Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


16 желтоқсан тәуелсіздік күні сценарий

17 қараша 2024, Жексенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
16 желтоқсан тәуелсіздік күні сценарий

Мақсаты: Тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беру. Ата - бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отанын сүюге, еліне, халқына қызмет етуге тәрбиелеу. Еліміздің тәуелсіздігін атап өту қарсаңында ел тарихына шолу жасау. Тәуелсіз еліміздің жетістіктерімен таныстырып, білгендерін тереңдету. Көрнекілігі: шарлар, нақыл сөздер, слайд.

Барысы: Әнұран орындалады.
1 - жүргізуші:
- Құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар мен шәкірттер! Гимназия мектебінің 7 «Г» сыныбының оқушылары дайындаған «Желтоқсан – тәуелсіздіктің бастауы» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Биыл еліміздің сан мың жылдар бойы армандаған тәуелсіздік алғанымызға 33 жыл толып отыр.
2 - жүргізуші:
- Егемен еліміздің ең ұлық, ең қастерлі мерекесі – Тәуелсіздік күні. Тәуелсіздіктің тал бесігінде тербелген ардақты ағайындар, мереке құтты болсын!
1 - жүргізуші:
- Тәуелсіздіктің түп – тамыры Желтоқсан оқиғасына тікелей байланысты екеніне ешкім дау айта қоймас. Десек те, 1986 жылдың қайғылы желтоқсаны бір күнгі немесе бір жылғы наразылықтың көрінісі болмаса керек.
2 - жүргізуші:
- Достар, мен тәуелсіз ел болу дегенімізді өзіңнің өзгелермен тең екендігіңді сезіну және ана тіліңде емін - еркін сөйлеуің деп түсінемін.
1 - жүргізуші:
- Олай болса, біздің достарымыз тәуелсіздік туралы не айтады екен?

1 - оқушы:
Тәуелсіздік – менің байтақ Отаным
Бір өзіңсің Мұхтар, Абай, Шоқаным
Тәуелсіздік – сәбилердің шаттығы
Тәуелсіздік, тәуелсіздік – жыр әнім

2 - оқушы:
Тәуелсіздік таңы атты,
Азаттықтың күні атты.
Тәуелсіздік алған ел,
Егемен қазақ халқы.

1 - жүргізуші.
- Бостандық деп аталатын асқақ арман жолында қаншама қан төгілді, қаншама батыр мерт болды. Бұл арпалыс бір күн, бір жыл, бір мезет емес, талай ғасырларға созылған. Осы арпалысты жай тілмен тарих дейді. Ендеше, тәуелсіздік жолындағы тарих беттеріне тағы бір зер салайық.

Көрініс «Бөгенбайдың қазақтарды жоңғарларға қарсы шабуылға шақыруы»
3 - оқушы:
Қалса да қайда көлің, қайда жерің,
Қасқайып хақ жолынан таймап едің.
Айрылып күндіз – күлкі, түнде – ұйқыдан
Күткенің осы еді ғой, қайран елім!

4 - оқушы:
Республика! Ерікті ел – Қазақстан!
Келді ақыры көп күткен жаз алыстан.
Келді алыстан аңсатып, армандатып,
Торды бұзған мен де бір мәз арыстан.

5 - оқушы:
Өр едің өліссең де беріспеген,
Ел едің еншісін де бөліспеген.
Зар мұңның әні бар ма сен айтпаған,
Тағдырдың зәрі бар ма сен ішпеген?

2 - жүргізуші:
- 1931 - 33 жылдары өркениетті қоғам құру шаралары бүкіл елді тығырыққа тіреді. Аштықтан, түрлі індеттерден халықтың 40 % қырылды. 1 млн 578 мың халық ата-мекенін тастап кетті. 40 жылдай уақыт өткеннен кейін ғана бәрі қалпына келді.

6 - оқушы:
Хандардың қайталама қателерін,
«Ұлт бол» деген нығайтып қатарларын.
Мағжан мен Мұхтар, Жүсіпбектің
Ұмытпа ешқашан баталарын.

7 - оқушы:
Біз намыскер – қазақ елі ұланымыз,
Қорғайтын жерді Отан – қыранымыз.
«Талап, еңбек, терең ой, қанағат қыл, Рақым ет» - дер Абай айтқан ұранымыз.

8 - оқушы:
Бізге де кез келді ғой көктем шығар,
Зілзала, құйын заман өткен шығар.
Күндіз – түні шырылдаған құлын даусың
Құдайдың құлағына жеткен шығар.
Бейнетаспадан көрініс көрсету «Қазақ елінің дамуы»

9 - оқушы:
Қара мына ғажапқа,
Теңдік тиді қазаққа.
Езгідегі ұрпағың
Енді айналмас мазаққа.

10- оқушы:
Өзіңдікі туың да,
От пен ауа, суың да.
Жаса Қазақстаным!
Белді бекем буын да.

11 - оқушы:
Ұраның да жасасын! Құраның да жасасын!
Қасиет кие дарыған, ұланың да жасасын!
Қанатынан қайрылып, қыл арқаннан майрылып,
Қонақ тәуелсіздіктен, қала көрме айрылып.

1 - жүргізуші:
- 1937 - 38 - жылдары лаңкестік жаппай сипат алды. Бұл жылдарда Кеңес үкіметін нығайтуға қатысқан 27 мыңнан астам көрнекті қайраткерлер атылды.

2 - жүргізуші:
- Ал 1941 - 45 - жылдары қиында ұзақ 4 жылға созылған Ұлы Отан соғысы болды. 1418 күнде 20 млн. адам қаза тапты. Достар, ерлік көрсеткен батырларды атайықшы.

12 - оқушы:
Құтты болсын тәуелсіздік мейрамы,
Ол әркімге бейбіт өмір сыйлады.
Аңсаған сан ғасырлық арман болып,
Қол жеткізген шындық жырын жырлады.

13 - оқушы:
Беу Астана! Ардақты ақ қаласың!
Жасап жатыр туған ел салт – жорасын.
Туған күнің, Астана, құтты болсын!
Бақытты бол! Ортаймас бақ орнасын!

16 желтоқсан тәуелсіздік күні сценарий жүктеу
9 424
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Желтоқсан – тәуелсіздіктің бастауы
Желтоқсан – тәуелсіздіктің бастауы
Тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беру. Ата - бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отанын сүюге, еліне, халқына қызмет етуге тәрбиелеу. Еліміздің тәуелсіздігін атап өту қарсаңында ел тарихына шолу жасау. Тәуелсіз еліміздің
"Тәуелсіздіктің арайлы таңы"
"Тәуелсіздіктің арайлы таңы"
Мақсаты: Тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беру. Ата - бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отанын сүюге, еліне, халқына қызмет етуге тәрбиелеу. Еліміздің тәуелсіздігін атап өту қарсаңында ел тарихына шолу жасау. Тәуелсіз еліміздің
Тәуелсіздік – ата бабам аңсаған
Тәуелсіздік – ата бабам аңсаған
Жезқазған қаласы, №10 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Батаева Зағира Карабековна
Тәуелсіздік - тәу етер тұғырым (әдеби кеш)
Тәуелсіздік - тәу етер тұғырым (әдеби кеш)
Ақтөбе қаласы, №33 қазақ орта жалпы білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Бисенбай Ақмарал Жексенбайқызы
Жаса, Қазақстан
Жаса, Қазақстан
Ақтөбе облысы, Алға қаласы, В. И. Пацаев атындағы №2 Алға орта мектебінің тарих пәні мұғалімі. Ешбаева Кенжегүл Өтелбайқызы
Тәуелсіз Қазақстан
Тәуелсіз Қазақстан
Астана қаласы, №63 «Әсем - Ай» балабақшасының «Алпамыс» шағын орталығының тәрбиешісі Нұрманова Гүлжан Орынбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×