Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Барлығы да студенттер игілігі үшін

28 ақпан 2023, Сейсенбі
Категориясы: Білім
Барлығы да студенттер игілігі үшін
Өткен жылдың 8 қарашасында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Басқарма Төрағасы - Ректор, ҚР ҰҒА академигі Ақылбек Күрішбаевтың студент жастармен кездесуінде білім алушылар өмірінде қордаланып қалған көптеген түйінді мәселелер көтерілген еді.
Өзара өткен ашық әңгіме барысында күрделі жөндеу көрмеген ескі жатақханалардың сын төзгісіз жағдайы, су және жылыту жүйелерінің тозғаны, ас дайындау, душ кабиналары мен киім жуатын бөлмелердің жетіспейтіні, теледидар мен мұздатқыштардың жоқтығы айтылған еді.
«Біз барлығы да тек студенттер игілігі үшін деген нақты мақсатпен жұмыс істейміз. Осы мақсат аясында студенттердің жанайқайын ескере отырып, университеттің ішкі шығыстарынан үнемделген қаржыға 176 дана мұздатқыш сатып алып, жатақханаларға бөліп берудеміз. Алдағы күндері тапсырыстың екінші бөлігі де жеткізімек. Сондай - ақ, осы жылдың соңына дейін «ҚазҰАЗУ Эндаумент» қорының қолдауымен 2 жатақхананы күрделі жөндеуден, басқа жатақханаларды ағымдағы жөндеуден өткізуді жоспарлап отырмыз», - деді университет басшысы Ақылбек Қажығұлұлы.

Ректордың айтуы бойынша, мұздатқыштарға жұмсалған қосымша қаражат көзі сырттан келген жоқ, ол университеттегі басқару аппараты мен қызмет көрсету персоналын айтарлықтай қысқарту, жалға берілген ғимараттардың жалдау құнын (нарықтық бағаға сәйкес 2 - 3 есеге) ұлғайту шаралары арқылы жинақталды.
Бөлмелеріне жаңа мұздатқыштар жеткізіліп, қуанышқа бөленген білім алушы өрендер мен қыздар өз уәдесін орындаған университет басшылығына шексіз ризашылықтарын білдірді.
ҚазҰАЗУ - да негізінен ауылдық жерлерден келген жастар оқиды, көпшілігі тұрмысы төмен отбасынан шыққандар. Сондықтан, студенттердің алаңсыз білім алуы мен өмір сүруі үшін тиісті әлеуметтік - тұрмыстық жағдайын жақсарту бағытындағы қадамдар жалғаса бермек.
Бұл ретте оқу процесінде және жатақханалардағы Студенттердің өзін - өзі басқару жүйесі қалыптастырылып күшейтілмек.
ҚазҰАЗУ Баспасөз қызметі.
3 135
0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университетінде белгілі ұстаз ардагерлерден «Ақылдастар алқасы» құрылды
Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университетінде белгілі ұстаз ардагерлерден «Ақылдастар алқасы» құрылды
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Басқарма төрағасы - Ректоры, ҚР ҰҒА академигі А. Қ. Күрішбаевтың бастамасымен университеттің Ақылдастар алқасы құрылды.
Қазақстан Республикасындағы ФАО бюросының басшысы ҚазҰАЗУ - да болды
Қазақстан Республикасындағы ФАО бюросының басшысы ҚазҰАЗУ - да болды
2023 жылғы 20 ақпанда Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры, ҚР ҰҒА академигі Ақылбек Күрішбаев Қазақстан Республикасындағы байланыс және әріптестік жөніндегі ФАО бюросының басшысы Қайрат Нәжімиденовпен кездесті.
Канаданың Қазақстан Республикасындағы елшісі Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университетінде болды
Канаданың Қазақстан Республикасындағы елшісі Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университетінде болды
2023 жылғы 17 ақпанда Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры, ҚР ҰҒА академигі Ақылбек Күрішбаев Канаданың Қазақстан Республикасындағы елшісі Алан Хамсонмен кездесті.
Қазақстандық ғалым күрделі сынықтарды емдейтін бірегей гидрогель ойлап тапты
Қазақстандық ғалым күрделі сынықтарды емдейтін бірегей гидрогель ойлап тапты
Ұлттық биотехнология орталығының ғалымы Вячеслав Огай бағаналы жасушаларды қолдану арқылы күрделі сынықтарды қалпына келтірудің бірегей технологиясын жасап шығарды
Оқушылар мен студенттер қайтадан онлайн оқитын болды
Оқушылар мен студенттер қайтадан онлайн оқитын болды
Елордалық және Алматылық оқушылар мен студенттер эпидемиологиялық жағдайға байланысты оқудың онлайн-форматына көшуде
Ұлылықтың жолында ұстаз тұрар
Ұлылықтың жолында ұстаз тұрар
Оқу жылының алғашқы күнінде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының барлық интернет платформаларында ұстаздарға арналған — «Ұлылықтың жолында ұстаз тұрар» атты жаңа жоба бастау алды.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.