Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Шахмардан Есенов - ұстаз, ғалым, азамат

22 қазан 2022, Сенбі
Категориясы: Білім
Шахмардан Есенов - ұстаз, ғалым, азамат
Маңғыстау облысындағы оқу ордасына есімі берілген Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Одаққа танылған ірі тұлға, әлемдік аумақта істерге араласқан қоғам қайраткері, тау - кен саласының кемеңгері Шахмардан Есеновтің туғанына биыл 95 жыл толды.
Осы мерейтойға орай өзі дамуына аянбай тер төккен, еңбек сіңірген Маңғыстау өңірінде орналасқан білім ордасы - Есенов университетінде 14 - қазан 2022 - жылы академик Шахмардан Есеновтың 95 - жылдығына арналған "Ғылыми жаңғыру: тұлға мұрасы" атты халықаралық ғылыми - тәжірибелік конференциясы өтті. Осы конференцияның негізгі мақсаты: Ш. Есеновтің еліміздің ғылымын дамытуға қосқан ғылыми үлесінің ерекшеліктері мен өзекті мәселелерін қарау және талқылау; ғылыми идеялары мен мұрасын жан - жақты насихаттау; ғалымның өмірі мен қызметі, ғылыми білімдері мен жетістіктерімен алмасу мақсатында елдің өскелең ұрпағына патриоттық және адамгершілік тәрбие беру үшін ғылыми алаң құру.
Осы жиынға жақын және алыс шетелдердің, Қазақстанның жоғары оқу орындарының ғалымдары, Есенов университет оқытушылар құрамы мен білім алушылары, бизнес - құрылымдардың өкілдері, ардагерлер қатысты. Конференцияның алғашқы салтанатты сәті - академик Ш. Есенов ескерткішінің алғашқы тасын қалау рәсімімен басталды. Конференцияның пленарлық отырысын Есенов университетінің президенті Б. Б. Ахметов алғы сөзбен ашып берді. Маңғыстау облысының әкімі - Н. А. Ноғаев конференция ұйымдастырушылары мен қатысушыларын құттықтап, Шахмардан Есеновтің тұлғалық бейнесіне тоқталып өтті.
Пленарлық мәжілісте бірқатар профессор, геолог ғалымдар баяндама жасады. Сонымен қатар, «Конференция материалдары» жинағында жақын, алыс және Қазақстанның бірқатар жоғары оқу орындары ғалымдарының, студенттерінің мақалалары мен ғылыми еңбектері жарық көрді. Жиынға алғашқы мұнай атқылаған жылдары Шахмардан Есенұлымен бірге болған, өлкеміздің дамуына атсалысқан еңбек ардагерлері, мұнайшы - геологтар да қатысты.
Шахмардан Есенұлының өмір жолы тарихын қысқаша еске салсақ, ол 1927 жылы 5 - тамыздан Қызылорда облысының Тартоғай ауы­лынан бастау алады. Соғыс басталғанда барлығы 13 жаста болды, сондықтан бала­лық, жастық шағында соғыс кезеңін, соғыстан ке­йінгі қиын сынақтарды бастан өткереді. Есенов 17 жасында Алматыдағы тау - кен - металлургия институтына (қазіргі Сәтбаев университеті) оқуға түсіп, қазақ геологиясының атасы, ғұлама ғалым Қаныш Сәтбаевтың шәкірті болады. Ол талант­ты жігітті бірден байқап, оның ұстазы, тәлімгері, өнеге - үлгі болатын адамына айналады. Институттан кейін Шахмардан ұзақ уақыт сол кездегі Жезқазған өңірінде геолог, кейін геологиялық барлау экспедициясының бас инженері болып қызмет етеді. Ол Жезқазған кен орындарында, сондай - ақ өзінің тікелей басшылық етуімен Батыс Қазақстан мен Маңғыстау мұнай - газ орындары - Жаңаөзен, Жетібай, Бозащы, Қаражанбас, Қаламқас кен орындарында заманауи экономиканың негізін қалағандардың бірі. Небәрі 33 жасында КСРО - дағы ең жас министр Геология министрі болды. Дәлірек айтсақ, сол кезеңді геолог замандастары «Қазақстан геологиясының алтын ғасыры» деп мақтанышпен атаған.
Ұлы тұлғаның есімін мәңгі сақтау мақсатында 1995 - жылы ҚР Министрлер кабинетінің бұйрығымен Ақтау политехникалық институтына Шахмардан Есеновтің есімі берілді. Бүгін­де Маңғыстаудың бас оқу ордасы, яғни қазіргі Ш. Есенов атындағы университет те білікті мамандар даярлауда елеулі еңбек етіп, білім мен ғылым саласында қарқынды дамып келеді.
Геологтің ізденістері мен оның жетістіктерінің нәтижесінде бүкіл шөлді түбек - Маңғыстаудағы өмір түбегейлі өзгеріп, жандана бастады. Шағын портты қала үлкен облыс орталығына айналды, өңірде алғашқы атом электр станциясы салынды. Қазақстанның теңіз қақпасы саналатын Ақтаудың бүгінгі көркеюі академик пен оның әріптестерінің сол кездегі ерен еңбегінің арқасы деп бағалаймыз. Ш. Есенов сияқты дара тұлғамыздың үлгілі өмірі мен ерен еңбегін өскелең ұрпаққа жеткізу, оны әрі қарай жалғастыру, зерттеу, кеңінен таныту – біздің міндетіміз.

Суйеуова Набат Базархановна
аға оқытушы, магистр,
Есенов университеті, Ақтау қаласы
3 395
0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
Ұстаз болу – жүректің батырлығы... Ұстаз болу – адамның асылдығы
Ұстаз болу – жүректің батырлығы... Ұстаз болу – адамның асылдығы
Жас ұрпакты тәрбиелеуші – ұстаз - оқытушы болмысына лайықты бола білу кез - келген адам қолынан келе бермейді. Себебі, жоғарыда айтылған ізгі қасиеттерді тұла бойына жиған талапты да талантты ұстаз болу жаратылыстан, адамдықтан бастау алатыны даусыз.
Мұқағали Мақатаев туғанына - 90жыл
Мұқағали Мақатаев туғанына - 90жыл
Қазақтың лирик ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына – 90 жыл толуына орай «Өрлеу» БАҰО» АҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалының кітапханасында «Қазақ поэзиясының Хан Тәңірі» кітап көрмесі ұйымдастырылды.
СДУ базасында денсаулық, саясат және менеджмент орталығы ашылды
СДУ базасында денсаулық, саясат және менеджмент орталығы ашылды
Сулейман Демирель атындағы университет ректоры Қуаныш Ерғалиевтың бастамасымен оқу орнының базасында Денсаулық, саясат және менеджмент орталығы ашылды. Орталықтың жұмысы денсаулық сақтау саласындағы жүйелі мәселелерді кешенді шешуге бағытталған.
Кемел білім биігіне талпыну
Кемел білім биігіне талпыну
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым - Жомарт Тоқаевтың «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған еліміздің өткені, қазіргісі және болашағы туралы сөз болған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» деп аталатын мақаласы бізді - жастарды жаңа бел -
Әл - Фарабидің педагогикалық мұрасы: бастау және қазіргі заман
Әл - Фарабидің педагогикалық мұрасы: бастау және қазіргі заман
2020 жылдың 30 қазанында «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ҚР Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми - педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын Республикалық институты (ББЖ ҚБАРИ) «Әл - Фарабидің педагогикалық мұрасы: бастау және қазіргі заман»
Әлем сарапшылары пандемия кезінде білім беру үрдісінде жаңа тәсілдерді ұсынуда
Әлем сарапшылары пандемия кезінде білім беру үрдісінде жаңа тәсілдерді ұсынуда
Қыркүйектің 24 - 25 аралығында Сулейман Демирел университетінің ұйымдастыруымен “Мәдени көпірлер салу жөніндегі 9 - шы халықаралық конференциясы” (ICBCB) өз жұмысын бастады.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.