Қазақстандық ғалым күрделі сынықтарды емдейтін бірегей гидрогель ойлап тапты

Ұлттық биотехнология орталығының ғалымы Вячеслав Огай бағаналы жасушаларды қолдану арқылы күрделі сынықтарды қалпына келтірудің бірегей технологиясын жасап шығарды. Ол сынықтар мен зақымдалған тізе буындарын емдеуді жеделдететін гидрогель ойлап тапты. Арнайы технологияның арқасында операциядан кейін 3-6 ай ішінде сүйек және шеміршек тіндері қалпына келеді. Клиникаға дейінгі сынақтардың нәтижелері препараттың тиімділігі жоғары екенін растады.
«Сүйек ақауларын толықтай қалпына келтіру травматология мен ортопедиядағы күрделі және шешілмеген мәселелердің бірі болып қала береді. Емдеу үшін сүйек алмастырғыштарын қолдана отырып, остеопластиканың әртүрлі әдістері жиі қолданылады. Бірақ бұл операцияның нәтижесінде сүйек әрдайым толық қалпына келмейді. Біз сүйек ақауларының толық қалпына келуіне ықпал ететін технологияны жасадық. Бағаналы жасушалар мен табиғи биополимерлер зақымдалған сүйек немесе шеміршек тіндерін қалпына келтіру процесін жеделдетеді», - деді әзірлеме авторы, Ұлттық биотехнология орталығының бағаналы жасушалар зертханасының меңгерушісі, профессор Вячеслав Огай.
Бұл технология қазіргі уақытта Н.Батпенов атындағы Ұлттық травматология және ортопедия ҒЗИ базасында клиникалық сынақтан өтіп жатыр. Ғылыми бағдарламаны ғылымды бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру аясында Білім және ғылым министрлігі қаржыландырады.

Оқи отырыңыз
Назарбаев Университетінің қазақстандық ғылыми қызметкері Microsoft Research PhD Fellowship стипендиясының иегері атанды
Ақылды жүйелер және жасанды интеллект институтының (ISSAI) ғылыми қызметкері Жанат Махатаева Microsoft Research PhD Fellowship стипендиясына лайықты тұңғыш қазақстандық болып отыр.
Назарбаев Зияткерлік мектептерінде «Туған елге тағзым» өлкетану ғылыми - зерттеу экспедициясының үздік зерттеу жобалары анықталды
Елордалық физика - математика бағытындағы Зияткерлік мектеп оқушысы Асылжан Есен мифтік Самұрық құсымен бірге бүкіл елді «шарлап келді».
Желілік жабдықты баптайтын білікті мамандарды даярлау
Техникалық және кәсіптік білім беруді жаңғыртуда цифрлық экономика мен цифрлық оқытуды құру – Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының маңызды басымдықтарының бірі болып табылады.
Алматы NIS оқушысын Вальбонн Халықаралық орталығы шақырады
Алматы қаласы, физика - математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы Жания Нұрханова Вальбонн Халықаралық Орталығының 2021 - 2022 дайындық сыныптарына оқуға толық грантқа түсті. Сондай - ақ зияткерге ай сайын шәкіртақы
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің отбасылық жобалары: Голдберг машинасынан Нобель сыйлығына дейін
Назарбаев Зияткерлік мектептерінде Голдберг машиналарын құрастыру бойынша инженерлік шығармашылық желілік байқаудың нәтижелері белгілі болды.
NIS Педагогикалық шеберлік орталығы білім берудегі әлемдік тәжірибелердің үздік ондығына енді
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Педагогикалық шеберлік орталығы әлем мұғалімдерінің кәсіби дамуын жоғарылатудағы айрықша жетістіктері үшін әлемдік тәжірибелердің үздік ондығына енді.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.