Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ақпараттық мәдениет негіздерін оқытуда интерактивті тақтаны қолдану тәсілі

24 мам 2013, Жұма
Категориясы: Информатика
Ақпараттық мәдениет негіздерін оқытуда интерактивті тақтаны қолдану тәсілі

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының негізгі міндеттерінің бірі оқушылардың ақпараттық дайындығын жетілдіру болып табылады. Осы міндеттерді жүзеге асыру мақсатында білім беру саласының 1 - 4 сыныптар аралығында «Ақпараттық мәдениет негіздері» пәні енгізілуде.

Бұл пән арқылы оқушылар ақпараттық мәдениеттің негізі болып саналатын коммуникация мен түсініктердің және ойлаудың математикалық негіздерін меңгереді.
Бастауыш білім беру - жас баланың ақыл - ойының дамуы мен әлеуметтік даярлығы үшін ең қолайлы кезең. Бастауыш сыныпқа информатиканы пән ретінде енгізу оқушының ерте жастан бастап логикалық ойлау қабілетін қалыптастыру, әлемнің жүйелік - ақпараттық бейнесін, ақпараттық мәдениетін қалыптастыру және олардың өзін - өзі жетілдіре отырып қызмет субъектісі деңгейіне көтерілуін қамтамасыз ету.

Ақпараттық мәдениет негіздерінің «Жиын және оны топтау» сабағын өткізу барысында қарапайым мысалды Activstudio3 бағдарламасы арқылы дайындалған тапсырма арқылы түсіндіруге болады. Оқушы интерактивті құралдарды қолдана отырып, жиын элементтерінің ортақ белгілері мен қасиеттерін анықтап, топтастырады.
Төменде сабақты өткізу барысында қолданылған «Құстарды қасиеттеріне байланысты топтау» тапсырмасының дайындалу әдісі беріліп отыр.

Activstudio3 Professional Edition бағдарламасын іске қосыңыз.
Жаңадан флипчарт құрыңыз.
Жаңадан түс таңдап, беттің фонын құю аспабы арқылы өз қалауыңыз бойынша өзгертіңіз.
Жазу аспабын қолданып бетке тақырып жазыңыз.
Кітапханадан құстардың әр түрін тасымалдау арқылы орналастырыңыз.
Кітапханадан өзіңізге ұнаған фигураны таңдап алыңыз. Ерекшелеп, өзгерту - дубликат командасын орындап, көшірмесін орналастырыңыз. Фигураның жоғарғы жағына «Ұшатын», «Жүзетін» сөздерін жазу құралы арқылы енгізіңіз.

Енді осы құстардың қасиеттеріне байланысты ұшатын және жүзетін құстарды екі бөліп топтау қажет. Ол үшін құстардың қасиеттеріне байланысты әр қайсысына кілттік сөз енгізуіміз керек.
Суретті екі рет шертіп, Қасиеттер және әрекеттер терезесін ашамыз. Ашылған терезеден Идентификация бөлімінің кілттік сөз бөлігіне қасиеттеріне байланысты «ұшатын» және «жүзетін» сөздерін енгіземіз. Ол үшін соңғы сөздің артына курсорды орналастырып Ctrl+Enter пернелерін шертіп, жаңа қатарға қажетті сөзді енгіземіз. Осы әрекеттерді барлық суретке орындап кілттік сөз тағайындаңыз.

Ортадағы фигураны белгілеп, екі рет шертіп Қасиеттер және әрекеттер терезесін ашыңыз. Терезеден Контейнер бөлімін белгілеп, Болуы мүмкін тізімінен кілттік сөз бөлігін белгілеңіз. Кілттік сөзге фигурадағы сөзге байланысты сөз енгізіңіз. Егер сәйкес келмесе, орнына қайтып келу командасына қанат белгісін қойыңыз. Екінші фигураға да осы әрекетті орындаңыз.
Терезені жауып, флипчартты сақтаңыз.

Тапсырманы орындау барысында «ұшатын» сөзі бар фигураға тек ұшатын құстар, «жүзетін» сөзі бар фигураға жүзетін құстар ғана қойылатынын көреміз. Егер жүзетін құстар «Ұшатын» фигурасына апарылса, онда ол фигураның ішіне қойылмай өз орнына қайтып барады.
Дәл осындай әрекеттерді орындап Арунаның сорпа дайындауына, Әлімнің тосап қайнатуына көмек көрсету флип чартын дайындауға болады.

Осындай дайындалған тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың сабаққа деген ынтасы мен қызығушылығы артып, интерактивті құрылғылармен жұмыс істеу арқылы практикалық іс - әрекет дағдылары қалыптасады.

Әдебиеттер:
1. «Информатика негіздері» ғылыми - әдістемелік журналы;
2. Ақпараттық мәдениет негіздері. Әдістемелік нұсқау.
7 536
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ақпараттық - коммуникативтік технологияларды математика пәнін оқытуда қолдану тиімділігі
Ақпараттық - коммуникативтік технологияларды математика пәнін оқытуда қолдану тиімділігі
Ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Олай болса, білім беруді ізгілендіру, ақпараттандыру – бүгінгі заман талабы.
Ақпараттық негіздер 11-сыныпқа арналған қолданбалы курс
Ақпараттық негіздер 11-сыныпқа арналған қолданбалы курс
Ақпараттық қоғам жағдайында информатика пәнінің рөлі ақпараттық білімнің, ақпараттық орта мен адамның өзара қатынасын үйлесімді етеді.
Интерактивті тақтаны сабақта пайдалану – білім сапасын арттыру жолы
Интерактивті тақтаны сабақта пайдалану – білім сапасын арттыру жолы
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы №3 мектеп – интернатының ағылшын тілі мұғалімі Абибуллаева Жазира
Білім беру үрдісінде ақпараттық - коммуникациялық технологияны қолдану
Білім беру үрдісінде ақпараттық - коммуникациялық технологияны қолдану
Жезқазған гуманитарлық колледжінің физика, информатика пәні оқытушысы Қалжанова Гүлфайруз Мұхтарқызы
Мектептегі информатика пәнінен 5 - 11 сыныптарда қосымша сабақтарды жүргізудің бағдарламасы
Мектептегі информатика пәнінен 5 - 11 сыныптарда қосымша сабақтарды жүргізудің бағдарламасы
Курстың басты мақсаты - ақпараттық әлем туралы түсiнiктi қалыптастыру, компьютердi қызметтiк құрал ретiнде сарамандық меңгеру, есеп шығаруда алгоритмдік ықпалды дамыту.
Білім беруді ақпараттандыру
Білім беруді ақпараттандыру
Қарағанды облысы, «Сәтбаев қаласындағы №3 орта мектебі» КММ информатика пәнінің мұғалімі Магзумова Диана Сайлаубековна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×