Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Елордалық NIS - тің қос бірдей педагогы «Тәуелсіз елдің құрметті педагогтары» атанды

20 тамыз 2021, Жұма
Категориясы: Білім
Елордалық NIS - тің қос бірдей педагогы «Тәуелсіз елдің құрметті педагогтары» атанды
Еліміздің білім беру саласындағы мұғалімдерді қолдау мақсатында өткізілген «Тәуелсіз елдің құрметті педагогы» атты республикалық байқауда Нұр - Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдері Гүлмира Абишева және Зивагуль Кабылдина бақ сынап, жеңімпаз атанды.
Нұр - Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің химия пәнінің мұғалімі, эксперименттік ғылымдар кафедрасының меңгерушісі Гүлмира Абишеваның шәкірт санасына білім нәрін сеуіп, ел болашағының өрендерін тәрбиелеп келе жатқанына 32 жыл толып отыр.
  • Ең алдымен, бұл байқауда үздік атанғанымды естігенде, асқан қуаныш сезімінде, еңбегім бағаланып жатыр деген ойда болдым. Аталған сайыста жас мұғалімдердің көптеп қатысуы, үздік мұғалім атануға деген ұмтылыстары көз қуантады. Менің ойымша, педагогтың бойында өз мамандығына деген сүйіспеншілік, еңбекқорлық, қарапайымдылық, тіл табысқыш және заман ағымына бейім қасиеттері болу керек, - дейді Гүлмира Ерболатқызы.
Ал мектептің жаны – мұғалім деп білетін педагог - ұйымдастырушы - куратор Зивагуль Кабылдина мектептің жандануы мұғалімге байланысты дейді:
  • Мұғалім қандай болса, мектеп те сондай болмақ. Яғни, мұғалім білімді, білікті, еңбекқор болса, ол мектептен оқушылар сапалы білім алып шығатыны хақ. Мектепке ең әуелі педагогика, әдістемені жақсы меңгерген, парасатты, бала оқытуда сабаққа да қызықтыратын, тәлім - тәрбие де беретін мұғалім қажет. Себебі, мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – педагог.
Осы орайда, байқауға қатысып, мектептің сәл де болса мерейін асырып, оқушыларымыздың арқасында еңбегіміздің еленіп жатқанына қуаныштымын.
Байқау шарты бойынша Гүлмира Абишева және Зивагуль Кабылдина білім саласындағы жұмыстарын, өз портфолиоларын, өткізген ашық сабақтарының бірін жолдап, жоғары бағаға ие болды. Байқаудың жеңімпаздары білім және ғылым саласының дамуына қосқан үлесі және «Тәуелсіз елдің құрметті педагогы» атанғаны үшін арнайы тағайындалған «ҚР тәуелсіздігіне 30 жыл» төсбелгісімен марапатталып, қатысушыларға «Тәуелсіз елдің құрметті педагогы» атты республикалық түрлі - түсті кітап жинағы, куәлік және І дәрежелі дипломдар табысталды.
ҚР «Bilim - orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми - зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өткен аталмыш байқау Президент Қасым - Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арналған жолдауындағы білім саласына байланысты бағыттарын білім беру ұйымдарының педагогтары арасында кеңінен насихаттауды мақсат тұтады.
Учителя столичной NIS были удостоены звания «Почетные педагоги независимой страны».
Педагоги Назарбаев Интеллектуальной школы города Нур - Султан Гульмира Абишева и Зивагуль Кабылдина стали победителями республиканского конкурса «Почетный педагог независимой страны», который проводился в поддержку учителей в сфере образования.
Гульмира Абишева, учитель химии, заведующая кафедры экспериментальных наук Назарбаев Интеллектуальной школы города Нур - Султан, уже 32 года прививает знания своим ученикам.
  • Прежде всего, когда я узнала, что стала лучшей в этом конкурсе, я очень обрадовалась и подумала, что моя работа оценена по достоинству. Радует большое участие молодых учителей в данном конкурсе и их желание стать лучшими учителями. Я считаю, что у педагога должна быть любовь к своей профессии, трудолюбие, скромность, коммуникабельность и адаптивные качества, - говорит Гульмира Еролатовна.
А педагог – организатор - куратор Зивагуль Кабылдина, которая считает, что душа школы - учитель, говорит, что развитие школы зависит от учителя:
  • Учитель - это своего рода «отражение» школы. То есть, если учитель образован, квалифицирован, трудолюбив, то это значит, что ученики из школы получают качественное образование. В первую очередь школе нужен учитель, хорошо разбирающийся в педагогике и методике, умный, заинтересованный в обучении и воспитании детей. Это потому, что учитель является основным лицом в развитии школьной работы и успеваемости учеников.
В связи с этим я рада, что приняла участие в конкурсе, немного повысила престиж школы, а благодаря нашим ученикам моя работа получила признание.
По условиям конкурса Гульмира Абишева и Зивагуль Кабылдина прислали свои работы в сфере образования, свои портфолио, один из проведенных открытых уроков, получили высокую оценку. Победители конкурса награждены нагрудным знаком «30 лет Независимости Республики Казахстан» за вклад в развитие образования и науки и звания «Почетный педагог независимой страны», участникам были вручены республиканский сборник книги «Почетный педагог независимой страны», удостоверение и дипломы I степени.
Данный конкурс, организованный Национальным инновационным научно - исследовательским центром «Bilim - orkenieti» РК, призван популяризировать среди педагогов направления, связанные с образованием в Послании Президента Касым - Жомарта Кемелевича Токаева народу Казахстана «Конструктивный общественный диалог – основа стабильности и процветания Казахстана».
680
0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
Халықаралық Бакалавриат бағдарламасының емтихандарында елордалық NIS түлектері ең жоғары көрсеткішке ие болды
Халықаралық Бакалавриат бағдарламасының емтихандарында елордалық NIS түлектері ең жоғары көрсеткішке ие болды
Нұр - Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлектері мектепке қуаныш пен мақтаныш үшін себептер сыйлауды жалғастыруда!
NIS Халықаралық Бакалавриат мектебінің 7 - сынып оқушысы «Жыл оқушысы - 2021» атанды
NIS Халықаралық Бакалавриат мектебінің 7 - сынып оқушысы «Жыл оқушысы - 2021» атанды
Нұр - Сұлтандағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7 - сынып оқушысы Алуа Шаришева «Балдәурен» Республикалық балалар мен жасөспірімдер сайтының ұйымдастыруымен өткен «Жыл оқушысы - 2021» шығармашылық байқауында үздік оқушы деп танылды.
Нұр - Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Эльдар Уркумбаев АҚШ - тың Массачусетс штатындағы Массачусетс технологиялық институтынан шақырту алды.
Нұр - Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Эльдар Уркумбаев АҚШ - тың Массачусетс штатындағы Массачусетс технологиялық институтынан шақырту алды.
Университет робототехника мен жасанды интеллект секторлары және ақпараттық технология, физика, химия және математика салаларын оқыту жүйелері бойынша ең таңдаулы болып саналады
«Global Teacher Prize» жаһандық сыйлығының амбассадоры, NIS мұғалімі Динара Бейсембаева ауыл мектебіне қолдау көрсетті
«Global Teacher Prize» жаһандық сыйлығының амбассадоры, NIS мұғалімі Динара Бейсембаева ауыл мектебіне қолдау көрсетті
«Global Teacher Prize» жаһандық сыйлығының амбассадоры, NIS мұғалімі Динара Бейсембаева Қарағанды облысының Нұра ауданындағы ауыл мектебіне қолдау көрсетті.
Бүгін «Туған елге тағзым - 2020» өлкетану - зерттеу экспедициясы қатысушыларының жобалары мен шығармашылық жұмыстарының қашықтықтан өткізілген желілік байқаудың жабылу салтанаты өтті.
Бүгін «Туған елге тағзым - 2020» өлкетану - зерттеу экспедициясы қатысушыларының жобалары мен шығармашылық жұмыстарының қашықтықтан өткізілген желілік байқаудың жабылу салтанаты өтті.
Туған өлкені танып білуге, оқушылардың бойында туған елдің ерекшелігі мен оның қыр - сырын ұғынуға, патриоттық сезімді арттыруға бағытталған жобаның онлайн режимінде өтуі қатысушылар үшін кедергі болмады.
Ұлылықтың жолында ұстаз тұрар
Ұлылықтың жолында ұстаз тұрар
Оқу жылының алғашқы күнінде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының барлық интернет платформаларында ұстаздарға арналған — «Ұлылықтың жолында ұстаз тұрар» атты жаңа жоба бастау алды.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.