Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


WINDOWS жүйесінің стандартты бағдарламалары

30 қаңтар 2014, Бейсенбі
Категориясы: Информатика
Адамзат үшін XXI ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды меңгеру – бүгінгі мектеп оқушылары сіздердің еншілеріңіз.
(ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев)

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың WINDOWS жүйесінің стандартты бағдарламаларын қайталау негізінде білімдерін жүйелеу, ойда қалдырғандарды нақтылау, меңгерген білімдерді ұмытып қалуға жол бермеу. Негізгі заңдылықтарды есте берік қалдыру, білімдегі олқылықтарды жою.
Дамытушылық: алған білімді бекіте отырып, еске түсіру, ойлау қабілеттерін дамыту, компьютерде жұмыс істеу дағдыларын дамыту, ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.
Тәрбиелік: эстетикалық талғамын қалыптастыру, нәтиже алуға дағдыландыру.
Сабақтың типі: қайталау сабағы. Білімді жүйелеу
Сабақтың әдісі:
Сабақтың формасы: жеке, топтық
Пәнаралық байланыс: математика, бейнелеу өнері
Көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта, слайдтар, үлестірмелі материалдар, түрлі түсті фишкалар

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі 2мин
Сәлемдесу. Түгендеу. Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру, әр оқушының компьютерінің жұмыс істеп тұрғанына көңіл бөлу. Оқушылар назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Өткен сабақты талдау. (Үйден құрастырып келген сөзжұмбақ, ребустарын шешу)
ІІІ. Өтілген материалдарды қайталау
Сонымен оқушылар біздің бүгінгі сабағымыз WINDOWS жүйесінің стандартты бағдарламаларын қайталау. Яғни, осы кезге дейін WINDOWS жүйесінің стандартты бағдарламаларымен және олардың қызметтерімен таныстық. Енді бүгінгі сабағымызда алған білімдерімізді бекітеміз.
Бүгінгі сабағымыз бірнеше кезеңдерден тұрады:
1) «Бой сергіту»
2) «Кім жүйрік?»
3) «Кім жылдам?»
4) «Ақпараттық диктант»
5) «Өзіңді тексер!»

Ендеше, WINDOWS жүйесінің қандай стандартты бағдарламаларын білеміз?
Paint графикалық редакторы
WordPad мәтіндік процессоры
Калькулятор бағдарламасы
Осы 3 стандартты бағдарлама бойынша слайдтан еске түсіру үшін алма ағашынан алмаларды үзу арқылы мағлұмат көрсетіледі. Әр алмада 1 сұрақтан жазылған.
Сабағымыздың 2 - кезеңі «Кім жүйрік?» деп аталады. Яғни слайдта берілген сұрақтарға шарларды жару арқылы жауап бересіздер.

Шар сұрақтары:
1. Paint графикалық редакторының мүмкіндіктері
2. Paint графикалық редакторының терезе элементтерін ата
3. Үзіндіні көбейту пернесі
4. WordPad мәтіндік процессорында неше меңзер бар?
5. Калькулятордың бір түрінен екінші түріне өту әрекеті
6. WordPad мәтіндік процессоры не үшін арналған?
7. Пиксель дегеніміз не?
8. Суреттің бірнеше көшірмесін жасау үшін не қолданылады?

3 - кезең. «Кім жылдам?» Деңгейлік тапсырмалар.
4 - кезең. Ақпараттық диктант.
1. Paint редакторында соңғы әрекетті болдырмау командасы /Правка - отменить/
2. Компьютерлік өшіргіш / Ластик/
3. Экранда жоқ саймандар тақтасын орнату іс - әрекеті /Вид - панель инструментов/
4. Сандық режимге көшу пернесі /Num Lock/
5. Жаңа жазылған құжатты қалай сақтаймыз? / Файл - сохранить как.../
5 - кезең. «Өзіңді тексер!» Компьютерде тест жұмысын орындау.

IV. Үй тапсырмасын беру.
WINDOWS жүйесінің қандай стандартты бағдарламаларының элементтері бойынша сөзжұмбақ, ребустар құрастыру.
V. Білімді бағалау. Сабақта белсенділік танытып, жинаған түрлі - түсті фишкалары арқылы, деңгейлік тапсырмаларды ұқыпты орындау шеберліктеріне қарай, компьютерлік тесттің қорытындысы бойынша барлық ұпайлары есептеліп, бағалау жүргізілді.
6 037
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Операциялық жүйені баптау
Операциялық жүйені баптау
Оқушыларға Windows операциялық жүйесі бойынша білімді меңгерту.
Ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану
Ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану
Ақпараттық - коммуникациялық технологияны дамыту - білім берудің бір бөлігі. Соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану жақсы нәтиже беруде.
Сызықтық алгоритмдерді бағдарламалау
Сызықтық алгоритмдерді бағдарламалау
Информатика пәні мұғалімі: Ташходжаев Султанмурат Акмалович
Есім сөздерді қайталау
Есім сөздерді қайталау
Сабақтың мақсаты: білімділік: оқушылардың ой - өрісін кеңейту, есім сөздер тақырыбынан алған білімдерін жетілдіру, теориялық алған ұғымдарын мысалдар арқылы терең меңгерту, түсінік негізінде қорыттыру.
Windows ОЖ әулетінің негізгі объектілермен жұмыс атқару
Windows ОЖ әулетінің негізгі объектілермен жұмыс атқару
М. Мәметова атындағы гуманитарлық колледжінің информатика оқытушысы Тилемисова Майра Жорлмұратқызы
Windows операциялық жүйесінің стандартты бағдарламалары
Windows операциялық жүйесінің стандартты бағдарламалары
Серікова Назерке Рымбекқызы Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы "Құрылыс колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны физика, информатика, электротехника пәндері оқытушысы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×