Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қош бол, сүйікті әліппем!

28 мам 2015, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Қош бол, сүйікті әліппем!

Мақсаты: Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін тиянақтау.
Құрметті қонақтар, ата - аналар, әріптестер, оқушылар! Бүгін біздің мектебімізде үлкен мереке, зор қуаныш.
1 «в»- сынып оқушылары өздерінің сүйікті әліппелерін бітіріп қоштасқалы отыр.
Бар кітапқа бас болған
Әліппеден басталған
Әліппе - ғылым анасы
Даналықтың данасы.
Бүгінгі қуанышты күн Әліппемен қоштасу мерекесі құтты болсын!
Әліппе - білімнің, ғылымның басы демекші Қош бол, сүйікті әліппем атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Балалар мына жұмбақтың шешуін табыңдаршы.
Әр білімнің бастауы
Бар ғылымның бастауы
Жас балаға нұр шашқан
Қандай кітап тіл ашқан?
Бәрі: Әліппе!
Мұғалім: Дұрыс балалар, енді ортамызға өздеріңнің сүйікті достарың Әліппені шақырайық.
Балалар: Келіңіз, Әліппе, келіңіз!

Әліппе сөзі: Армысыздар, жан достар!
Армысыздар, ата - ана!
Болашаққа жол бастар
Әліппе келді ортаға
Білім деген ғажаптың
Әліппесін меңгерген
Келешегі ғажаптың
Басталады сендерден.
Мұғалім: Балалар біз Әліппеге рахмет айтамыз. Рахметімізді ән шашумен жеткізейік.
Хор: Әліппе әні.

Мұғалім: Енді өлең, тақпағымыз әліппеге арналады.
1 - оқушы: Ыстық әрбір беттерің
Жазуыңды ұғамын
Ақыл бердің Әліппе
Ақылды сен мұғалім!

2 - оқушы: Ізгілікті ойға тоқитын
Шәкірт боп үздік оқитын
Әліппе атты кемемен
Кеземін білім мұхитын.

3 - оқушы: Үйретті бізді Әліппе
42 - дербес әріпке
Сөз, сөйлем құрап әріптен,
Лайық болдық дәріпке.

4 - оқушы: Оқитын әрі жазатын
Білімге қол созатын
Оқушы болдық сауатты
Білімнің кенін қазатын.

5 - оқушы: Іші толы әріпке,
Мынау әйбат Әліппе
Барлық ілім, білімнің
Әжесі осы Әліппе.

6 - оқушы: «А» деген ол аналар ғой ардақты
«Ә» деген ол әкелер ғой салмақты
«Б» деген ол балалар ғой әдемі
Біздің елде үшеуі де кәделі.
7 - оқушы: Әліппем, менің әліппем
Сені қолға алып мен
Есігін аштым мектептің
Ертеңгі күнмен жарықпен.

8 - оқушы: Пайдаң тиіп отанға
Риза болсын халқымыз
«5» болсын алар бағамыз
Білімнен бақыт табамыз.
Ән: «Қошақаным»
Би: «Қаражорға»
Қане балалар ендеше Әліппені шығарып салайық.
Хормен: «Қош бол сүйікті Әліппе»
Мұғалім: Балалар сендердің білімдеріңді, өнерлеріңді көріп, Әліппе сендерге риза болып кетті.
Ал енді «Ана тілі» кітабын оқитын боласыңдар. Бұл пәнді де жақсы оқиды деп сенемін. Ана тілін шақырамыз.
Хормен: «Ана тілі, Ана тілі»
Ана тілі келеді.

1 - оқушы: Ана тілің біліп қой
Бостандығың, теңдігің
Ана тілің біліп қой
Мақтанышың елдігің.
Ән: «Топ - топ балақан»
Би: Орыс биі.
Келесі кезекті «Кім жылдам» ойынына береміз. Балалар үрілген шарды жарады, оның ішіндегі тапсырмаларға жылдам жауап беруі тиіс.
Көңілді күн биі. Барлығы бірге билейді.
Сөз кезегін ата - аналарға береміз.
Осымен бүгінгі «Қош бол сүйікті Әліппе» атты мерекелік кешімізді аяқтаймыз. Біздің қадірлі қонағымыз болғандарыңыз үшін көп - көп рахмет.
4 573
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қош бол, сүйікті әліппем!
Қош бол, сүйікті әліппем!
Барлық білім беташары Әліппені бітірулеріне байланысты оқушылардың өз ризашылықтарын білдіруі. Өздерінің оқығандарын, үйренгендерін білгендерін көрсету. Оқушылардың сауат ашу барысында алған білімін тиянақтау. Қандай білім игергенін іс жүзінде
Қош бол, құтты әліппем!
Қош бол, құтты әліппем!
Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Қ. Сәтбаев атындағы ЖОББМ Бастауыш сынып мұғалімі: Кожагалиева Айнур Набигалиевна
Әліппемен қоштасу
Әліппемен қоштасу
Бастауыш сынып мұғалімі Калиева Гулнара
Қош бол, құтты Әліппем!
Қош бол, құтты Әліппем!
Қостанай облысы, Рудный қаласы, №15 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Салтенова Нұргүл Сақтағанқызы
Әліппе, саған мың алғыс!
Әліппе, саған мың алғыс!
Бастауыш сынып мұғалімі Жанпеисова Фарида
Әліппемен қоштасу
Әліппемен қоштасу
Ақтөбе қаласы, №1 орта мектептің бастауыш класс мұғалімі Бекбергенова Сара Алимжановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×