Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Педагог тапшы өңірлерге барған мамандарға пәтер жалдау және коммуналдық шығындар бойынша өтем беріледі

13 қаңтар 2022, Бейсенбі
Категориясы: Білім
Педагог тапшы өңірлерге барған мамандарға пәтер жалдау және коммуналдық шығындар бойынша өтем беріледі.
Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында айтты.
«Мұғалімдер жетіспейтін өңірлерге үздік педагогтерді тарту бойынша арнайы бағдарлама әзірленеді. Өңірлердегі педагогтердің тапшылығы және білім беру саласындағы үлкен алшақтық байқалатын өңірлерге талдау жүргізілді», - деген министр педагог тапшы өңірлерге ең үздік түлектер тарту үшін ынталандыру шаралары қарастырылғанын айтты.
«Осы педагогтерге арнайы әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылады. Соның ішінде жалақыны арттыру бойынша тиісті коэффицент белгілеу, тұратын үйінің төлемін өтеу немесе коммуналдық қызметтер төлемін өтеу сияқты ынталандыру шаралары қарастырылуда», - деді Асхат Аймағамбетов.
Еске салсақ, Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Тоқаев кешегі өткен Мәжілістің жалпы отырысында мұғалім тапшы өңірлердің мәселесін шешудің жаңа тәсілін ұсынған болатын.
«Ұлы Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, мұғалім – мектептің жүрегі. Сондықтан мен мұғалімдер тапшылығы бар өңірлерге үздік педагогтарды тартудың арнайы қолдау пакеттері бар арнайы бағдарламасын әзірлеуді тапсырамын», - деген еді Президент.
1 811
0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
Президент тапсырмасы шеңберінде 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап педагогтердің жалақысы тағы 25% өседі
Президент тапсырмасы шеңберінде 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап педагогтердің жалақысы тағы 25% өседі
Президент тапсырмасы шеңберінде 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап педагогтердің жалақысы тағы 25% өседі. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтып берді.
«Мен кітаппен әлемді ашамын» кітапқұмарлар клубы ашылды
«Мен кітаппен әлемді ашамын» кітапқұмарлар клубы ашылды
Президент Қ. К. Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында берген тапсырмасын орындау мақсатында даярланған ҚР БжҒМ - нің "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында облыс мектептерінде ауқымды жұмыстар басталып та кетті.
БҒМ педагогтерге ескертеді: ақылы конкурстарда берілетін марапаттар аттестаттау кезінде ескерілмейді
БҒМ педагогтерге ескертеді: ақылы конкурстарда берілетін марапаттар аттестаттау кезінде ескерілмейді
Қазақстанда кейбір жеке тұлғалар педагогтерге арналған жалған наградаларды жасап, оларды оңды-солды сатып жатыр. Күмәнді ақылы конкурстарға қатысу нәтижесінде алынған наградалар мен дипломдар педагогтерді аттестаттаудан өткізу кезінде ескерілмейді.
Педагогтар Президент Жолдауын талқылады
Педагогтар Президент Жолдауын талқылады
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының филиалы «Нұр - Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектептің» ұстаздары MS Teams платформасы арқылы Президент Қасым - Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс - қимыл кезеңі» атты
Президент педагог мәртебесі туралы заңға қол қойды
Президент педагог мәртебесі туралы заңға қол қойды
Қазақстан президенті Қасым - Жомарт Тоқаев педагог мәртебесі туралы заңға қол қойды. "Мемлекет басшысы "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды", - деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Кредитім жабыла ма, қалай білсем болады?
Кредитім жабыла ма, қалай білсем болады?
Қоғамда несиені мемлекет есебінен жабу жайлы ақпаратты қайдан алатыны жайлы білмейді. Кей қазақстандықтар несиесінің өтелетінін не өтелмейтінін білмей дал болуда.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.