - жабдықтар: ДК, оқулықтар, дәптерлер, презентация, таратпа карточкалар.

Сабақ барысы
Мұғалімнің іс - әрекеттері
Амандасу. Оқушыларды түгендеу. Сабаққа дайындықтарын тексеру. Зейіндерін сабаққа аудару. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Кубизм әдісі бойынша
Сұрақ - жауап.
1. Алгоритм дегеніміз не?
2. Алгоритм тіл дегеніміз не?
3. Программа дегеніміз не?
4. Алгоритм орындаушысы дегеніміз не?
5. Алгоритм тілі дегеніміз не?
Лездік тест 7 - 8 сұрақ Жауаптар:
1. Алгоритм дегеніміз – информатиканың іргелі түсініктерінің бірі.
2. Алгоритмдік тіл дегеніміз - алгоритмдерді біріңғай, анық жазуға және оларды орындауға арналған белгілеулер мен ережелер жүйесі.
3. Программа дегеніміз - қандай да бір программалау тілінде жазылған алгоритм компьютерге қажетті командалардың жиынтығы.
4. Алгоритм орындаушысы дегеніміз - құрастырылған алгоритммен басқаруға тиісті объект немесе субъект.
5. Алгоритм тілі – бұл
алгоритмдер мен оларды орындаудың біртекті және дәл жазбаларына арналған белгілер мен ережелер жүйесі.
Алгоритм құрылымына қарай оны келесі типтерге бөлуге болады:

Сызықтық алгоритмдер. Сызықтық алгоритм қарапайым командалар тізбегінен тұрады. Әрекеттердің тізбектей орындалуын сипаттайтын алгоритм – сызықтық алгоритм деп аталады.

Тармақталу алгоритмі. Күнделікті өмірде алгоритмдер негізінен тармақтарға бөлінеді. Бұл тармақтардың орындалуы шарттың орындалуына байланысты болады. Тармақталу алгоритмінде біріншіден, арифметикалық теңсіздік түрінде берілген
логикалық шарт тексеріледі. Егер шарт орындалса, алгоритм бір тармақ бойынша (1 - ші серия), ал егер орындалмаса, екінші тармақ бойынша (2 - ші серия) орындалады.

Циклдік алгоритмдер. Көптеген алгоритмдерде белгілі бір әрекеттер бірнеше рет орындалады. Математикада, есеп шығару барысында айнымалы мәні өзгеруіне байланысты бір теңдеудің көмегімен бірнеше рет есептеледі. Алгоритмнің белгілі бір бөлігі бірнеше қайталанатын болса, ондай процессті цикл деп атайды. Қайталанатын бөлігі бар алгоритмдер циклдік алгоритм деп аталады. Циклдік алгоритмдер қолдану арқылы программаны қысқа да нұсқа жазуға болады. Қайталану бөлігіне қайталану (циклдік) командалары қолданады. Қайталану саны белгілі немесе белгісіздігіне байланысты циклдер екі түрге бөлінеді. Қайталану саны белгілі болса, ондай цикл арифметикалық, ал егер белгісіз болса, итерациялық деп аталады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
9 324
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Өздік жұмысы /Алгоритм типтері/
Өздік жұмысы /Алгоритм типтері/
Алгоритмнің командалары және оның құрылымын түсіндіре отырып, алгоритм құру кезеңдерімен таныстыру, практика жүзінде қолдануға үйрету
Алгоритм типтері
Алгоритм типтері
Алгоритм типтері (сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер) тақырыбын түсіндіре отырып, оқушыларды күнделікті өмірдегі әрбір іс - әрекеттерінің алгоритімін құра білуге үйрету. Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін,
Алгоритм типтері (сызықтық, тармақталған, циклдік)
Алгоритм типтері (сызықтық, тармақталған, циклдік)
Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
Циклдік алгоритм
Циклдік алгоритм
Балқаш қаласы. информатика пәні мұғалімі Тогжанка Дауреновна
Қорытынды сабақ алгоритм бойынша (сызықтық, тармақталу, циклдік алгоритм)
Қорытынды сабақ алгоритм бойынша (сызықтық, тармақталу, циклдік алгоритм)
«Зеленов аудандық білім беру бөлімнің Махамбет жалпы орта білім беретін мектебі» Информатика пәні мұғалімі: Н. Алишева
Алгоритм типтері (сызықты, тармақталу және циклдік алгоритмдер)
Алгоритм типтері (сызықты, тармақталу және циклдік алгоритмдер)
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Аққұм бекеті, Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Садыбаева Назкен Жақсылыққызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×