Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


WORD-тың графикалық мүмкіндіктері

06 желтоқсан 2012, Бейсенбі
Категориясы: Информатика
Қызылорда облысы,
Жаңақорған ауданы, №3 мектеп – интернатының
информатика пәні мұғалімі Пернебекова Гульнара Абилдаханқызы.

Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: WORD-тың графикалық мүмкіндіктері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Word-тың графикалық мүмкіндіктерін көрсету. Оларға мәтіндік құжатқа графикалық бейне кірістіруді үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген
қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Уақытты тиімді пайдалануға, жүйелі ойлауға, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі: білімді, іскерлікті, дағдыны қалыптастыру сабағы
Пәнаралық байланыс: сурет, ағылшын, орыс, қазақ тілдері
Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, слайд, электронды оқулық-8, SIN бағдарламасы, анимация, оқулық, электронды және деңгейлік тапсырмалар

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі. /2-мин/
а/ ұжымдық әрекет;
ә/ санитарлық-гигиеналық әрекет;
б/ ҚТЕ сақтау әрекеті;
в/ «Үйреншікті әдет» жұмыс дәптерінің толтырылуын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. /10-мин/
Үйге берілген тапсырманы деңгейлеп, жан-жақты тексеру.
1-деңгей тапсырмасы сұрақ түрінде беріледі, ал 2-деңгей тапсырмасы компьютерде орындалатын практикалық жұмыс ретінде беріледі.
Оқушылар 2 деңгейлік тапсырманы компьютерде орындап, көрсету қажет.
1-деңгейлік тапсырмаға 1 бағадан, ал 2-деңгейлік тапсырмаға 2 бағадан қойылады.

1. белгішесі қандай қызмет атқарады?
2. Ұяшық деген не?
3. Кестені даярлау үшін. . .
4. Мәтінді көшірмелеу?
5. Таb пернесінің қызметі?
6. Мәтінді қиып алу?
7. Кесте деген не?
8. белгішесі қандай қызмет атқарады?
9. Мәтіннің орнын ауыстыру?
10. Тіктөртбұрышты кесте?
11. Ұяшықтарды біріктіру үшін. .
12. Кестені жою?
13. Мәтінге кесте кірістіру?
14. Кестеге шекара қою?
15. Сызықтық кесте?
16. белгішесі қандай қызмет атқарады?
17. Ұяшықтар?
18. Кестедегі жолдарды жою?

ІІІ. Жаңа тақырыпқа кіріспе. /3-мин/
1. Мәтіндік процессор? – WORD
2. Септік жалғауы? – тың
3. Ағылшынша ‘’grapho’’ сөзінің қазақша, орысша аудармасы қандай? – графика
4. Сын есім тудыратын жұрнақ? – лық
5. “Возможности”- сөзінің қазақша аудармасы қандай? – мүмкіндіктері
Осы сөздерден «WORD-тың графикалық мүмкіндіктері» деген сөйлем бүгінгі біздің өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы ашылады.

VІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру. /14-мин/
Word-тың графикалық мүмкіндіктері:
1. Графикалық редактордан кірістіру. Оқушыларға өз сөзіммен түсіндіремін.
2. Сурет салу панелін қолданып, графикалық бейне жасау. SIN бағдарламасында анимация түрінде түсіндіру. “Суретті кірістіру”
3. Дайын суреттер кітапханасынан алынған суреттерді кірістіру. 8-сыныпқа арналған ЭО-пен түсіндіру.
4. Фигуралық мәтін кірістіру. SIN бағдарламасында анимация түрінде түсіндіру. “WordArt нысанын кірістіру” (дәптерге түсіру)

Графикалықредактордан кірістіру
1. Графикалық редакторында сурет салу
2. Суретті ерекшелеп алып, алмасу буферіне енгізу
3. Суретті алмасу буферінен алып, құжатқа кірістіру.
4. Мәтіндік құжатты ашу және меңзерді сурет кірістірілетін жерге апару.

«Сурет салу» (Рисование) панелін қолданып графикалық бейне жасау
1. Аспаптар панелінен Автофигуралар командасынан қажетті фигураны таңдау.
2. Суретті ерекшелеп алып, сызықтың түсін, типін өз қалауыңша ауыстырасың.
3. Суретті белгілеп алып, құю командасын орындай отырып бояйсың.
4. Салынған сурет еркін бағытта жылжу үшін оны белгілеп алып, аспаптар панелінен Обтекание қосымшасынан вокруг рамки және т. б. таңдап, ОК шерту.

Дайын суреттер кітапханасынан алынған суреттерді кірістіру
1. Сурет қойылатын жерге курсорды орналастыру қажет
2. Қою – Сурет – Картина (Вставка-Рисунок-Картина) командасын таңдау керек.
3. Пайда болған терезеде Word-тың деңгейіне байланысты әр түрлі суреттердің тізімі ұсынылады.
4. Суреті бар файлдардың атын таңдап, ОК батырмасын шерту керек.
5. Таңдалынған сурет құжатқа орналастырылады.

Фигуралық мәтін кірістіру
1. Курсорды мәтіннің басына орнатыңдар.
2. Вставка – Рисунок – Объект WordArt командасын орындаңдар.
3. Коллекция WordArt диалогтық терезесінде ұнаған қаріп стилін таңдап, ОК шерту.
4. Изменение текста WordArt диалогтық терезесі пайда болады ондағы “Текст надписи” өрісіне өздеріңнің мәтіндеріңді енгізіп, ОК шерту.
5. Тышқанмен фигуралық жазбаны орнатыңдар.

V. Сабақты бекіту. /7-мин/
Кім білімпаз? (І деңгей)
1. 8 - сыныпқа арналған ЭО-ғы “Графикалық мүмкіндіктер” тақырыбындағы 1-2 тапсырмаларды орындау.
2. Оқулықтағы 90-91 беттердегі сұрақтарға жауап беру.

VІ. Қорытындылау. /5-мин/
Кім тапқыр? (ІІ деңгей)
1. Дайын суреттер кітапханасынан алынған суреттерді кірістіру
2. Фигуралық мәтін кірістіру.
Кім жылдам? (ІІІ деңгей)
1. Графикалық редактордан сурет кірістіру.
2. Сурет салу панелін қолданып, графикалық бейне жасау.

VІІ. Бағалау. /2-мин/
VІІІ. Үйге тапсырма
1. §7. 8. Суреттермен жұмыс істеу. Оқулықтан 90-91 беттер. Теория бойынша сұраймын.
2. Үйде өзіміз А4 парағына қалаған суретімізді салып келіп, компьютерге түсіреміз. Практикалық түрде орындау.
3. Өте әдемі шыққан суретті баспа бетіне жібереміз.
5 513
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Cуреттермен жұмыс істеу
Cуреттермен жұмыс істеу
Оқушыларға Word - тың графикалық мүмкіндіктерін көрсету. Оларды мәтіндік құжатқа графикалық бейне кірістіруді үйрету, басқа программалардан, сканерден, файлдардан сурет алып мәтінге кірістіру жолдарын түсіндіру, құжат бөліктерін көшіру мен жылжытуға
Cуреттермен жұмыс істеу
Cуреттермен жұмыс істеу
Word - тың графикалық мүмкіндіктерін көрсету. Оларды мәтіндік құжатқа графикалық бейне кірістіруді үйрету, басқа программалардан, сканерден, файлдардан сурет алып мәтінге кірістіру жолдарын түсіндіру, құжат бөліктерін көшіру мен жылжытуға үйрету.
Word мәтіндік редакторы
Word мәтіндік редакторы
Атырау қаласы, Д. Байбосынов атындағы №13 ұлттық мектеп - гимназиясының информатика пәнінің мұғалімі Жагипарова Данагуль Жаксиликовна
MS Word мәтіндік редакторының графикалық мүмкіндіктері
MS Word мәтіндік редакторының графикалық мүмкіндіктері
MS Word мәтіндік редакторын терең ұғындырып, берілген тапсырмаларды жазуды үйрету.
Word-тың графикалық мүмкіндіктері
Word-тың графикалық мүмкіндіктері
Атырау облысы, Құлсары қаласы, №18 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Бозшиева А. К
Word - тың графикалық мүмкіндіктерін көрсету
Word - тың графикалық мүмкіндіктерін көрсету
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, информатика пәні мұғалімі Жетпісәлиев Жасұлан Серікұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×