Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Алматы қаласындағы педагогтар конференциясы: Қазақстан салауатты ұрпақты қалай тәрбиелеуде

10 қараша 2025, Дүйсенбі
Категориясы: Қоғам
Алматы қаласындағы педагогтар конференциясы: Қазақстан салауатты ұрпақты қалай тәрбиелеуде
5 қараша 2025, Алматы қ. – Алматыда Nestlé for Healthier Kids жаһандық бастамасының бір бөлігі болып табылатын «Салауатты тамақтану мектебі» бағдарламасына арналған халықаралық конференция өтті. Кездесуге Қазақстан, Өзбекстан, Грузия және Ресей елдерінен келген 130 - дан астам қатысушы – педагогтар, білім беру саласының сарапшылары мен салалық ұйымдардың өкілдері жиналды.
Іс - шараның басты назарында 2024 – 2025 оқу жылындағы жобаның қорытындылары мен Қазақстан мектептерінде бағдарламаны одан әрі дамыту қадамдары болды. «Салауатты тамақтану мектебі» бағдарламасы елімізде 2013 жылдан бастап Nestlé компаниясы, Алматы қаласы Білім басқармасының Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми - әдістемелік орталығы, Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығы және Қазақ тағамтану академиясымен бірлесе жүзеге асырылып келеді. Бағдарлама 500 мыңнан астам баланы және ел бойынша ондаған мектепті қамтыды. Жыл сайын оқушылар сабақтарда, квесттерде, экскурсияларда және байқауларда өз денсаулығына қалай қамқор болу керектігін үйренеді.
Жыл бойы бағдарламаға қатысушы жас өрендер ата - аналарымен бірге жыл ішіндегі түрлі іс - шараларға белсенді қатысты: «Nestlé. Салауатты балалар» жобасы аясындағы «Салауатты бастау» челленджіне және «Салауатты әрі бақытты ұрпақ тәрбиелейміз» атты фотобайқауға қатысты, аспаздық батлда пайдалы тағамдар дайындады, «Біздің дастархан» көрмесіне суреттер салды және супермаркеттерге экскурсия барысында пайдалы өнімдерді таңдауды үйренді.
Конференция барысында педагогтар өздерінің үздік тәжірибелерімен бөлісіп, оқушылардың қызығушылығын арттырудың, сабақтарды әсерлі де мазмұнды етудің, сондай - ақ балаларды «дұрыс тағам үлесін» құрастыруға үйретудің тиімді тәсілдері туралы айтты. Өзбекстан, Грузия және Ресейден келген қонақтар өз елдеріндегі бағдарламаны іске асыру тәжірибесімен бөлісіп, оны одан әрі жетілдіруге арналған жаңа идеялар мен ұсыныстарын ортаға салды.
Конференция аясында Қазақстан мұғалімдері арасында өткен Республикалық әдістемелер байқауының финалы ұйымдастырылды. Финалға өткен қатысушылар салауатты тамақтану негіздерін оқыту бойынша өздерінің авторлық әдістемелерін ұсынды. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.
«Nestlé үшін білім беру бастамаларын қолдау – бұл тұрақты болашаққа және келер ұрпақтың денсаулығына қосқан үлес. «Салауатты тамақтану мектебі» бағдарламасы өзінің тиімділігін дәлелдеді: балалар тамақтану мен экологияға саналы түрде қарауды үйреніп келеді. Біз бағдарламаның аясын кеңейтіп, өңірдегі мүмкіндігінше көп оқушының салауатты әрі бақытты өсуіне жағдай жасай береміз», – деді Nestlé компаниясының Еуразия өңіріндегі басшысы Максим Щетин.
«Мектеп – өмір бойы сақталатын дағдылардың қалыптасатын орны. Біз балалардың ойлау жүйесінің өзгеріп келе жатқанын байқаймыз: олар өзіне және айналасына мұқият қарай бастады. Бұл – педагогтар, ата - аналар және бағдарлама серіктестерінің бірлескен еңбегінің нәтижесі», – деп атап өтті Алматы қаласы Білім басқармасының Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми - әдістемелік орталығының ақпараттық - баспа бөлімінің басшысы Татьяна Ежова.
«Салауатты тамақтану мектебі» бағдарламасын оқу процесіне енгізу сабақтарды барынша тәжірибелік және заманауи етуге мүмкіндік береді. Балалар тек тыңдап қана қоймай, өздері байқап көреді, талқылайды, қорытынды шығарады. Міне, бұл – тәжірибе арқылы үйретудің нағыз үлгісі», – деді Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығының бөлім басшысы Анар Досмұхамет.
Конференция аясында педагогтарға арналған арнайы тренингтер өткізілді. Қатысушылар XXI ғасыр балаларының физикалық, когнитивтік және психологиялық дамуының өзекті үрдістерін талқылап, қазіргі буын оқушыларын тереңірек түсінуді және әріптестер мен серіктестермен тиімді өзара іс - қимыл орнату тәсілдерін үйренді.
«Салауатты тамақтану мектебі» бағдарламасы туралы
«Салауатты тамақтану мектебі» қазақстандық бағдарламасы жаһандық «Nestlé for Healthier Kids» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Бастаманың мақсаты – 2030 жылға қарай әлем бойынша 50 миллион балаға салауатты өмір сүруге көмектесу. «Салауатты тамақтану мектебі» елорда мен Алматы мектептерінде 2013 жылдан бері жұмыс істеп келеді, ал 2023 жылдан бастап географиясын Қазақстанның басқа қалаларына кеңейтуде. Бағдарлама 6 - 8 жас аралығындағы балаларға бағытталған және мұғалімдер жүргізетін сабақтар жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Ол Алматы қаласы Білім басқармасының қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми - әдістемелік орталығы мен Қазақ тағамтану академиясымен бірлесіп әзірленген. Бүгінгі күні Қазақстанда «Дұрыс тамақтану мектебімен» барлығы 250 мыңнан астам бала танысты.
Nestlé компаниясы туралы
Nestlé - әлемдегі ең ірі тамақ және сусындар компаниясы. Компания әлемнің 188 елінде бизнес жүргізеді. Оның дүние жүзіндегі шамамен 275 000 қызметкері Nestlé - нің мақсатын бөліседі: өнімдеріміздің артықшылықтарын ашу арқылы біз барлығының – бүгінгі және болашақ ұрпақтың өмір сүру сапасын жақсартамыз. Nestlé адамдардың ғана емес, олардың сүйікті үй жануарларының да өмірін жақсартуға арналған өнімдер мен қызметтердің кең ауқымын ұсынады. Компанияның қызметі дұрыс тамақтану және салауатты өмір салты саласындағы терең тәжірибесіне негізделген стратегияны басшылыққа алады. Nestlé штаб - пәтері компанияның тарихы 150 жылдан астам уақыт бұрын басталған Швейцарияның Веве қаласында орналасқан.
1 093
0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
Оқушылар мен ата-аналарға арналған «Салауатты бастама» челленджі Қазақстанда басталды!
Оқушылар мен ата-аналарға арналған «Салауатты бастама» челленджі Қазақстанда басталды!
22 қыркүйектен бастап «Nestlé. Денi сау баламен» Салауатты бастама» атты отбасылық челлендж басталады. Ол күнделікті тұрмыстық істерді жағымды дәстүрге айналдыруға арналған қарапайым идеяларды ұсынады.
Nestlé компаниясы METRO халықаралық көтерме сауда желісімен бірлесіп Алматыда екінші сынып оқушылары үшін білім беру шеберлік сабағын ұйымдастырады
Nestlé компаниясы METRO халықаралық көтерме сауда желісімен бірлесіп Алматыда екінші сынып оқушылары үшін білім беру шеберлік сабағын ұйымдастырады
15 қаңтарда Қазақстандағы Nestlé компаниясы METRO Cash & Carry халықаралық көтерме сауда желісімен бірлесіп Алматыда екінші сынып оқушылары үшін білім беру шеберлік сабағын ұйымдастырады.
Қазақстанда «Салауатты тамақтану мектебі» бағдарламасы аясында «Дені сау және бақытты ұрпақ тәрбиелейміз» атты фотосуреттер байқауы басталды
Қазақстанда «Салауатты тамақтану мектебі» бағдарламасы аясында «Дені сау және бақытты ұрпақ тәрбиелейміз» атты фотосуреттер байқауы басталды
11 желтоқсан 2024 жыл , Алматы – Nestlé компаниясының қолдауымен жүзеге асырылатын «Салауатты тамақтану мектебі» бағдарламасы («Nestlé for Healthier Kids» жаһандық бастамасының бөлігі) аясында «Дені сау және бақытты ұрпақ тәрбиелейміз» атты ауқымды
Білім беру бағдарламалары балалардың денсаулығын жақсартады: Қазақстан мектептеріндегі зерттеу нәтижелері
Білім беру бағдарламалары балалардың денсаулығын жақсартады: Қазақстан мектептеріндегі зерттеу нәтижелері
Халық денсаулығын нығайту Қазақстандағы мемлекеттік деңгейдегі ең маңызды міндеттердің бірі болып табылады
«Дені сау балалар» планетаға көмектеседі: Астанада республикалық экологиялық байқаудың қорытындысы шығарылды
«Дені сау балалар» планетаға көмектеседі: Астанада республикалық экологиялық байқаудың қорытындысы шығарылды
Елордалық оқушылар бүгін нағыз емен аллеясын отырғызды. Бұл «Өз бағыңды өсір» республикалық байқауының жеңімпаздарына ұйымдастырушылардың басты сыйы болды.
Астанада екінші сынып оқушыларына арналған мектеп бағдарламасы аясында пайдалы тағам дайындау бойынша шеберлік сыныбы өтті
Астанада екінші сынып оқушыларына арналған мектеп бағдарламасы аясында пайдалы тағам дайындау бойынша шеберлік сыныбы өтті
№56 мектепте Қазақстанда 10 жыл бойы іске асырылып келе жатқан «Салауатты тамақтану мектебі» білім беру бағдарламасы аясында аспаздық шеберлік сыныбы өтті, онда екінші сынып оқушылары пайдалы тағам дайындады, сондай - ақ дәмді және пайдалы тағам
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.