Канаданың Қазақстан Республикасындағы елшісі Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университетінде болды

«Канада жер шарының алыс бір бөлігінде болса да, сіздедің аймақпен көптеген ұқсастықтары бар. Мысалы, Канада мен Қазақстанның климатында өте жақындық бар, аумақтары да үлкен. Екі елде де ірі табиғи ресурстар – гидроэнергетика, ауылшаруашылық әлеуеті, пайдалы қазбалар бар. Сондай - ақ, біздің елімізде ауыл шаруашылығына ықпалы зор дамыған ақпараттық және коммуникациялық технологиялар бар екенін қосқым келеді», - деп атап өтті елші Алан Хамсон.
Өз кезегінде университет басшысы Ақылбек Күрішбаев канадалық жетекші жоғары оқу орындары мен компанияларды агрономия, селекция, егіншілік, зооинженерия, ветеринария және ауыл шаруашылығы саласында ғылыми зерттеулер жүргізу саласында бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға шақырды.
«Біздің елдеріміздегі агробизнес саласы жаңа прогрессивті технологияларды пайдалану бөлігінде білім беру саласынан озып кеткенін және ашықтық пен адал бәсекелестік жағдайында жыл сайын дамып келе жатқанын білеміз. Осыған байланысты, біз канадалық технологиялар мен ноу - хауды қолданатын АӨК үшін кадрларды мақсатты даярлау саласындағы ынтымақтастық әлеуетін дамытқымыз келеді. Мысалы, Саскачевана университетімен агрономия бойынша бірлескен білім беру бағдарламасын әзірлеуді ұсынамыз», - деді ректор Ақылбек Күрішбаев.
Канададағы Саскачевана университеті (UofS) әлемдегі биомедициналық ғылымдар, жаратылыстану ғылымдары, инженерия және технологиялар, әлеуметтік ғылымдар және менеджмент саласындағы үздіктердің қатарына кіреді.
Сонымен қатар, ҚазҰАЗУ басшылығы төмендегідей мәселелерді іске асыруды ұсынды:
- зооинженерия, генетика және жануарлар селекциясы бойынша білікті мамандарды даярлауға баса назар аудара отырып, Канаданың жетекші жоғары оқу орындарының қатысуымен бірлескен жоба жасау;
- Альберт университетімен бірлесіп магистранттар үшін «Өсімдіктер туралы ғылым» бірлескен білім беру бағдарламасын әзірлеу;
- «Болашақ» халықаралық стипендиялық бағдарламасы бойынша студенттерді тағылымдамадан өткізу және оқыту;
- жетекші профессорлар мен ғалымдарды шақыруды ұйымдастыру;
- ЖООлар арасындағы өзара іс - қимыл және ынтымақтастық тәжірибесін арттыру, ҚазҰАЗУ базасында АӨК саласында Канаданың жетекші университетінің филиалын ашу мүмкіндіктерін қарастыру.
Кездесу барысында қонақтар ҚазҰАЗУ - мен әріптестік пен ынтымақтастықты дамытуға жоғары қызығушылық танытты.
ҚазҰАЗУ баспасөз қызметі
- 2023 жылғы 17 ақпанда Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры, ҚР ҰҒА академигі Ақылбек Күрішбаев Канаданың Қазақстан Республикасындағы елшісі Алан Хамсонмен кездесті. Сондай - ақ, кездесуге Канада елшілігінің сауда мәселелері және бизнесті дамыту жөніндегі аға кеңесшісі Эдуард Юо қатысты.
«Канада жер шарының алыс бір бөлігінде болса да, сіздедің аймақпен көптеген ұқсастықтары бар. Мысалы, Канада мен Қазақстанның климатында өте жақындық бар, аумақтары да үлкен. Екі елде де ірі табиғи ресурстар – гидроэнергетика, ауылшаруашылық әлеуеті, пайдалы қазбалар бар. Сондай - ақ, біздің елімізде ауыл шаруашылығына ықпалы зор дамыған ақпараттық және коммуникациялық технологиялар бар екенін қосқым келеді», - деп атап өтті елші Алан Хамсон.
Өз кезегінде университет басшысы Ақылбек Күрішбаев канадалық жетекші жоғары оқу орындары мен компанияларды агрономия, селекция, егіншілік, зооинженерия, ветеринария және ауыл шаруашылығы саласында ғылыми зерттеулер жүргізу саласында бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға шақырды.
«Біздің елдеріміздегі агробизнес саласы жаңа прогрессивті технологияларды пайдалану бөлігінде білім беру саласынан озып кеткенін және ашықтық пен адал бәсекелестік жағдайында жыл сайын дамып келе жатқанын білеміз. Осыған байланысты, біз канадалық технологиялар мен ноу - хауды қолданатын АӨК үшін кадрларды мақсатты даярлау саласындағы ынтымақтастық әлеуетін дамытқымыз келеді. Мысалы, Саскачевана университетімен агрономия бойынша бірлескен білім беру бағдарламасын әзірлеуді ұсынамыз», - деді ректор Ақылбек Күрішбаев.
Канададағы Саскачевана университеті (UofS) әлемдегі биомедициналық ғылымдар, жаратылыстану ғылымдары, инженерия және технологиялар, әлеуметтік ғылымдар және менеджмент саласындағы үздіктердің қатарына кіреді.
Сонымен қатар, ҚазҰАЗУ басшылығы төмендегідей мәселелерді іске асыруды ұсынды:
- зооинженерия, генетика және жануарлар селекциясы бойынша білікті мамандарды даярлауға баса назар аудара отырып, Канаданың жетекші жоғары оқу орындарының қатысуымен бірлескен жоба жасау;
- Альберт университетімен бірлесіп магистранттар үшін «Өсімдіктер туралы ғылым» бірлескен білім беру бағдарламасын әзірлеу;
- «Болашақ» халықаралық стипендиялық бағдарламасы бойынша студенттерді тағылымдамадан өткізу және оқыту;
- жетекші профессорлар мен ғалымдарды шақыруды ұйымдастыру;
- ЖООлар арасындағы өзара іс - қимыл және ынтымақтастық тәжірибесін арттыру, ҚазҰАЗУ базасында АӨК саласында Канаданың жетекші университетінің филиалын ашу мүмкіндіктерін қарастыру.
Кездесу барысында қонақтар ҚазҰАЗУ - мен әріптестік пен ынтымақтастықты дамытуға жоғары қызығушылық танытты.
ҚазҰАЗУ баспасөз қызметі
Канаданың Қазақстан Республикасындағы елшісі Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университетінде болды Ақылбек Күрішбаев Алан Хамсон
Оқи отырыңыз
Шахмардан Есенов - ұстаз, ғалым, азамат
Маңғыстау облысындағы оқу ордасына есімі берілген Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Одаққа танылған ірі тұлға, әлемдік аумақта істерге араласқан қоғам қайраткері, тау - кен саласының кемеңгері Шахмардан Есеновтің туғанына биыл 95 жыл
ЖОО - ның білім беру бағдарламаларынының рейтингі: Yessenov University үздік ондыққа енді
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының 2021 жылғы рейтингін қорытындылады. ҚР Білім және ғылым министрлігі тапсырмасы бойынша «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ҚР ЖОО - ның білім беру бағдарламаларына
Қазақ тілі Microsoft Teams платформасында қолжетімді болды
Microsoft Teams онлайн-білім коллаборациясы үшін платформа барлық пайдаланушылар үшін қазақ тілінде қолжетімді болды, әсіресе бұл мүмкіндік білім беру ұйымдарында сұранысқа ие.
National Geographic Qazaqstan NIS оқушыларының ғылыми ізденістеріне қолдау көрсетпек
NIS оқушылары, ұстаздары мен ата - аналары кезекті «Даналық бейсенбіні» әйгілі «National Geographic» журналының еліміздегі өкілдерімен жүздесуге арнады.
Назарбаев Зияткерлік мектептері ЮНИСЕФ - пен бірлестікте әзірлеген балалардың игілігі жолындағы бірегей жобаны аяқтады
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында балаларға игілікті және достас орта құруға арналған ЮНИСЕФ - пен бірлестіктегі жоба өз мәресіне жетті. Мектептердегі зорлық - зомблықтың алдын - алу бойынша стандартты операциялық
«Ұлы дала мұрагерлері»: NIS оқушыларын белгілі қазақстандықтар мен робот София құттықтады
Назарбаев Зияткерлік мектептерінде «Туған елге тағзым – 2020». өлкетану - зерттеу экспедициясының қорытындысы жарияланған дәстүрлі «Ұлы дала мұрагерлері» форумы өз мәресіне жетті.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.