Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Paint графикалық редакторының командалары

29 наурыз 2013, Жұма
Категориясы: Информатика
Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторының командалары
Сабақтың мақсаты:
а/ Білімділігі Paint графикалық редакторының командалары туралы түсінік беру.
ә/ Дамытушылығы Компьютерде сурет салу дағдыларын, оқушылардың ой өрісін дамыту
б/ тәрбиелігі Ақпараттық мәдениетке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.[/i]
Сабақтың өтілу типі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдісі: СТО, жобалау технологиясы элементтерін пайдалану
Сабақтың көрнекілігі: Көрнекі слайдтар, кеспелер
Сабақтың жабдығы: дербес компьютер, грапопроектор
Пәнаралық байланыс: сызу, сурет, тарих, әдебиет.
Сабақтың өтілу барысы:
І кезең Қызығушылығын ояту.
І. Ұйымдастыру кезеңі оқушылардың назарын сабаққа аудару
Психологиялық дайындық
Мен..
Сабақ басында Сабақ ортасында Сабақ аяғында

қандай көңіл күйде боламын?
ІІ. Үй тапсырмасы:


• Графикалық редактор не үшін қажет?
• Paint графиктік редакторын қалай іске қосамыз?
• Paint графиктік редакторының терезесінің негізгі элементтерін ата?
• Сурет салу қандай кезеңдерден тұрады?
• Сурет салу түсін қалай таңдауға болады?
• Фон түсін қалай өзгертеміз?
• Құю құралын қолданғанда қай кезде бояу бүкіл экранға төгіледі?

ІІ кезең Мағынаны тану.

ІІІ. Жаңа материалды меңгерту
Бүгінгі сабағымызда Paint графикалық редакторының командаларын қарастырамыз.
Редакциялау дегеніміз - Суретті өңдеу және толықтыру.
Түзету (Правка) – Болдырмау (Отменить
Түзету (Правка) – қайталау (Повторить)
• Болдырмау командасы қай кезде қолданылады:
• Егер жұмысың ойдағыдай болмаса, суреттің басқа бөлігін бүлдіріп алмай соңғы әрекеттерді алып тастауға болады;
• Егер құю құралымен суреттің белгілі бір бөлігін бояғанда, түгел суретке бояу құйылып кетсе;
• Егер Өшіргішпен суретті кетіріп, артынан ойланып қалсаң.
• PAINT бағдарламасында соңғы 3 әрекетті ғана алып тастауға болады.
• Бұл командаларды пернетақтаның көмегімен де орындауға болады.
• Ctrl+Z – Болдырмау (Отменить)
• Ctrl+Y – Қайталау (Повторить)
Суреттерді сақтау:
Суретті келешекте тағы да қолдану үшін сақтаймыз. Раіnt графиктік редакторында файлдың кеңейтілуі. bmp түрінде болады.
Сақтау әрекеттері былай орындалады: Файл - Сохранить как (Файл - Сохранить).
Сақталған суретті ашу: Файл - Открыть командасын орындаймыз, экранда ашылған
терезеден қажетті файлды таңдаймыз.
Суретке мәтіндер енгізу:
• Надпись (Жазу)
құралының батырмасын шертеміз
• Мәтін енгізетін аймақты таңдаймыз
• Мәтінді енгіземіз
• Егер Шрифты (Қаріп) құрал - саймандар тақтасы жоқ болса, оны Вид - Панель атрибутов текста командасы арқылы қосамыз

ІІІ кезең Ой толғаныс
ІҮ. Практикалық жұмыс
А) Кітаптың123 - 125 беттеріндегі «өзің орында!» тапсырмасын орында
Ә) Тақырыптарына сурет салу және әңгіме құрау
1. Туған жер
2. Қыс
Ү. Шығармашылық тапсырма.
Қазақ суретшілері туралы рефераттар дайындап келу
• Әбілхан Қастеев
• Әбілхан Қастеев
• Гүлфайрус Мәнсүрқызы Ысмайлова
• Тілек Халин
• Серік Мәтениязов

ҮІ Венн диаграммасын құрау
Paint графикалық редакторымен салынған және сурет салу дәптеріндегі сурет

ҮІІ. Қортындылау.
1. Орындатпау командасы қай кезде орындалады?
2. Жазуды енгізу қалай орындалады?
3. Суреттерді қалай сақтаймыз?
ҮІІІ Үйге тапсырма: п 4. 3 тақырып
Сыныптың немесе өзіңнің пәтеріңнің планын сал. Кейбір элементтерін атап жаз (стол, шкаф және т. б)
ІХ. Рефлексия:
Сұрақтары:
• Сабақта не есіңде қалды?
• Бүгінгі сабақ саған ұнады ма?
• Бүгінгі сабақта не үйрене алдың?
• Тапсырманы орындауда қандай қиындықтар болды?
• Қиындықты қалай жеңдің?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 396
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Paint графикалық редакторында практикалық жұмыс
Paint графикалық редакторында практикалық жұмыс
Paint графикалық редакторында практикалық жұмыс жасау
Paint графикалық редакторымен жұмыс істеу
Paint графикалық редакторымен жұмыс істеу
Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторымен жұмыс істеу
Paint графикалық редакторының сурет салу құралдары
Paint графикалық редакторының сурет салу құралдары
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Жасқайрат ауылы, Ш. Т. Еркінов атындағы орта мектептің информатика пән мұғалімі Тапаева Бақтыханым Төлеубайқызы
Paint графикалық редакторы
Paint графикалық редакторы
Бейнеу ауданы, Күйкен орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Ермекова Айгерім Мұханбетқызы
Paint графикалық редакторының құралдары
Paint графикалық редакторының құралдары
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Құттықожа ауылы, № 164 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Ашимбекова Нургуль Кайыпбековна
Paint графикалық редакторында, үзінділермен орындалатын әрекеттер бойынша суреттер салу
Paint графикалық редакторында, үзінділермен орындалатын әрекеттер бойынша суреттер салу
Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Қызылту ауылы, Кішкенетау орта мектебінің физика және информатика пәнінің мұғалімі Шакенов Тұрсынбек Құдышұлы Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторында, үзінділермен орындалатын әрекеттер бойынша суреттер
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×