Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жасыл шырша жанында

16 қаңтар 2016, Сенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,
№24жалпы білім беру орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Бигельдиева Айткүл Амантұрлықызы

Жасыл шырша жанында
Қайырлы күн, құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар!
Бүгін міне, 1 «А» сынып оқушыларының жаңа жылды қарсы алуға арналған « Жасыл шырша жанында» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Аппақ бүгін қыр далам
Ақ дастархан жапқандай
Көңілде көп қуаныш
Сәуле шашып жатқандай.
Ән айтайық қол ұстасып
Би билейік жөңкіліп,
Біреу қуып, біреу қашып
Мәз болайық біз күліп
Қош келдіңіз ата – ана
Қарсы аламыз орын беріп
Ән салыңыз бізбен бірге
Би билеңіз бізге еріп! Жаңа жыл құтты болсын!

1 оқушы: Төрле, төрле – Жаңа жыл!
Айтамыз тебірене жаңа жыр
Төрле – төрле құтты жыл!
Халыққа әркез жүрші төгіп нұр.

2 оқушы: Төрле – төрле құтты жыл!
Жүректері қуаныштан толқып тұр
Қуаныштан айтылады әсем жыр
Балалардың қуанышында шек болмай

3 оқушы: Қуаныш пен шаттыққа кенелейік
Жадырап, ән шырқап, тербелейік
Төрле – төрле халқымның құтты жылы
Бәріміз дөңгелене кел билейік.

Ән: « Зырлайды шанамыз»
( Аяз ата мен Ақшақар келеді )

4 оқушы: Келді міне, Жаңа жыл ауылыма
Соғар бетке аңыздақ, дауылы да
Мамығындай ақ қардың ақшақарда
Несіп келді бүгін құтты Атаға

5 оқушы: Жылан жылын атамыз алып келді
Тамсана аралайды елді енді
Сүйкімді Ақшақарын ілестіріп
Сыйлықтарын тұр енді үлестіріп.

6 оқушы: Келіңіздер, шығыңыздар ортаға
Айтыңыздар жақсы жырды Атаға
Кел балақай, ән шырқайық тағы да
Риза болсын жадырап Ақшақар да.

Ән: «Тамаша»

7 оқушы: Тамаша, тамаша
Шыршамыз тұр жараса
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.

8 оқушы: Жаңа жылды қарсы алып
Барлық бала ән салып
Ақшақар жүр би билеп
Қол соғады барша жұрт

9 оқушы: Шыршамыз да керемет
Ойыншықтар тағылған
Алыс жақтан келіп тұр
Аяз ата сағынған
(Ақшақар тақпағын айтып, Ұлпақарлар биін билейді)

10 оқушы: Жүзімізде күлкі ойнап
Қанаттанды жанымыз
Жаңа жылды біз тойлап
Шаттанамыз бәріміз.

11 оқушы: Өлең де әзір, ән де әзір,
Ойын да әзір, бәрі әзір
Кел Жаңа жыл біздерге
Кел Жаңа жыл, жаңа жыл

12 оқушы: Армысыз, Аяз ата ақсақалым
Бармысыз сұлу көркем Ақшақарым
Асыға тағатсыздық сезімменен
Тосуда өзіңізді барша қауым.
Аяз ата «Әуенді стол» ойынын ойнатады.

13 оқушы: Төрлет кәне Жаңа жыл
Үлестіріп құт береке,
Көп қуаныш ала жүр
Көп болсыншы мереке.

14 оқушы: Ақша қарға малынып
Аппақ тонын жамылып
Сақалы мен мұртына
Күміс моншақ тағынып
Аяз ата келеді
Балаларды сағынып.

15 оқушы: Жаңа жыл, жаңа жыл,
Кел қалама, далама
Нұрлы күнді жалғастыр
Біз мінейік шанаға
Ойын «Шар жару»

16 оқушы: Аяз ата ойды, қырды
Аралап жүр түгел шалып,
Қарсы алғалы жаңа жылды
Ол да көптің бірі болып.

17 оқушы: Мұртынан мұз қасынан қар
Қырау төгіп кірпігінен
Алдымызда тұр ақсақал
Көздерінен нұр төгілген.

18 оқушы: Қайда қызық болса думан
Аяз ата сонда болды
Күні бойы ойнап бірге
Балалармен бірге қонды

Ән: « Жаңа жыл»
Ойын «Алма жеу»
Ән: «Траляла - ля
(Балалар паровоз болып залдан шығып кетеді)
4 815
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қош келдің, Жаңа жыл!
Қош келдің, Жаңа жыл!
Балаларға «Жаңа жыл» мерекесін дәстүрлі емес жолмен мерекені өткізуге үйрету. Жаңа жыл туралы тақпақтарды айтқыза отырып, олардың өткен жыл мен келер жыл туралы білімдерін тиянақтау.
Би билейміз тағы да, жасыл шырша жанында.
Би билейміз тағы да, жасыл шырша жанында.
Балалардың сөздік қорын дамыту, сөздерді анық, ашық айтуға, сөйлеуге үйрету. Мерекелік шараларда достыққа, адамгершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Жасыл шырша жанында (ертеңгілік)
Жасыл шырша жанында (ертеңгілік)
Балалардың жаңа жыл мерекесі туралы түсініктерін қалыптастыру. Мерекелік көңіл - күй ортасын ұйымдастыру. Дамытушылық: Образдық бейнелерді сомдай білуге үйрету, хормен ән айту шеберліктерін арттыру.
Сәлем, Жаңа жыл!
Сәлем, Жаңа жыл!
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, №21 жалпы негізгі білім беретін мектептің мектепалды даярлық сынып тәрбиешісі Иксангалиева Жұмабике Өтегенқызы
Келді міне, жаңа жыл
Келді міне, жаңа жыл
Қызылорда қаласы, Қараөзек ауылы, №39 «Қызылөзек» орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қалиева Раиса Мадиярқызы
Келді міне Жаңа Жыл
Келді міне Жаңа Жыл
Төрле – төрле жаңа жыл. Айналамыз тебірене жаңа жыр. Төрле – төрле құтты жыл. Халыққа әр күн төгіп нұр. Төрле, төрле құтты жыл.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×