Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

NIS Халықаралық Бакалавриат мектебінің 7 - сынып оқушысы «Жыл оқушысы - 2021» атанды

19 тамыз 2021, Бейсенбі
Категориясы: Білім
NIS Халықаралық Бакалавриат мектебінің 7 - сынып оқушысы «Жыл оқушысы - 2021» атанды
Нұр - Сұлтандағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7 - сынып оқушысы Алуа Шаришева «Балдәурен» Республикалық балалар мен жасөспірімдер сайтының ұйымдастыруымен өткен «Жыл оқушысы - 2021» шығармашылық байқауында үздік оқушы деп танылды.
2020 – 2021 оқу жылын қорытындылау мақсатында өткізілген шығармашылық байқауда еліміздің 1 - 11 сынып оқушылары қатысып, бақтарын сынады. Байқау шарты бойынша оқушы биылғы оқу жылында алған марапаттауларын, алғыс хаттарын, портфолиосын және т. б. жұмыстарын жібереді.
Алуаның айтуынша, зияткерлік мектептегі бірінші жылы болғандықтан, белсенділік танытып, өзін әр қырынан танытуға тырысқан. Алуа Шаришева жыл бойы мектепішілік, республикалық және халықаралық байқауларға, жарыстар мен олимпиадаларға қатысып, көптеген марапаттар мен жүлделі орындарға ие болды. Сондай - ақ, Алуа мектепшілік хордың, «Жас қаламгерлер» клубының мүшесі, «NISA PRESS» ұйымының журналисті болып табылады.
  • Республикалық «Жыл оқушысы» байқауы туралы хабарландыруды көрген кезде, өзімді сынап көргім келді. Барлық жеткен жетістіктерімді, марапаттарымды жібердім. Байқаудың нәтижесі келіп, өзімнің үздік оқушы атанғанымды көрген сәтте, қуанышымда шек болмады, - дейді жас зияткер.
Шығармашылық сайыста даралығын көрсетіп, ерекше білімділігімен топ жарған Алуа Шаришеваны мектеп қауымдастығы атынан шын жүректен құттықтаймыз!
Учащаяся 7 - класса школы Международного Бакалавриата NIS стала «Учеником года - 2021»
Ученица 7 - класса Назарбаев Интеллектуальной школы в Нур - Султане Алуа Шаришева признана лучшей ученицей на творческом конкурсе «Ученик года – 2021», организованном республиканским детско - юношеским сайтом «Балдаурен».
В творческом конкурсе, проводимом с целью подведения итогов 2020 - 2021 учебного года, приняли участие учащиеся 1 - 11 классов страны. По условиям конкурса, учащийся направляет полученные в этом учебном году награды, благодарственные письма, портфолио и другие работы.
По словам Алуа, с первого года обучения в Интеллектуальной школе она была активна и всячески пыталась проявить себя. Алуа, также, является членом школьного хора, клуба «Юные писатели» и журналистом организации «NISA PRESS».
- Когда увидела объявление о республиканском конкурсе «Ученик года», хотела испытать себя. Я отправила все свои достижения, награды. Когда пришли результаты конкурса и я увидела, что стала лучшей, радости не было предела, - говорит юный интеллектуал.
От имени школьного сообщества искренне поздравляем Алуа Шаришеву, проявившую индивидуальность и обладающую незаурядными знаниями в творческом конкурсе!
A 7 - grader of the NIS International Baccalaureate School became «the Student of the Year 2021»
Alua Sharisheva, a 7th - grader of Nazarbayev Intellectual School in Nur - Sultan, was recognized the best student in the creative contest «the Student of the Year 2021» organized by the national children's and youth website «Baldauren».
1 - 11 grades students of our country took part in the creative contest held for the purpose of summing up the academic year 2020 - 2021. According to the terms of the contest, the student sends the awards, letters of appreciation, portfolios and other works received during the academic year.
According to Alua, since her first year at the Intellectual School she has been active and has tried her best to prove herself. Alua is also a member of the school choir, «the Young Writers» club and a journalist for «NISA PRESS».
- When I saw the announcement of the national contest «the Student of the Year 2021», I wanted to test myself. I sent in all my achievements and awards. When the results of the contest came back and I saw that I had become the best, I was overjoyed,- says the young intellectual.
On behalf of the school community, we sincerely congratulate Alua Sharisheva, who showed her individuality and outstanding knowledge in the creative contest!
1 239
0
2 дауыс
Оқи отырыңыз
Алматылық NIS оқушысы әлемнің 4 жетекші университетіне шақырту алды
Алматылық NIS оқушысы әлемнің 4 жетекші университетіне шақырту алды
Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы Мұхаммед - Әли Қанатбек Фордем университетінен, Дрексель университетінен, Гонконг баптист университетінен және Британ Колумбия университетінен шақырту алды. Сондай - ақ, Бабсон
Алматы NIS оқушысын Вальбонн Халықаралық орталығы шақырады
Алматы NIS оқушысын Вальбонн Халықаралық орталығы шақырады
Алматы қаласы, физика - математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы Жания Нұрханова Вальбонн Халықаралық Орталығының 2021 - 2022 дайындық сыныптарына оқуға толық грантқа түсті. Сондай - ақ зияткерге ай сайын шәкіртақы
Нұр - Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Эльдар Уркумбаев АҚШ - тың Массачусетс штатындағы Массачусетс технологиялық институтынан шақырту алды.
Нұр - Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Эльдар Уркумбаев АҚШ - тың Массачусетс штатындағы Массачусетс технологиялық институтынан шақырту алды.
Университет робототехника мен жасанды интеллект секторлары және ақпараттық технология, физика, химия және математика салаларын оқыту жүйелері бойынша ең таңдаулы болып саналады
«Самғаның» бишілері Польша мен АҚШ - та топ жарды
«Самғаның» бишілері Польша мен АҚШ - та топ жарды
Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің «Самға» би тобы Лондонда өткен халықаралық шығармашылық фестивалінде 1 - орын иеленді.
NIS оқушысы «жүзден жүйрік» бағдарламасының жеңімпазы атанды
NIS оқушысы «жүзден жүйрік» бағдарламасының жеңімпазы атанды
Нұр - Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10В сынып оқушысы Абилова Аружан Қазақстан ұлттық телеарнасының «Жүзден жүйрік» бағдарламасына қатысып, жеңiмпаз атанды.
Жәңгірдің он бір досы⠀
Жәңгірдің он бір досы⠀
Нұр - Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің еріктілері елордадағы балалар үйінің және SOS балалар ауылының тәрбиеленушілерімен кездесіп, гитарада ойнауға үйретіп, сыйлықтарын табыстады. ⠀
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.