Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


WORD –тың графикалық мүмкіндіктері. Мәтіндік құжатқа графикалық бейне кірістіру

20 сәуір 2013, Сенбі
Категориясы: Информатика
Сабақтың тақырыбы: WORD – тың графикалық мүмкіндіктері. Мәтіндік құжатқа графикалық бейне кірістіру.
Сабақтың мақсаты
Білімділік: Оқушыларға мәтіндік құжатқа графикалық кескіндерді және фигуралық мәтінді кірістіруді үйрету.
Тәрбиелілік: жеке жұмыс жасауға, жауапкершілікті сезіне білуге, нәтижеге жетуге ұмтылуға, өзінше ізденімпаздыққа, еңбек етуге және жергілікті ерекшеліктерді, ұлттық ерекшеліктерді, информатика ғылымында болып жатқан әлем деңгейіндегі жетістіктерді ескеретін, оларды күнделікті өмірде қолдануға бағытталған тапсырмалар беру арқылы тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, әр оқушының үш деңгейлік тапсырмаларды біртіндеп орындауына жағдай жасау арқылы оның қабілетіне сәйкес жеке құзырлылығын дамыту.
Сабақтың түрі: Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау, баяндау арқылы түсіндіру.
Қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, электрондық оқулық, практикум, тақта.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
2. Үй тапсырмасын тексеру
3. Жаңа сабақ.
4. Білімділік сатысы.
5. Түсіну сатысы
6. Қолдану сатысы
7. Жинақтау сатысы
8. Бағалау.
9. Үйге тапсырма

Үй тапсырмасын тексеру

Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:
1. Кесте дегеніміз не?
2. MS Word – та кесте құру жолдарын ата?
3. MS Word – та кестеге жолдар/бағандар қосу үшін қандай әрекеттер орындаймыз?
4. MS Word – та кестелерді жиектеу үшін қандай әрекеттер орындаймыз?
5. MS Word – та кестедегі ұяшықтарды жою үшін қандай әрекеттер орындаймыз?
6. MS Word – та кестедегі жолдар/бағандарды жою үшін қандай әрекеттер орындаймыз?
7. Ұяшықтарды біріктіру, бөлу үшін қандай командаларды орындаймыз?
Ой қозғау

Қорытындылау.
Осы жерде бізге түсініксіз болып тұрғаны – сурет пен фигуралар. Ендеше бүгінгі сабақта сол сурет пен фигураларды қалай қоятынымыз туралы айтатын боламыз.

Жаңа сабақ
Назар аударатынымыз
1. Мәтінге сурет қою;
2. Дайын сурет қорынан сурет кірістіру жолдары;
3. Фигуралық мәтін кірістіру;
4. WORDART аспаптар панелі.
5. Құжатқа Автофигураларды үстемелеу;
6. Сурет салу тақтасы.

Білімділік сатысы.
Жаңа түсініктер мен іс - әрекеттер тәсілін қалыптастыру
а) Жаңа ұғымдар: мәтінге сурет, мәтіндік фигура енгізу
ә) Жаңа ұғымның негізін қалыптастыру
Енді біз бүгінгі сабақта мәтіндік құжатқа графикалық мүмкіндіктерін енгізу жолдарын қарастырамыз.. Мәтіндік құжатта тек мәтін енгізіп қана емес оған әртүрлі суреттерді кірістіріп те, безендіру үшін фигуралық мәтін енгізіп те жұмыс жасауға болады.
Графикалық кескіндерді немесе суреттерді дайын суреттер кітапханасынан қоюға немесе өздерің білетін графиктік редакторларда дайындап алып, оны мәтіндік құжаттарыңа кірістіруге де болады.
Дайын сурет қорынан сурет кірістіру жолдары:
1. Мәтіннің сурет кірістіретін жеріне курсорды орналастырасыңдар.
2. Вставка - Рисунок - Картинки командасын орындайсыңдар.

3. Коллекция картинок командасын орындайсыңдар.
4. Избранное терезесі ашылады.
5. Терезенің сол жақ бөлігінен Коллекции Microsoft OFFICE бетін ашасыңдар.
6. Суреттері бар бөлімдердің ішінен қажетті бөлімді таңдап, оң жақ бөліктен қажетті суреттің жанындағы стрелка батырманың үстінде маус батырмасын шертесіңдер.
7. Шыққан динамикалық менюден Копировать батырмасын шертесіңдер.
8. Терезені жауып, сурет енгізетін жерге курсорды қойып, Правка - Вставить командасын орындайсыңдар.
9. Сонда сурет мәтінге кірістіріледі.
10. Суреттің өлшемі ұнамаса оны кішірейтуге немесе үлкейтуге болады. Ол үшін суреттің үстінде маустың сол жақ батырмасын бір рет шертіңдер. Суреттің жақтауларында сегіз төртбұрыш пайда болады. Сол төртбұрыштардың үстіне маус нұсқағышын апарсаңдар екі жаққа бағытталған стрелка пайда болады. Сол стрелка бағытымен суреттің өлшемін маустың сол жақ батырмасын басулы күйде ұстап созып өзгертуге болады.
11. Суреттің өлшемін өзгерткен соң оның үстінде маустың сол жақ батырмасын шертіп, Формат рисунка командасын орындаңдар. Формат рисунка терезесінде Положение қосымшасында шертіңдер де, Поверх текста опциясының жалаушасын алып тастаңдар. ОК - ді басыңдар. Енді суреттеріңді қалаған жерлеріңе апарып қоюға болады.
12. Кірістірген сурет мәтіннің оң жақ немесе сол жақ шетінде орналасуы үшін, Обтекание қосымшасын таңдау керек. Одан кейін қажетті жағдайды таңдап ОК - ді басу керек.
Фигуралық мәтін кірістіру.

Егер мәтіннің тақырыбын немесе мәтін ішінде кездесетін ерекше сөздерді әдемілеп жазу керек болса, онда фигуралық мәтін енгізуге болады.
Ол үшін:
1. Меңзерді фигуралық мәтін орналасатын жерге қойып, Вставка - Рисунок - Обьект WORDART командасын орындау керек.
2. Коллекция WORDART терезесінде ұнаған қаріп стилін шертіп, ОК - ді басыңдар.
3. Изменение текста WORDART терезесі пайда болады. Ондағы Текст надписи өрісіне өздеріңнің мәтіндеріңді енгізіңдер де, ОК - ді басыңдар.
4. Мауспен фигуралық жазбаны орнатыңдар.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 646
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Cуреттермен жұмыс істеу
Cуреттермен жұмыс істеу
Оқушыларға Word - тың графикалық мүмкіндіктерін көрсету. Оларды мәтіндік құжатқа графикалық бейне кірістіруді үйрету, басқа программалардан, сканерден, файлдардан сурет алып мәтінге кірістіру жолдарын түсіндіру, құжат бөліктерін көшіру мен жылжытуға
Cуреттермен жұмыс істеу
Cуреттермен жұмыс істеу
Word - тың графикалық мүмкіндіктерін көрсету. Оларды мәтіндік құжатқа графикалық бейне кірістіруді үйрету, басқа программалардан, сканерден, файлдардан сурет алып мәтінге кірістіру жолдарын түсіндіру, құжат бөліктерін көшіру мен жылжытуға үйрету.
Word мәтіндік редакторы
Word мәтіндік редакторы
Атырау қаласы, Д. Байбосынов атындағы №13 ұлттық мектеп - гимназиясының информатика пәнінің мұғалімі Жагипарова Данагуль Жаксиликовна
Word-тың графикалық мүмкіндіктері
Word-тың графикалық мүмкіндіктері
Атырау облысы, Құлсары қаласы, №18 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Бозшиева А. К
Word - тың графикалық мүмкіндіктерін көрсету
Word - тың графикалық мүмкіндіктерін көрсету
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, информатика пәні мұғалімі Жетпісәлиев Жасұлан Серікұлы
WORD-тың графикалық мүмкіндіктері
WORD-тың графикалық мүмкіндіктері
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №3 мектеп – интернатының информатика пәні мұғалімі Пернебекова Гульнара Абилдаханқызы Сыныбы: 8 Сабақтың тақырыбы: WORD-тың графикалық мүмкіндіктері
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×