Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

2020 жылғы 30 қыркүйек «Қазақ тілін ұлтаралық қатынас тіліне айналдырудың тиімді жолдары» тақырыбында семинар - кеңес өткізеді

30 қыркүйек 2020, Сәрсенбі
Категориясы: Білім
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті 2020 жылғы 30 қыркүйек күні онлайн режімде «Қазақ тілін ұлтаралық қатынас тіліне айналдырудың тиімді жолдары» тақырыбында семинар - кеңес өткізеді.
Мемлекет басшысы 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында азаматтардың барлық сындарлы өтініш - тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру жөнінде міндет қойған болатын. Президент осы Жолдауында: «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ре­тіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қаты­нас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есеп­теймін»,– деп атап көрсетті.
Жоғарыдағы екі бағыт аясында ұйымдастырылып отырған бұл семинар - кеңес Президенттің «Ана тілі» газетіне берген арнайы сұқбатынан туындайтын «Қазақ тілін жақсы білетін өзге ұлт өкілдерін қолдау» туралы тапсырмасын жүзеге асыру мен қазақ тілін елдегі ұлтаралық қатынас тіліне айналдыру бағытындағы ұсыныстарды талқылау, шешу жолдарын айқындауды мақсат етеді.
Онлайн бас қосуға қатысушыларды Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев пен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Фахриддин Қаратаев құттықтайды.
Шараға Павлодар облыстық еврей этно - мәдени бірлестігінің төрағасы Татьяна Сливинская, «Ватра»Украин мәдени орталығының төрағасы Тарас Чернега, «Қырғызстан - Астана» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Шавкат Исмаилов, «KAZAKH INVEST»ҰК» АҚ баспасөз хатшысы Николай Путилин қатысады.
Өтетін уақыты: 30 қыркүйек 2020 жыл.
Өтетін орны: Нұр - Сұлтан қаласы, Достық үйі.
Басталуы: сағат 11 - 00.
Журналистер үшін мына сілтеме бойынша тікелей байланыс жұмыс жасайды: 812 7544 2203

ПРЕСС - РЕЛИЗ
30 сентября 2020 года Комитет языковой политики Министерства культуры и спорта Республики Казахстан в режиме онлайн проведет семинар - совещание на тему: «Эффективные пути превратить казахского языка в язык межнационального общения».
Глава государства в своем Послании народу Казахстана от 2 сентября 2019 года «Конструктивный общественный диалог – основа стабильности и процветания Казахстана» поставил задачу по реализации концепции «Слышащее государство», в рамках которой все конструктивные обращения и пожелания граждан должны рассматриваться оперативно и эффективно. В этом же послании Президент отметил, что «роль казахского языка как государственного будет усилена и наступит время, когда он станет языком межнационального общения».
Этот семинар - совещание, проводимый в рамках двух направлений, нацелен на реализацию поручения Президента «Поддержка представителей других национальностей, владеющих казахским языком», озвученного в специальном интервью газете «Ана тілі», а также на обсуждение и определение путей решения предложений по превращению казахского языка в язык межнационального общения в стране.
Участников онлайн - встречи поприветствуют заместитель председателя Ассамблеи народа Казахстана Жансеит Туймебаев и депутат Мажилиса Парламента РК Фахриддин Каратаев.
С докладами выступят председатель Павлодарского областного еврейского этнокультурного объединения Татьяна Сливинская, председатель Украинского культурного центра «Ватра» Тарас Чернега, председатель Общественного объединения «Кыргызстан - Астана» Шавкат Исмаилов, пресс - секретарь АО «НК «KAZAKH INVEST»» Николай Путилин.
Дата проведения: 30 сентября 2020 года.
Начало: 11: 00 часов.
Место проведения: г. Нур - Султан, Дом дружбы.
Zoom: 812 7544 2203
1 981
0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
«Тәуелсіздік бәрінен қымбат»: танымдық тағылым
«Тәуелсіздік бәрінен қымбат»: танымдық тағылым
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым - Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетіне жарияланған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласы – еліміздегі саяси­ оқиғалардың ең маңыздысы ретінде қа­былданатын тарихи бағдарламалық құжат болып
«Балалар әдебиеті – ұлт болашағы» тақырыбындағы онлайн конференция өтеді
«Балалар әдебиеті – ұлт болашағы» тақырыбындағы онлайн конференция өтеді
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары, Қазақстан Республикасының Президенті жанынан құрылған Қоғамдық сенім ұлттық кеңесі мүшелері, Нұр - Сұлтан, Алматы,
СДУ сарапшылары бірегей онлайн семинар - тренинг өткізеді
СДУ сарапшылары бірегей онлайн семинар - тренинг өткізеді
9 - 13 қараша аралығында Сулейман Демирель университетінің оқытушылар тобы СДУ - 2020 “Цифрлық білім беру: “i - Мұғалім”моделі” 36 сағаттық онлайн семинар - тренингін өткізеді.
«Мектепке дейінгі ұйымдар басшыларының біліктілігін арттыру: балаларды ерте дамытуды ұйымдастыру тәжірибесі»
«Мектепке дейінгі ұйымдар басшыларының біліктілігін арттыру: балаларды ерте дамытуды ұйымдастыру тәжірибесі»
2020 жылдың 30 қыркүйегінде «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ҚР Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институтында «Білім беру үдерісін психологиялық-педагогикалық қолдау» кафедрасының
Педагогтар Президент Жолдауын талқылады
Педагогтар Президент Жолдауын талқылады
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының филиалы «Нұр - Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектептің» ұстаздары MS Teams платформасы арқылы Президент Қасым - Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс - қимыл кезеңі» атты
Президент педагог мәртебесі туралы заңға қол қойды
Президент педагог мәртебесі туралы заңға қол қойды
Қазақстан президенті Қасым - Жомарт Тоқаев педагог мәртебесі туралы заңға қол қойды. "Мемлекет басшысы "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды", - деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.