Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

ҚазҰАЗУ QS WUR пәндік рейтингісінде 401-ден 301–350-ге дейінгі орынға көтеріліп, осы көрсеткіш бойынша Қазақстандық 8 үздік ЖОО қатарынан көрінді

11 сәуір 2023, Сейсенбі
Категориясы: Білім
ҚазҰАЗУ QS WUR пәндік рейтингісінде 401-ден 301–350-ге дейінгі орынға көтеріліп, осы көрсеткіш бойынша Қазақстандық 8 үздік ЖОО қатарынан көрінді
2023 жылғы 22 наурызда Халықаралық QS World University Rankings by Subject 2023 Пәндік рейтингісінің қорытындысы жарияланды. Бұл маңызды рейтингте 54 пәндік бағыт бойынша 161 мемлекеттен 1594 ЖОО бақ сынасты.
QS Quacquarelli Symonds халықаралық талдау агенттігінің пәндік рейтингтері әлемнің 93 елінде 1594 университеттің студенттері 54 пән мен бес кең ауқымдағы пәндік санат бойынша оқытатын 15 700-ден астам жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларына тәуелсіз салыстырмалы талдау арқылы анықталады. Олар әлемдегі ең үздік университеттер рейтингтерінің ‒ QS World University Rankings рейтингтік желісінің бөлігі болып табылады. 
Осы рейтингке енген сегіз қазақстандық ЖОО арасында еліміздің жетекші аграрлық оқу орны саналатын Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті «Ауыл шаруашылығы және Орман ресурстары» (Agriculture and Forestry) бағыты бойынша 401-ден 301– 350-ге дейінгі позицияға көтерілді. 

ҚазҰАЗУ-дың QS by Subject рейтингіндегі тұғырын нығайту университеттің отандық және әлемдік озық ғылыми ұйымдарымен және әлеуетті жұмыс берушілермен жемісті ынтымақтастығымен байланысты. 
QS by Subject рейтингі университеттің академиялық беделін бағалайтын бес индикатор, түлектер туралы жұмыс берушілердің пікірлері, профессор-оқытушылар құрамының ғылыми мақалаларына сілтеме жасау, олардың Хирш индексі және университеттің әлемге әйгілі ұйымдармен халықаралық зерттеу байланыстары негізінде шығарылады.
Халықаралық ынтымақтастықтың дамуы және жүйелі өсіп келе жатқан жарияланым белсенділігі зерттеу университетінің мәртебесін тағы бір рет дәлелдеп, таңдалған даму стратегиясының дұрыстығын көрсетеді.
ҚазҰАЗУ Баспасөз қызметі.
2 420
0
2 дауыс
Оқи отырыңыз
КазНАИУ в предметном рейтинге QS WUR поднялся  с 401 на 301-350 место и вошел в список 8-ми лучших университетов Казахстана по этому показателю
КазНАИУ в предметном рейтинге QS WUR поднялся с 401 на 301-350 место и вошел в список 8-ми лучших университетов Казахстана по этому показателю
22 марта 2023 года опубликован очередной предметный рейтинг QS World University Rankings by Subject 2023. В рейтинге приняли участие 1594 ВУЗа из 161 страны.
Канаданың Қазақстан Республикасындағы елшісі Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университетінде болды
Канаданың Қазақстан Республикасындағы елшісі Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университетінде болды
2023 жылғы 17 ақпанда Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры, ҚР ҰҒА академигі Ақылбек Күрішбаев Канаданың Қазақстан Республикасындағы елшісі Алан Хамсонмен кездесті.
ЖОО - ның білім беру бағдарламаларынының рейтингі: Yessenov University үздік ондыққа енді
ЖОО - ның білім беру бағдарламаларынының рейтингі: Yessenov University үздік ондыққа енді
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының 2021 жылғы рейтингін қорытындылады. ҚР Білім және ғылым министрлігі тапсырмасы бойынша «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ҚР ЖОО - ның білім беру бағдарламаларына
NIS - тің тікелей эфирінде – мұғалімдерді әдістемелік қолдау
NIS - тің тікелей эфирінде – мұғалімдерді әдістемелік қолдау
Биыл алғаш рет еліміздің әрбір мұғалімі жылдың бас педагогикалық кеңесіне қосылуға мүмкіндік алып отыр. Бүгінде NIS - тің орталық кеңсесінде тікелей эфир арқылы ауқымды конференцияның пәндік сессиялары ел аумағына таралатын екі телестудия үздіксіз
Нұр - Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Эльдар Уркумбаев АҚШ - тың Массачусетс штатындағы Массачусетс технологиялық институтынан шақырту алды.
Нұр - Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Эльдар Уркумбаев АҚШ - тың Массачусетс штатындағы Массачусетс технологиялық институтынан шақырту алды.
Университет робототехника мен жасанды интеллект секторлары және ақпараттық технология, физика, химия және математика салаларын оқыту жүйелері бойынша ең таңдаулы болып саналады
CASPIAN STARTUP – 2021 «Жаңаратын энергия көздері»
CASPIAN STARTUP – 2021 «Жаңаратын энергия көздері»
Үшінші CASPIAN STARTUP пандемияға байланысты құрамдас форматта өтеді, тіркелу мен іріктеу кезеңдері онлайн форматта ұйымдастырылып, он үздік финалистер өз жобаларын әділ қазы алқаларының алдында қорғайды деп жоспарлануда.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.