Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Power Point бағдарламасы

15 қазан 2015, Бейсенбі
Категориясы: Информатика
Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Қайыңды ауылы,
Абай атындағы орта мектепте информатика пәні мұғалімі
Қошқарбаева Гүлзат Қанатқызы

Сабақтың тақырыбы: Кестелерді, суреттерді, бейнені және дыбысты кірістіру. Анимация әсерлерін баптау. Презентацияларды көрсету.
/Power Point бағдарламасы/

Сабақтың мақсаты: 1) Оқушыларға Power Point бағдарламасы арқылы презентацияларға кестелерді, суреттерді, бейнені және дыбысты кірістіруді, анимация әсерлерін баптауды үйрету, білім - біліктілік қалыптастыру.
2) Оқушылардың компьютерде өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыра отырып, іскерліктерін, логикалық ойлау қабілетін дамыту.
3) Оқушыларды тиянақтылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ - жауап, ББҮ әдісі, практикалық.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, ағылшын, математика

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау, тексеру.
ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау.
ІV. Жаңа материалды түсіндіру
V. Жаңа сабақты бекіту.
VI. Бағалау.
VII. Үйге тапсырма беру.

І. Ұйымдастыру кезеңі.
А) Оқушылармен сәлемдесу.
Ә) Оқушыларды түгендеу.
Б) Жұмыс орнының сабаққа дайындығын тексеру.
В) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау, тексеру.
Үй тапсырмасын тексеру үшін оқушылармен «Алтын сандық» ойынын ойнаймыз. Қорапта оқушыларға 10 сұрақ кеспе қағаздар арқылы қойылады. Оқушылар таңдау арқылы сұрақтарға жауап береді.
Сұрақтар:
1. PowerPoint - та құрылған файл қалай аталады? (презентация)
2. Презентация ұғымының ағылшынша мағынасы қалай деп аталады? (Present ұсыну деген мағына береді)
3. Слайд дегеніміз не? (көзге көрінетін күрделі объект)
4. Power Point - ті іске қалай қосамыз? (Пуск - Программы - MS Office - MS Office Power Point)
5. MS Office Power Point терезе элементтерін ата (Тақырып жолы, меню жолы, құрал - саймандар панелі, жұмыс аймағы)
6. Меню жолы элементтерін ата. (Файл, Түзету, Көрініс, Кірістірме, Слайдты көрсету, Дизайн, Анимация, Рецензирование)
7. Дайын болған слайдты қалай сақтаймыз?(Файл - Сохранить как командасын орындаймыз. Сол кезде бізге Сохранение документа терезесі шығады құжатты қай жерге сақтайтынымызды көрсетіп, оған атау береміз!)
8. Презентация деген не? (Слайдтардың жиынтығы)
9. Презентация дайындау үшiн колданылатын программа (Power Point)
10. Power Point бағдарламасының кеңейтілімі қандай?(. ppt)

ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау.
Презентация бұл көрсету, баяндама, жобаны, есеп берудi қорғау, жұмыс жоспарын, дайын өнім мен кызмет, енгiзу нәтиженi бакылауды т. б ұсыну.
Слайд дегенiмiз көзге корiнетiн күрделi объект оның құрамына мәтiн, кестелер, графикалык кескiндер, схема, бейнеклип, дыбыс үзiндiлерi мен гиперсiлтемелер кiредi

Толық нұсқасын слайдын жүктеу
5 745
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Power point бағдарламасында кестелерді, суреттерді, бейнені және дыбысты кірістіру
Power point бағдарламасында кестелерді, суреттерді, бейнені және дыбысты кірістіру
«№28 Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің информатика пәні мұғалімі Сатимова А.Б.
Power Point программа интерфейсімен танысу. Презентация
Power Point программа интерфейсімен танысу. Презентация
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті №249 мектеп - лицейдің информатика пәні мұғалімі Айтқалиева Бақыт
PowerPoind бағдарламасы (практикалық сабақ)
PowerPoind бағдарламасы (практикалық сабақ)
Қостанай қаласы, Арқалық қаласы, А. Құнанбаев атындағы №6 жалпы орта білім беретін профильді мектебінің информатика пәні мұғалімі Есенеева Рысжан Ескалиевна
Power Point бағдарламасы
Power Point бағдарламасы
Информатика пәні мұғалімі: Нурлы Казбекова
Презентацияны жасау
Презентацияны жасау
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №32 мектеп - гимназиясының информатика пәнінің мұғалімі Қалитова Жұлдыз Кентайқызы
Power Point 2000-да слайд-фильмдер жасау
Power Point 2000-да слайд-фильмдер жасау
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы Жасқайрат ауылы, Ш. Т. Еркінов атындағы орта мектебінің информатика пән мұғалімі Тапаева Бақтыханым Төлеубайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×