Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ақпараттық негіздер 11-сыныпқа арналған қолданбалы курс

21 желтоқсан 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Информатика
Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Шабар ауылы,
Абай атындағы орта мектептің информатика пәні мұғалімі
Тиштенова Мадина Танатқызы

Ақпараттық негіздері 11-сыныпқа арналған қолданбалы курс
Түсінік хат
Ақпараттық қоғам жағдайында информатика пәнінің рөлі ақпараттық білімнің, ақпараттық орта мен адамның өзара қатынасын үйлесімді етеді. Қолданбалы бағдарламаның негізгі міндеттері оқушылардың ақпаратты тарату және қолдану, оқушыларды дүниежүзілік ақпараттану әлемі жөнінде түсінік алуға, компьютерлік технологиялардың жаңалықтарын өзінің білімі саласында жүйелі түрде өзін - өзі дамыту ретінде қолдану болып табылады Бұл ұсынылып отырған бағдарлама 11 - сынып оқушылары АКТ құралдарын өздерінің оқу әрекетінде, кейінірек бағдарлы бағытта саналы, әрі тиімді түрде қолдану дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
Осы бағдарлама арқылы оқушылар ақпараттық мәдениеттің негізі болып саналатын коммуникация мен түсініктердің және ойлаудың математикалық негіздерін меңгереді және осы саланың жалғастыруға қажетті білім мен біліктілікпен қамтамасыз етеді.
Курс барысында оқытудың интернет арқылы тиімді тәсілдерін ұсынатын жаңа технологиялар қарастырылған. Бағдарлама «ЭЕМ ақпараттық - логикалық негіздер», «Бұлтты сервистер.», «Бұлтты құжат сақтау жүйелеріне қысқаша шолу», «HTML негіздері» деген бөлімдерінен және дайындық деңгейіне қойылатын талаптардан, курс мазмұнынан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құралған.
Курстың бағыты - дамытушылық бағыт, себебі курс оқушылар - дың танымдық белсенділігін арттырады, шығармашылық ойлауын дамытып, пәнге деген қызығушылығын тудырады.
11 - сыныпқа арналған «Ақпараттық негіздер» курсының оқу жүктемесі аптасына 1 сағат барлығы 34 сағатты құрайды.

Оқу курсының мақсаты:
Оқушылардың ақпараттық негіздері туралы бұрынан қалыптасқан білімдерін тереңдету, информатика саласындағы ғылыми түсініктерін жалғастыруға қажетті білім мен біліктілікпен қамтамасыз ету.
Міндеттері:
- оқушылардың логикалық және алгоритмдік ойлау қабілетін жетілдіру;
- оқушылардың коммуникативтік (тілдік) ойлау қабілетін мен шығармашылық бейімділігін дамыту;
- оқушылардың әлемнің жүйелік - ақпараттық бейнесін, ақпараттық мәдениетін қалыптастыру және олардың өзін - өзі жетілдіре отырып қызмет субьектісі деңгейіне көтерілуін қамтамасыз ету.
Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптары:
Оқушылар білуі тиіс:
- ақпараттық логика негіздерін;
- файлдық құрылымын;
- ЭЕМ логикалық негіздерін;
- Бұлтты сервистер технологиясын;
- HTML негіздерін.
Оқушылар үйренуі тиіс:
- компьютерлерді жүйелеуді;
- бұлттық қызметтерді модельдеуді;
- бұлтты құжат жүйелерімен жұмыс істеуді;
- HTML құжаттарды көретін және құратын бағдарламаларды;
- веб графиканы қолдануды
- Тізімдер, кестелер құруды;
- Форма, фреймдермен жұмыс жасауды.

Оқу курсының құрылымы мен мазмұны

І бөлім. ЭЕМ ақпараттық - логикалық негіздер (4 сағ.) Файлдық құрылым. Компьютерлерді жүйелеу. Есептеу жүйесінің құрамы. ЭЕМ логикалық негіздері.
ІІ бөлім Бұлтты сервистер. (6 сағ.). Бұлтты есептеу. Бұлтты есептеулер (дүниежүзілік нарық). Бұлтты есептеулердің моделі мен қасиеттері. Бұлтты қызметтің модельдері. Бұлтты қызмет түрлері. Бұлтты есептеулердің артықшылықтары.
ІІІ бөлім. Бұлтты құжат сақтау жүйелеріне қысқаша шолу (5сағ.)
Google Drive. Dropbox. Яндекс. Диск. Windows Live SkyDrive. Evernote.

IV бөлім. HTML негіздері (19 сағат)
Гипермәтін және гипермедиа, HTML тілі жайлы түсінік. Нұсқалар, даму тарихы, құрылымы. HTML құжаттарды көретін және құратын бағдарламалар. HTML негіздері. Мәтінді өңдеу. Веб - те графиканы қолдану. Тізімдер. Сілтемелер. Каскадтық стильді кестедлер. Кестелер. Формалар. Фреймдер.
1. Курсты ұйымдастыру формасын анықтау:
- лекция
- сұхбат - әңгіме
- топтау, жұптық оқыту
- өзіндік жұмыстар әдістерін пайдалану
2. Курсты оқытуды аяқтау формасы.
- Қорытынды тест жұмысы
- Рефераттар
- Өз бетінше іздену жұмыстары
3. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі
- Тест тапсырмалары
- Шығармашылық жұмыс
11 - класс «Ақпараттық негіздер» курсына күнтiзбелiк - тақырыптық жоспары

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
10 651
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Информатика пәнінен 11 - сыныпқа арналған тақырыптық - күнтізбелік жоспар
Информатика пәнінен 11 - сыныпқа арналған тақырыптық - күнтізбелік жоспар
Информатика пәні бойынша 2017 – 2018 жылына арналған тақырыптық - күнтізбелік жоспар Информатика пәнінен 11 - сыныпқа арналған тақырыптық - күнтізбелік жоспар
Интернет ресурстары (қолданбалы курсы)
Интернет ресурстары (қолданбалы курсы)
Берілген курс мазмұны 10 - сынып оқушыларының болашақта кәсіптік дағдыларын жүзеге асыру мақсатында көмегін тигізу үшін құрастырылған.
Тест тапсырмалары 10 сынып (бағыт бойынша)
Тест тапсырмалары 10 сынып (бағыт бойынша)
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы, Н.К.Киікбаев атындағы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі: Садыкова Бинара
Информатикадан 5 сыныптарға арналған «Компьютерлік әліппе» қолданбалы курс жоспары
Информатикадан 5 сыныптарға арналған «Компьютерлік әліппе» қолданбалы курс жоспары
Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы №2 орта мектібінің информатика пәні мұғалімі Тарбақов Бауыржан
Авторлық бағдарлам: Компьютерлік графика
Авторлық бағдарлам: Компьютерлік графика
Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, №2 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Тарбақов Бауыржан
Мектептегі информатика пәнінен 5 - 11 сыныптарда қосымша сабақтарды жүргізудің бағдарламасы
Мектептегі информатика пәнінен 5 - 11 сыныптарда қосымша сабақтарды жүргізудің бағдарламасы
Курстың басты мақсаты - ақпараттық әлем туралы түсiнiктi қалыптастыру, компьютердi қызметтiк құрал ретiнде сарамандық меңгеру, есеп шығаруда алгоритмдік ықпалды дамыту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×