Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Кемел білім биігіне талпыну

07 қаңтар 2021, Бейсенбі
Категориясы: Қоғам
Кемел білім биігіне талпыну
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым - Жомарт Тоқаевтың «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған еліміздің өткені, қазіргісі және болашағы туралы сөз болған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» деп аталатын мақаласы бізді - жастарды жаңа бел - белестерді бағындыруға, жаңа серпінді дамуға жігерлендіреді.
Болашақ бағыт - бағдарымызды айқындауға шақыра отырып, өткен жолдарымызға нақты талдау жасалған аса маңызды құжат ретіндегі «Бағдар мен белес», «Таным мен тағылым», «Қоғам мен құндылық», «Ұлағат пен ұстаным» атты төрт тараудан тұратын әрі Президенттің кемел ойлары айтылған мақаласында «Тәуелсіздік – бұл біздің халқымыздың ең басты құндылығы және ең маңызды байлығы» деп атап өткеніндей, биыл еліміздің Тәуелсіздігі жарияланғанына 30 жыл толады. Мемлекет басшысы мақаласында 30 жыл ішінде бағындырған белестерімізге және жеткен жетістіктерімізге тоқтала отырып, мемлекеттік тіл, жер, мәдениет, экология салалары, жастардың тәлімді тәрбиесі секілді елдегі маңызды мәселелер жайында сөз қозғайды.
Сонымен бірге Президентіміз осы мақаласында: «Адам баласы дүниеге патриот болып келмейді. Ол білім мен тәрбие алып, әлеуметтік ортамен араласып, азаматтық болмысын қалыптастыру кезінде патриотқа айналады. Өзінің жеке мақсат - мүдделері қоғам игілігімен үндесіп, елінің дамуына елеулі үлес қосып жатқанын жан - жүрегімен сезінген адам нағыз бақытқа кенеледі», - дей отырып, Отанын, жерін, елін шын сүйетін, дамуына қажырлы еңбек сіңіретін азаматтарға лайықты баға бере отырып, бізді - жастарды шынайы патриоттық сезіммен рухтанып, қасиетті Тәуелсіздігімізді одан әрі нығайта түсу үшін бірлесе жұмыс істеуімізге жігерлендіреді.
Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев: «Біздің мақсатымыз – келер ұрпаққа Қазақстанды тұғыры мығым, экономикасы қуатты, рухы асқақ мемлекет ретінде табыстау және елдік істерді шашау шығармай лайықты жалғастыратын жасампаз ұрпақ тәрбиелеу» деп мақаласында айтып өткеніндей, мен де еліміздің дамып, болашақта нығайып, одан ары өркендеуі үшін аянбай еңбек ететін жас ұрпақ тәрбиеленуі керек деп есептеймін.
Президентіміз Қасым - Жомарт Тоқаевтың мақаласында айтылған осындай маңызды ойлар жастарды білім алуға, тіл үйренуге, ғылыммен айналысуға шақырып, көкірек көзін оятуға және көкжиегін кеңейтуге жетелей отырып, жастардың мәдени және рухани дамуына ықпал етуде, ұлттық сана - сезімін дамытуда, шығармашылық қабілеттерін арттыруда, ғылыми ізденіске себепкер болуда маңызы зор.
Ата - бабамыздың аманат етіп қалдырған ең ұлы тарихи шығармаларын, әлі де зерттелмей жатқан ұлы мұраларын терең зерттеп, келешек ұрпаққа жеткізу болашақ жастар - біздің еншімізде!

Өзенбек Еркебұлан
Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Тарих, археология жəне этнология факультетінің
Ғылыми тарих мамандығының 3 - курс студенті
Ғылыми жетекші: әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - нің қауымдастырылған профессоры, т. ғ. к. Абикенова Г. Е.
2 113
0
1 дауыс
Оқи отырыңыз
«Тәуелсіздік бәрінен қымбат»: танымдық тағылым
«Тәуелсіздік бәрінен қымбат»: танымдық тағылым
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым - Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетіне жарияланған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласы – еліміздегі саяси­ оқиғалардың ең маңыздысы ретінде қа­былданатын тарихи бағдарламалық құжат болып
Жұмыста міндетін өте жақсы орындаған кез келген маман тиісті түрде ынталандырылуы керек.
Жұмыста міндетін өте жақсы орындаған кез келген маман тиісті түрде ынталандырылуы керек.
Бұл қызметтегі өсу ғана емес, белгілі бір жетістіктер үшін берілетін ақшалай сыйақылар немесе грамоталар мен төсбелгілер болуы мүмкін. Тіпті жұмыстың сапалы орындалғаны үшін басшылық тарапынан айтылатын алғыстың өзі үлкен мотивация береді.
«Балалар әдебиеті – ұлт болашағы» тақырыбындағы онлайн конференция өтеді
«Балалар әдебиеті – ұлт болашағы» тақырыбындағы онлайн конференция өтеді
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары, Қазақстан Республикасының Президенті жанынан құрылған Қоғамдық сенім ұлттық кеңесі мүшелері, Нұр - Сұлтан, Алматы,
Педагогтар Президент Жолдауын талқылады
Педагогтар Президент Жолдауын талқылады
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының филиалы «Нұр - Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектептің» ұстаздары MS Teams платформасы арқылы Президент Қасым - Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс - қимыл кезеңі» атты
Президент педагог мәртебесі туралы заңға қол қойды
Президент педагог мәртебесі туралы заңға қол қойды
Қазақстан президенті Қасым - Жомарт Тоқаев педагог мәртебесі туралы заңға қол қойды. "Мемлекет басшысы "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды", - деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
СДУ - дан дарынды балаларға қолдау: олимпиада нәтижесінде талапкер грант ұтып алады
СДУ - дан дарынды балаларға қолдау: олимпиада нәтижесінде талапкер грант ұтып алады
Биыл Сулейман Демирел университеті мектеп бітіруші түлектерге арналған SPT олимпиадасын ұйымдастырып жатыр. Негізгі мақсаты – еліміздің түкпір - түкпіріндегі дарынды балаларды анықтай отырып, оларға ұлттық бірыңғай тестілеу алдында алдын ала грант
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.