Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


MS Power Point бағдарламасын игеруді қорытындылау

18 қазан 2013, Жұма
Категориясы: Информатика
Сабақ жоспары
Сыныбы: 10
Сабақтың тақырыбы: MS Power Point бағдарламасын игеруді қорытындылау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың MS Power Point бағдарламасы бойынша меңгерген білімдерін қорытындылау, алған теориялық білімдерін практикада қолдана білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың информатика пәніне қызығушылықтарын арттыру, презентациямен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа баулу, ақпараттық дүниетанымын кеңейту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өз беттерімен жұмыстануға, ізденуге, еңбекқорлыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу, адамгершілікке баулу.
Сабақтың типі: Презентациялық сабақ
Сабақтың әдісі: Қорытынды қайталау
Сабақтың көрнекілігі: алдын ала дайындалған презентация, тест сұрақтары, жауап парағы

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру:
ІІ кезең. Білім - тест (қайталау)
ІІІ кезең. Білік: «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылы» (дайын презентацияны талдау)
ІV кезең. Ақыл: шығармашылық тапсырма: «Ұстаз - ұлы тұлға»
V кезең. Іскерлік (жарнама дайындау)
VІ. Қорытынды (үйге тапсырма, оқушыларды бағалау).

І. Ұйымдастыру
Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру.

ІІ кезең. Білім – тест (қайталау)
Оқушыларға тест сұрақтары мен жауап парақтарын тарату.
1. Слайдтарды сұрыптау режимі қандай мүмкіндік береді?
а) презентацияның әр слайдын жеке қарауға ыңғайлы;
ә) презентацияның барлық слайдтары тізбектеліп терезеде орналасады;
б) беттерге ескертпе, қосымша материалдар жазу мүмкіндігін береді;

2. Презентацияны көрсетуді қай команданың көмегімен орындауға болады?
а) Показ слайдов - Начать показ;
ә) Показ слайдов - Настройка демонстрации;
б) Файл - Предварительный просмотр;

3. Жаңа слайдты қай команданың көмегімен құруға болады?
а) Файл - Открыть командасының көмегімен;
ә) Файл - Создать командасының көмегімен;
б) Файл - Выход командасының көмегімен;

4. Слайд деп....
а) көзге көрінетін обьектті айтамыз;
ә) терезенің параметрлерін басқару мүмкіндігін айтамыз;
б) слайд кескінінің толық экранда орналасуын айтамыз;

5. Презентацияның кез келген компонентін баспаға шығару үшін қай команданы орындаймыз?
а) презентацияны ашып, Файл - Выход командасын орындау;
ә) презентацияны ашып, Файл - Печать командасын орындау;
б) презентацияны ашып, Файл - Открыть командасын орындау;

6. Слайдта қандай обьектілер орналастыруға болады?
а) фон, мәтін, кестелер, диаграмма, фильм, дыбыс, графикалық бейнелер т. б.
ә) тек қана мәтіндер мен кестелерді;
б) кадрлар, презентация жоспарын графикалық пакеттерді.

7. MS Power Point бағдарламасы үлгітүрдің қандай типтерін ұсынады?
а) Автомазмұн шебері, бос презентация, ұсынылған қалыптар негізінде;
ә) презентация түрі, презентация стилі, слайдтың көркемделуі;
б) презентациялар үлгітүрі, көркемдеу үлгітүрі.

8. MS Power Point бағдарламасында презентация құрудың қандай тәсілі бар? (қате жауабын көрсет)
а) Автомазмұн шебері, презентация шаблоны арқылы;
ә) Бос презентация арқылы;
б) Программалық тілдер жазу арқылы.

9. MS Power Point бағдарламасында құжат бейнелеуінің қандай режимдері бар?
а) презентациялар үлгітүрі, көркем үлгітүрі;
ә) Әдеттегі, құрылымдық, слайдтар, слайдтарды сорттаушы, слайдтарды көрсету;
б) Тақырып жолы, меню қатары, құралдар панелі, жұмыс аймағы, қалып - күй қатары.

10. MS Power Point бағдарламасын іске қосу жолы:
а) Пуск - Все программы - Стандартные - MS Power Point;
ә) Пуск - Все программы - MS Power Point;
б) Компьютерді қосқан кезде өзі қосылады.

ІІІ кезең. Білік: «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылы» (дайын презентацияны талдау)
Бұл кезеңде оқушыларға «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылы» тақырыбында дайын слайдтар презентациясы көрсетіледі. Оқушылар әр слайд бойынша сөйлеп, презентацияны талдайды. Қорытындыны бір оқушы жасайды.

ІV кезең. Ақыл: шығармашылық тапсырма: «Ұстаз - ұлы тұлға»
Алдымызда келе жатқан ұстаздар мерекесіне орай, берілген «Ұстаз - ұлы тұлға» тақырыбына оқушылар презентация жасау қажет. Ең жақсы жасалған 2 презентация көрсетіледі.

V кезең. Іскерлік (жарнама дайындау)
Жаңа заман талабына орай қоғамдық өмірге еніп отырған әртүрлі техника құралдары күн сайын дамып, жаңарып отырады. Міне, осыған байланысты қазір мен сіздерге (оқушыларға) бірнеше заттардың атын атаймын. Сол заттарға 4 - 5 секундтық жарнама ролигін дайындайсыздар.
1. Ұялы телефон
2. Компьютер
3. Шаңсорғыш
4. Үтік
5. Қысқа толқынды пештер
6. Автокөліктер

VІ. Қорытынды (үйге тапсырма, оқушыларды бағалау).
Сабақты қорытындылау
Оқушыларды бағалау, үйге тапсырма беру, «MS Power Point бағдарламасын қайталау»
8 855
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Power Point бағдарламасы
Power Point бағдарламасы
Оқушыларға Power Point бағдарламасы арқылы презентацияларға кестелерді, суреттерді, бейнені және дыбысты кірістіруді, анимация әсерлерін баптауды үйрету, білім - біліктілік қалыптастыру.
Power point бағдарламасында кестелерді, суреттерді, бейнені және дыбысты кірістіру
Power point бағдарламасында кестелерді, суреттерді, бейнені және дыбысты кірістіру
«№28 Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің информатика пәні мұғалімі Сатимова А.Б.
Power Point программа интерфейсімен танысу. Презентация
Power Point программа интерфейсімен танысу. Презентация
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті №249 мектеп - лицейдің информатика пәні мұғалімі Айтқалиева Бақыт
Power Point бағдарламасы
Power Point бағдарламасы
Информатика пәні мұғалімі: Нурлы Казбекова
Презентацияны жасау
Презентацияны жасау
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №32 мектеп - гимназиясының информатика пәнінің мұғалімі Қалитова Жұлдыз Кентайқызы
Power Point бағдарламасында Visual Basic басқару элементтерін қолдану
Power Point бағдарламасында Visual Basic басқару элементтерін қолдану
Қызылорда облысы, Байкоңыр қаласы, М. О. Әуезов атындағы №6 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Рсалиева Айшолпан Қуанышқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×