Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Қазақ және орыс тілінде оқытатын мектептердің 10 - сынып оқушылары мен колледждің 1 - курс студенттеріне арналған «Денсаулық пен әл - ауқат – табысты болашақтың кепілі» бағдарламасы аясындағы республикалық семинар - практикум

19 мам 2025, Дүйсенбі
Категориясы: Қоғам
Қазақ және орыс тілінде оқытатын мектептердің 10 - сынып оқушылары мен колледждің 1 - курс студенттеріне арналған «Денсаулық пен әл - ауқат – табысты болашақтың кепілі» бағдарламасы аясындағы республикалық семинар - практикум

16 мамыр күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МҚКК қарасты №97 мектеп – гимназияда қазақ және орыс тілінде оқытатын мектептердің 10 - сынып оқушылары мен колледждің 1 - курс студенттеріне арналған  «Денсаулық пен әл - ауқат – табысты болашақтың кепілі» бағдарламасы аясындағы республикалық семинар - практикум өтті.
Бағдарламаның басты мақсаты – жоғары сынып оқушыларының өмірде бақытты және табысты болуы үшін денсаулық пен тепе - теңдікті сақтауына жәрдемдесу.
Республикалық семинар - практикум бірнеше маңызды шараларды біріктірді:
  • семинарға Астана қаласы мектептерінің педагогтері мен Қазақстанның басқа аймақтарындағы білім беру ұйымдарының өкілдері тікелей қатысты;
  • 10 - сынып оқушылары мен сарапшыларды қатыстыра отырып ашық сабақтар өткізілді, яғни Қазақстан мектептерінде бағдарламаны іске асырудың тәжірибесімен бөлісті;
  • еліміздің аймақтарында бағдарламаны таратуға арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Семинаре - практикумде мамандар оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудегі курстың мәні мен рөлін талқылады. «Элективті курс « Адал азамат» біртұтас ұлттық тәрбие құндылықтарын таныту үшін аса маңызды, - деп атап өтті Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МҚКК мониторинг және талдау бөлімінің жетекшісі Анар Досмухаметовна Досмухамет. – Курс тұлғаны жан – жақты қалыптастыру, денсаулығын сақтау, саламатты өмір салтын ұстану, ақылдың тазалығы мен эмоциялық тұрақтылық және қоршаған ортамен тепе – теңдікті сақтауды мақсат етеді.
Курс бағдарламасы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен ҚР Оқу - ағарту министрлігінің Қазақстан Республикасында 2024 - 2026 жылдары мектеп жасындағы балалардың денсаулығын нығайту жөніндегі бірлескен бұйрығының ұстанымына сәйкес келеді. Сонымен қатар ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі, Оқу – ағарту министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2025 - 2027 жылдарға арналған техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін трансформациялауға бағытталған бастамаларды бағдарлама аясында тәжірибе жүзінде іске асыру болып табылады.

«Біздің курс оқушылардың тарихи және ғылыми ойлауын қалыптастырады, білімге деген шығармашылық дағдысын дамытады, ең бастысы, физикалық және менталды денсаулығына практикалық жағынан пайда әкеледі», - деп бағдарлама авторы Алматы қаласы Білім басқармасының ШЖҚ КММ «Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми – әдістемелік орталығының» әдіскері, тарих пәні мұғалімі Ольга Степановна Локтионова өз пікірін білдірді.
Ал бағдарлама авторы Алматы қаласы Білім басқармасының ШЖҚ КММ «Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми – әдістемелік орталығының» баспа ісі мен талдау бөлімінің басшысы Татьяна Владимировна Ежова жас ұрпақты тәрбиелеуде біртұтастықты сақтаудың маңызды екенін атап өте келіп: «Біз, ересектер, жасөспірімдерге жасы өскен сайын кездесетін кедергілерге төзе білуі үшін бар күш - жігерімізді жұмсауымыз қажет, оларға түрлі қиындықтарды жеңуге, болашақта бақытты, саламатты және тепе – теңдікте өмір сүруге жәрдемдесуге тиіспіз»,- деді.

«Денсаулық пен әл - ауқат – табысты болашақтың кепілі» курсының құрылымы бір - бірімен өзара тығыз байланысты алты тараудан тұрады - мықты денсаулық, белсенді ақыл - ой, қоғаммен байланыс, тұлғалық өсу, қаржылық әл – ауқаттың артуы және саламатты әлем - Amway, құндылықтарын көрсететін біртұтас жүйе, - деп атап өтті «Amway Central Asia»ЖШС - інің мемлекеттік органдармен жұмыс бөлімінің басшысы Динмухамед Айсаутов. – Біздің компания осындай маңызды жобаның «жүрегі» екеніне қуаныштымыз».
« Курстың міндеттерінің бірі – қазақстандық жас ұрпақтың белсенді ұстанымын қалыптастыру, - деп толықтырды Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МҚКК мониторинг және талдау бөлімінің әдіскері Шаяханова Роза Акпановна.
 - жастар жаңа бағдарлама сабақтарында алған білімдері арқылы осыған қол жеткізеді. Қазір біздің семинарымызда осындай бір сабақ көрсетілді».

Астанадағы №97 мектеп – гимназияда семинар – практикум аясында 10 - сынып оқушыларымен элективті курс бағдарламасы бойынша ұйқы тақырыбына арналған ашық сабақ өтті. Сарапшылар қызықты формада жоғары сынып оқушылары үшін курстың маңызды тақырыптарының бірін ашып көрсетті. Оқушылар тақырыптың тәжірибелік маңызын талқылады, шақырылған спикерлермен қызықты диалог жүргізді, топтық және жеке тапсырмаларды ынтамен орындады. Күнделікті өмірде қолдануға болатын әрекеттер туралы жаңа білімді игерді. Ал аймақтағы білім беру ұйымдарының өкілдері сабақ жоспарын құрудағы шығармашылықты, білім алушылардың мүмкіндіктерін жоғары бағалады. Сонымен қатар 10 - сынып оқушылары курс аясында еріктілер жобасына қатысу арқылы орта буындағы оқушылармен өз білімдерімен бөлісіп, тәжірибе алмасты.
Ашық сабақтан кейін республиканың әр облысынан келген білім беру ұйымдарының өкілдерімен Қазақстан аймақтарында осы бағдарламаны енгізу мәселесін талқылау алаңына айналдырған дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелдің модераторы «Amway Central Asia»ЖШС - інің оқыту жобалары бойынша жетекші маманы Наталия Александровна Бахтеева Қазақстанның түкпір – түкпірінен келген мұғалімдер мен сарапшыларды жобаның барлық аспектілерімен жете таныстырып, оның еліміздегі жас ұрпаққа тигізер әсерін бағалауды ұсынды.

Қазақстан Республикасы Білім беру ұйымдары мен мемлекеттік мектептердің өкілдерімен қоса дөңгелек үстелге ЖББРА өкілдері де белсене қатысты. «Біз үшін жас қазақстандықтардың әл - ауқатына бағытталған мұндай бастамалар маңызды. Жас ұрпақтың дұрыс бағыты, табысқа ұмтылуы мен жетістікке жетуі еліміздің тұрақты дамуына оң әсерін тигізеді.»,- деп түсіндірді Роза Шариповна Садықова.
Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша бағдарлама жобасын Қазақстанның барлық аймақтарында дамыту ұсынылды. 2025 - 2026 оқу жылында ТжКБ және жоғары сынып оқушылары үшін жобаны оқу бағдарламасына енгізу қадамдары талқыланды.
Қазақстан аймақтарында бағдарламаға жоғары қызығушылық таныту себебі, еліміздің барлық мектептерінде курсты енгізу қажеттілігі туып отыр. Жоғары сынып оқушылары мен колледж студенттері өз өмірін жақсарту мен дұрыс дамуы үшін тәжірибелік дағдыға ие болады. Біз оларды дұрыс бағытап қана қоймай, техникалық басшылық пен алгоритм құралдарымен қамтамасыз етуіміз қажет, сонда ғана жас қазақстандықтардың өз тағдырын батыл түрде қолына алып, қиындықтардан қорықпай, үлкен өмірге дайындықпен, жауапкершілікпен, табыстылықпен аттануына мүмкіндік береміз.

«Amway Центральная Азия» - компания – денсалық пен әл - ауқат бойынша сарапшы, қауымдастықтың көмегімен адамдарға өз денсаулығын нығайту үшін көмектесіп, осы идеяны ұстанатын пайдалы өнімнің әр компоненті денсаулық пен әл - ауқатқа кешенді көмек көрсететінін қолдайды.
«Amway Центральная Азия» – Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолияны қатыстырған біріккен нарық.
Бас офисі Алматы қаласында орналасқан (Қазақстан)
Алматы, Essentai Tower, әл - Фараби даңғылы, 77/7, 2 - қабат.
275
0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
«Дені сау балалар» планетаға көмектеседі: Астанада республикалық экологиялық байқаудың қорытындысы шығарылды
«Дені сау балалар» планетаға көмектеседі: Астанада республикалық экологиялық байқаудың қорытындысы шығарылды
Елордалық оқушылар бүгін нағыз емен аллеясын отырғызды. Бұл «Өз бағыңды өсір» республикалық байқауының жеңімпаздарына ұйымдастырушылардың басты сыйы болды.
Астанада екінші сынып оқушыларына арналған мектеп бағдарламасы аясында пайдалы тағам дайындау бойынша шеберлік сыныбы өтті
Астанада екінші сынып оқушыларына арналған мектеп бағдарламасы аясында пайдалы тағам дайындау бойынша шеберлік сыныбы өтті
№56 мектепте Қазақстанда 10 жыл бойы іске асырылып келе жатқан «Салауатты тамақтану мектебі» білім беру бағдарламасы аясында аспаздық шеберлік сыныбы өтті, онда екінші сынып оқушылары пайдалы тағам дайындады, сондай - ақ дәмді және пайдалы тағам
NIS желілік олимпиадасы – 2021: сәттілік тұмары ақ бата, рухы қазақ Евгений Югай, үш Аружан мен Алматыдағы физика - математика бағытындағы мектептің абсолютті жеңісі
NIS желілік олимпиадасы – 2021: сәттілік тұмары ақ бата, рухы қазақ Евгений Югай, үш Аружан мен Алматыдағы физика - математика бағытындағы мектептің абсолютті жеңісі
Алматы қаласындағы физика - математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі – 2021 жылғы желілік олимпиадада NIS - тің абсолютті чемпионы атанды.
ІІІ тоқсаннан бастап бітіруші сынып оқушылары аралас форматта оқитын болады
ІІІ тоқсаннан бастап бітіруші сынып оқушылары аралас форматта оқитын болады
Ведомствоаралық комиссияның шешімі бойынша III тоқсаннан бастап 9 және 11 (12) сынып оқушылары аралас форматта оқитын болады. Бұл сыныптарда математика, қазақ тілі, орыс тілі, шет тілі, физика, химия, биология, алгебра, геометрия, тарих және т.б.
СДУ сарапшылары бірегей онлайн семинар - тренинг өткізеді
СДУ сарапшылары бірегей онлайн семинар - тренинг өткізеді
9 - 13 қараша аралығында Сулейман Демирель университетінің оқытушылар тобы СДУ - 2020 “Цифрлық білім беру: “i - Мұғалім”моделі” 36 сағаттық онлайн семинар - тренингін өткізеді.
«Мектепке дейінгі ұйымдар басшыларының біліктілігін арттыру: балаларды ерте дамытуды ұйымдастыру тәжірибесі»
«Мектепке дейінгі ұйымдар басшыларының біліктілігін арттыру: балаларды ерте дамытуды ұйымдастыру тәжірибесі»
2020 жылдың 30 қыркүйегінде «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ҚР Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институтында «Білім беру үдерісін психологиялық-педагогикалық қолдау» кафедрасының
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.