Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра

20 тамыз 2021, Жұма
Категориясы: Қоғам
Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра
Кең даланы мекен еткен қазақ жұртының ең аяулы да қасиетті музыкалық аспабы домбыраның бірде күмбірлеген, бірде шертілген ойлы дыбысы құлаққа жағымды, жүрекке жақын, оның күмістей сыңғырлаған үні талай сырдың басын қайырады. Сымдай тартылған қос ішектен сан ғасырдың сан алуан сипаты ақыл - ойы, көңіл күйі жатыр. Домбыра - көшпелі елдің көнекөз шежіресі, көпті көрген қарияның көкірек күйі.
Ахмет Жұбанов
Домбыра — қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Ол – қазақтар өмірінде маңызды орын алатын, өзіндік музыкалық сипаты бар аспап. Алғаш эпикалық дәстүр шеңберінде жыр, толғау, термелерді сүйемелдеуге қолданылған домбыра кейін аспаптық шығарма – күй жанрының қалыптасуына ықпал еткен. Қазіргі кезде домбыра жеке әнді сүйемелдеуге, күй тартуға, халықтық - фольклорлық музыкада, классикалық шығармаларды орындауға қолданылатын, мүмкіндігі кең музыкалық аспап болып табылады. Домбыра ежелде қазақтың тарихын баяндаған музыкалық аспаптардың бірі.
Домбыраның қайта жаңғыруына бірден бір себеп болған ол «Ұлттық домбыра күнінің» белгіленуі еді. Домбыра күнінің белгіленуі жайдан - жай емес. Бұл рухани жаңғыру бағытындағы ең сүбелі тірліктің бірі. Осы күннің аясында ұлттық аспабымызды ұлықтау мақсатында тың бастамалар бой көтеріп, көптен бері қолдау таппай жүрген игі дүниелер қайта жаңғыруда. Сондай игі істердің бірі Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи - өлкетану музейінде орын алды. 2 шілде күні музейде «Қазақтың жаны – домбыра» атты жаңа көрме ашылды. Қазақтың киелі домбырасын ұлықтауда ерекшеленген бұл көрме музей қорында сақталған өлкеміздің ақын жырауларының домбыраларынан, концерт афишаларынан, домбыра жасау құралдары мен этнографиялық жәдігерлерден жасақталған.
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ
Оқу жұмысы және мониторингтік қызмет бөлімінің жүйелік әкімшісі Гаухар Камысбаева
1 611
0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
СДУ базасында денсаулық, саясат және менеджмент орталығы ашылды
СДУ базасында денсаулық, саясат және менеджмент орталығы ашылды
Сулейман Демирель атындағы университет ректоры Қуаныш Ерғалиевтың бастамасымен оқу орнының базасында Денсаулық, саясат және менеджмент орталығы ашылды. Орталықтың жұмысы денсаулық сақтау саласындағы жүйелі мәселелерді кешенді шешуге бағытталған.
Қазақ тілі Microsoft Teams платформасында қолжетімді болды
Қазақ тілі Microsoft Teams платформасында қолжетімді болды
Microsoft Teams онлайн-білім коллаборациясы үшін платформа барлық пайдаланушылар үшін қазақ тілінде қолжетімді болды, әсіресе бұл мүмкіндік білім беру ұйымдарында сұранысқа ие.
Кемел білім биігіне талпыну
Кемел білім биігіне талпыну
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым - Жомарт Тоқаевтың «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған еліміздің өткені, қазіргісі және болашағы туралы сөз болған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» деп аталатын мақаласы бізді - жастарды жаңа бел -
«Тәуелсіздік бәрінен қымбат»: танымдық тағылым
«Тәуелсіздік бәрінен қымбат»: танымдық тағылым
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым - Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетіне жарияланған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласы – еліміздегі саяси­ оқиғалардың ең маңыздысы ретінде қа­былданатын тарихи бағдарламалық құжат болып
Сандық білім ресурстары – қашықтықтан оқытуда
Сандық білім ресурстары – қашықтықтан оқытуда
«Өрлеу»БАҰО» АҚ Республика бойынша 5 000 сандық білім беру ресурсын жасақтап, «Өрлеу» білім беру каналына жүктеді. Бұл жұмыстарды әр пән бойынша барлық облыстық филиалдар бөліп алды.
Алан Бөрібаевтың шалқар шабыты
Алан Бөрібаевтың шалқар шабыты
Педагогикалық шеберлік орталығының «Шабыт» бағдарламасы аясында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы қызметкерлерінің Алан Бөрібаевпен онлайн кездесуі өтті.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.