Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университетінде белгілі ұстаз ардагерлерден «Ақылдастар алқасы» құрылды

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Басқарма төрағасы - Ректоры, ҚР ҰҒА академигі А. Қ. Күрішбаевтың бастамасымен университеттің Ақылдастар алқасы құрылды. Бірлестік құрамында ұзақ жылдар абыройлы қызмет ақтарған, кафедра және факультет басқарған, ғылыми - зерттеу жұмыстарымен айналысқан белгілі ұстаз ардагерлермен қатар, студент жастарды тәрбиелеу ісіне әлі де өз үлестерін қосып келе жатқан танымал академиктер мен профессорлар бар.
Халқымыз «Қариясы мол елдің қазынасы мол» дегенді бекер айтпаған. Жасы үлкендердің қашанда өмірден көргені де, түйгені де көп. Өмірлік тәжірибесі мен тағылымы мол, кейінгі жас ұрпаққа үйретер ақылы да аз емес.
«Біздің ортақ мақсатымыз – бар күш - жігерімізді біріктіріп қуатты, әділетті университет құру. Бұл ретте, елдің ұйытқысы болып жүрген өздеріңіздей данагөй ел ағаларына артылар жүктің салмағы үлкен. Сіздердің қолдауларыңызбен университетті дамыту, білім беру сапасын жақсарту, студент жастарымыздың алаңсыз білім алуына жағдай жасау, сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу, сол арқылы жастарға рухани тәрбие беру, еліміздің ертеңі үшін білікті кадрлар даярлау міндетін бірге атқармақпыз. Көріп отырсыздар, атқарылар шаруалар ауқымы өте кең. Қазіргідей тарихи өзгерістер кезеңінде осындай елдік маңызы зор істерге бас - көз болып, жастарға жөн сілтейтін кеңесші органды құрып отырмыз», - деді өз сөзінде университет басшысы Ақылбек Күрішбаев.
Университетте алғаш рет құрылған Ақылдастар алқасы бірлескен ұжымдық қызметті жүзеге асыруда ынтымақтастық пен өзара сенім арқылы қызмет етуді жоспарлап отыр. Бұл қадам оқу ордасындағы еңбек өнімділігін артырып, білім беру ісі мен ғылыми ізденістерді жандандырып, оқытушылар мен студенттердің әлеуметтік - тұрмыстық қызметін дұрыс жолға қоюға және олардың заңды құқықтарын қорғауға ықпалы тиері анық.
Ортаға шығып сөйлеген «Агробизнес менеджменті және ұйымдастыру» кафедрасының профессоры Ғалижан Мәдиев, «Агрономия, селекция и биотехнология» кафедрасының профессоры Тастанбек Атақұлов, «Мал шаруашылығы өнімін өндіру технологиясы» кафедрасының профессорлары Әділхан Сәмбетбаев пен Әбдірахман Омбаев, «Тамақ технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасының профессоры Әбдіманап Оспанов, «Жеміс - көкөніс шаруашылығы, өсімдіктерді қорғау және карантин» кафедрасының профессоры Сергей Олейченко, «Биологиялық қауіпсіздік» кафедрасының профессоры Нығметулла Асанов, «Топырақтану, агрохимия және экология» кафедрасының профессоры, АӨК агроэкология және экономика ҒЗИ директоры Сағынбай Қалдыбаев, «IT - технологиялар және автоматизация» кафедрасының профессоры Абдукарим Серікбаев өздерінің нақты ұсыныстарын білдіріп, ұжымға ортақ мәселелерді ақылдасып, бірлесе шешуге шақырғаны үшін университет басшылығына ризашылықтарын білдірді.
«Бәріміздің алдымызда өзіміз қызмет ететін қара шаңырақты уақыт талабына сай, жаңаша дамыту арқылы халықаралық деңгейдегі беделді жоғары оқу орындары қатарына қосу міндеті тұр. Бұл үлкен мақсат! Сондықтан, бізге жүктелген міндеттің жауапкершілігін жақсы сезінеміз. Осы орайда, ректорымыз Ақылбек Қажығұлұлының университетімізді жаңғыртуға бағытталған тың бастамаларына бірауыздан қолдау білдіреміз және барынша көмек көрсетеміз», - деді ардагер профессор Ғалижан Мәдиев.
Жиын барысында алқа мүшелері оқу бағдарламаларын әлемдік стандарттарға сәйкестендіру, ескі әдістерден арылу, халықаралық тәжірибелерді батыл енгізу, факультеттер мен кафедра жұмыстарына басшылыққа келген жастарға кеңес беру, кәсіптік бағдар жұмыстарын уақыт талабына сай жүргізу, студент жастар арасындағы өзін - өзі басқару жүйесін қалыптастыру, рухани - патриоттық тәрбие мен дәстүрді жандандыру сияқты т. б. көптеген мәселелер туралы нақты ұсыныстарын жеткізді.
Ақылдастар алқасы мүшелерімен кездесу ашық және өзара сенімді әңгіме түрінде өтті.
ҚазҰАЗУ Баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз
Қазақстан Республикасындағы ФАО бюросының басшысы ҚазҰАЗУ - да болды
2023 жылғы 20 ақпанда Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры, ҚР ҰҒА академигі Ақылбек Күрішбаев Қазақстан Республикасындағы байланыс және әріптестік жөніндегі ФАО бюросының басшысы Қайрат Нәжімиденовпен кездесті.
Канаданың Қазақстан Республикасындағы елшісі Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университетінде болды
2023 жылғы 17 ақпанда Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры, ҚР ҰҒА академигі Ақылбек Күрішбаев Канаданың Қазақстан Республикасындағы елшісі Алан Хамсонмен кездесті.
Шахмардан Есенов - ұстаз, ғалым, азамат
Маңғыстау облысындағы оқу ордасына есімі берілген Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Одаққа танылған ірі тұлға, әлемдік аумақта істерге араласқан қоғам қайраткері, тау - кен саласының кемеңгері Шахмардан Есеновтің туғанына биыл 95 жыл
Ұстаз болу – жүректің батырлығы... Ұстаз болу – адамның асылдығы
Жас ұрпакты тәрбиелеуші – ұстаз - оқытушы болмысына лайықты бола білу кез - келген адам қолынан келе бермейді. Себебі, жоғарыда айтылған ізгі қасиеттерді тұла бойына жиған талапты да талантты ұстаз болу жаратылыстан, адамдықтан бастау алатыны даусыз.
Кемел білім биігіне талпыну
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым - Жомарт Тоқаевтың «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған еліміздің өткені, қазіргісі және болашағы туралы сөз болған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» деп аталатын мақаласы бізді - жастарды жаңа бел -
«Ұлы дала мұрагерлері»: NIS оқушыларын белгілі қазақстандықтар мен робот София құттықтады
Назарбаев Зияткерлік мектептерінде «Туған елге тағзым – 2020». өлкетану - зерттеу экспедициясының қорытындысы жарияланған дәстүрлі «Ұлы дала мұрагерлері» форумы өз мәресіне жетті.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.