Оқушылар мен ата-аналарға арналған «Салауатты бастама» челленджі Қазақстанда басталды!

Балаларды мектепке таңертең дайындауды қалай жағымды отбасылық дәстүрге айналдыруға болады? Қалай жақындарыңызбен көбірек уақыт өткізіп, пайдалы әдеттердің іргетасын қалау керек?
22 қыркүйектен бастап «Nestlé. Денi сау баламен» Салауатты бастама» атты отбасылық челлендж басталады. Ол күнделікті тұрмыстық істерді жағымды дәстүрге айналдыруға арналған қарапайым идеяларды ұсынады. Жоба Nestlé-нің «Салауатты мектеп» атты білім беру бағдарламасы аясында өтеді. Бұл бастама бүкіл Қазақстан бойынша 200 000 баланы қамтып үлгерді және денсаулыққа қамқорлық жасау күнделікті өмірдің ажырамас бөлігі бола алатынын айқындайды.

«Nestlé-де біз балалармен олардың түсінігіне сай тілде сөйлесуге тырысамыз. Теңгерімді әрі дұрыс тамақтанудың маңыздылығын түсіндіру үшін интерактивті бастамаларды қолданамыз. «Nestlé. Денi сау баламен» Салауатты бастама» челленджі сияқты жобалар балалардың денсаулыққа қамқорлық жасау және айналадағы әлемге назар аудару сияқты маңызды дағдыларды қалыптастыруына көмектеседі. Дәл осыны біз адамдар мен Жер планетасының болашағына қосқан үлесіміз деп санаймыз», - деп атап өтті Nestlé компаниясының Еуразия өңірі бойынша бас директоры Максим Щетин.
Челленджге отбасымен қосылу қажет болған 5 себеп:
1. Күнделікті тұрмысты ойынға айналдыру
Бір айдан астам уақыт бойы отбасылар пайдалы әдеттерді ойынға айналдырып, онлайн-челленджге қатысады.
Челлендж төрт кезеңнен тұрады, әр кезең 10 күнге созылады және әр кезең жаңа мазмұнмен өтеді:
• «Жемісті жарылыс: тағамнан жасалған сурет» – ата-аналар мен балалар шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, тағамнан сурет жасап, өз жұмыстарының фотосын челлендж сайтына жүктеуі керек;
• «Суперқаһарманның таңғы асы» – күн сайын пайдалы таңғы ас дайындап, нәтижелерімен бөлісу міндеті;
• «Бірге қимылдаймыз!» – қатысушылар бірлескен дене белсенділігінің көңілді түрлерін ойлап тауып, фото немесе бейнемен бөліседі;
• «ЭКОқаһармандар» – отбасылар экологияға қамқорлық тақырыбында фотоларымен бөлісетін кезең.
2. Отбасылық формат
Челлендж ата-аналар мен балалардың бірлесіп қатысуы үшін жасалған. Белсенділік барысында олар тек саналы түрде тамақтану әдетін нығайтып қана қоймай, бірге уақыт өткізудің жаңа жолдарын табады. Осылайша әрбір күн шағын отбасылық мерекеге айналады.
3. Экологиялық саналы өмірге апарар қарапайым қадамдар
Жерге деген қамқорлық та бағдарламаның бір бөлігіне айналды. Жоба аясында қоқысты сұрыптау, макулатура жинау, суды үнемдеу сияқты практикалық тапсырмалармен эко-апта өткізу қарастырылған.
4. Қанаттандыратын сыйлықтар
Қатысушылар үшін челлендж тақырыптарымен тікелей байланысты сыйлықтар қарастырылған.
Бас жүлде – тұрмыстық техникаға сертификат.
Ал басқа пайдалы сыйлықтар жобадан кейін де салауатты өмір салтын сақтауға көмектеседі: смузи дайындауға арналған блендер, аэрогриль, әр отбасы мүшесіне фитнес-браслет, планшет, дауыс көмекшісі бар аудиоколонка және отбасылық пікникке арналған жиынтық.
5. Жаһандық бастаманың бір бөлігі
«Nestlé. Денi сау баламен» Салауатты бастама» челленджі еліміздің мектептерінде 10 жылдан астам уақыт бойы табысты іске асырылып келе жатқан «Салауатты мектеп» бағдарламасы аясында басталады.
Бағдарлама Nestlé компаниясының жаһандық Nestlé for Healthier Kids бастамасының бір бөлігі болып табылады. Оның мақсаты – 2030 жылға дейін бүкіл әлем бойынша 50 миллион балаға салауатты өмір салтын ұстануға көмектесу.
Челлендж туралы толық ақпаратты біліп, оған қосылу үшін pravpit.kz сайтына өтуге болады.
«Салауатты мектеп» бағдарламасы
«Салауатты мектеп» 2013 жылдан бері елорда мен Алматы қаласының мектептерінде жұмыс істейді, ал 2023 жылдан бастап Қазақстанның басқа қалаларына да кеңейтілуде. Бағдарлама 7–10 жас аралығындағы балаларға бағытталған және мұғалімдер өткізетін сабақтар жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Ол Алматы қаласы Білім басқармасының Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми-әдістемелік орталығы және Қазақстан Тамақтану академиясымен бірлесіп әзірленген.
Nestlé компаниясы туралы
Nestlé – әлемдегі ең ірі азық-түлік пен сусын өндіруші компания. Компания өз қызметін 188 елде жүргізеді. Әлем бойынша шамамен 275 мың қызметкері бар және олардың барлығы Nestlé-нің ортақ мақсатын көздейді: өнімдердің пайдасын аша отырып, біз әр адамның өмір сапасын бүгін және болашақ ұрпақ үшін арттырамыз. Nestlé адамдардың ғана емес, олардың сүйікті үй жануарларының өмірін де жақсартуға арналған кең ассортименттегі өнімдер мен қызметтерді ұсынады. Компания өз қызметінде тамақтану және салауатты өмір саласы бойынша терең сараптамасына негізделген стратегияны басшылыққа алады. Nestlé-нің штаб-пәтері Швейцарияның Веве қаласында орналасқан, осыдан 150 жылдан астам уақыт бұрын компанияның тарихы дәл осы жерден басталды.

Оқушылар мен ата-аналарға арналған «Салауатты бастама» челленджі Nestlé. Денi сау баламен Салауатты бастама
Оқи отырыңыз
Nestlé компаниясы METRO халықаралық көтерме сауда желісімен бірлесіп Алматыда екінші сынып оқушылары үшін білім беру шеберлік сабағын ұйымдастырады
15 қаңтарда Қазақстандағы Nestlé компаниясы METRO Cash & Carry халықаралық көтерме сауда желісімен бірлесіп Алматыда екінші сынып оқушылары үшін білім беру шеберлік сабағын ұйымдастырады.
Қазақстанда «Салауатты тамақтану мектебі» бағдарламасы аясында «Дені сау және бақытты ұрпақ тәрбиелейміз» атты фотосуреттер байқауы басталды
11 желтоқсан 2024 жыл , Алматы – Nestlé компаниясының қолдауымен жүзеге асырылатын «Салауатты тамақтану мектебі» бағдарламасы («Nestlé for Healthier Kids» жаһандық бастамасының бөлігі) аясында «Дені сау және бақытты ұрпақ тәрбиелейміз» атты ауқымды
Білім беру бағдарламалары балалардың денсаулығын жақсартады: Қазақстан мектептеріндегі зерттеу нәтижелері
Халық денсаулығын нығайту Қазақстандағы мемлекеттік деңгейдегі ең маңызды міндеттердің бірі болып табылады
«Дені сау балалар» планетаға көмектеседі: Астанада республикалық экологиялық байқаудың қорытындысы шығарылды
Елордалық оқушылар бүгін нағыз емен аллеясын отырғызды. Бұл «Өз бағыңды өсір» республикалық байқауының жеңімпаздарына ұйымдастырушылардың басты сыйы болды.
Астанада екінші сынып оқушыларына арналған мектеп бағдарламасы аясында пайдалы тағам дайындау бойынша шеберлік сыныбы өтті
№56 мектепте Қазақстанда 10 жыл бойы іске асырылып келе жатқан «Салауатты тамақтану мектебі» білім беру бағдарламасы аясында аспаздық шеберлік сыныбы өтті, онда екінші сынып оқушылары пайдалы тағам дайындады, сондай - ақ дәмді және пайдалы тағам
БҒМ педагогтерге ескертеді: ақылы конкурстарда берілетін марапаттар аттестаттау кезінде ескерілмейді
Қазақстанда кейбір жеке тұлғалар педагогтерге арналған жалған наградаларды жасап, оларды оңды-солды сатып жатыр. Күмәнді ақылы конкурстарға қатысу нәтижесінде алынған наградалар мен дипломдар педагогтерді аттестаттаудан өткізу кезінде ескерілмейді.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.