Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Астанада екінші сынып оқушыларына арналған мектеп бағдарламасы аясында пайдалы тағам дайындау бойынша шеберлік сыныбы өтті

05 желтоқсан 2023, Сейсенбі
Категориясы: Қоғам
Астанада екінші сынып оқушыларына арналған мектеп бағдарламасы аясында пайдалы тағам дайындау бойынша шеберлік сыныбы өтті
№56 мектепте Қазақстанда 10 жыл бойы іске асырылып келе жатқан «Салауатты тамақтану мектебі» білім беру бағдарламасы аясында аспаздық шеберлік сыныбы өтті, онда екінші сынып оқушылары пайдалы тағам дайындады, сондай - ақ дәмді және пайдалы тағам дайындаудың практикалық дағдыларына ие болды. Іс - шараның ұйымдастырушылары – «Нестле Фуд Қазақстан» ЖШС және Астана қаласы әкімдігінің әдістемелік орталығы.
Шеберлік сабағының мақсаты әр түрлі өнімдердің пайдасы туралы айтып қана қоймай, сонымен қатар пайдалы және дәмді тағамдарды дайындау әдістерімен таныстыру. Негізгі назар тамақтанудың әртүрлілігіне, тепе - теңдігіне және денсаулықты сақтау үшін көкөністерді, жемістерді, ақуыздарды, көмірсулар мен майларды дұрыс пропорцияда тұтынудың маңыздылығына бағытталған. Шеберлік сабағы балалардың дұрыс тамақтану әдетін қалыптастыруға ықпал етеді және жаңа дәмдер мен тағамдармен тәжірибе жасауға ынталандырады.
«Дәмді саяхатқа арналған дәмді флотилия» пайдалы тағамдар рецептінде – көкөністер, шөптер, сүт өнімдері, оның ішінде дәстүрлі қазақ қаймағы бар. Өнімдерден оқушылар әдемі және дәмді қайықтар «жасады». Аспаздық шеберлік сыныбы кезінде балалар осы қайықтармен қызықты сапарға «аттанды», онда бірнеше ай бойы олар қазақ халқының және басқа елдердің халықтарының аспаздық дәстүрлері туралы білетін болады.

«Бағдарлама шеңберінде практикалық сабақтарды өткізу өте маңызды, өйткені бұл оқушылар үшін бейресми жағдайда бір - бірімен байланыс орнатуға және кәсіби аспазшыдан көптеген пайдалы білім мен дағдыларды алуға тамаша мүмкіндік болып табылады. Сонымен қатар, тәжірибе көрсеткендей, аспаздық шеберлік сыныбы барысында балалар алынған ақпаратты жақсы есте сақтайды, бұл өткізілетін іс - шараның тиімділігін дәлелдейді», - деп атап өтті «Салауатты тамақтану мектебі» бағдарламасының үйлестірушісі, Астана қаласы әкімдігінің әдістемелік орталығының әдіскері Роза Шаяханова,

«Бағдарламаның арқасында жүздеген ата - аналар отбасындағы диетаны түзетіп, қалыптасқан тамақтану әдеттерін өзгертті және салауатты өмір салтына көбірек уақыт бөле бастады. Бұл балалардың әл - ауқатына және олардың физикалық формасына жағымды әсер етеді. Біздің оқушылар ата - аналарымен бірге «Салауатты тамақтану мектебі» аясында өткізілетін барлық іс - шаралар мен жобаларға қуана қатысады», - деп айтып берді Ш. Құдайбердіұлы атындағы №56 мектеп - лицейінің директоры Роман Байгазиев.
«Біз «Нестле. Дені сау балалар» жаһандық бастамасының Қазақстанда 10 жылдан астам уақыт бойы іске асырылып келе жатқанына қуаныштымыз. Бағдарлама ата - аналар мен тәрбиешілерге дені сау ұрпақ тәрбиелеуге көмектесу үшін біздің күш - жігерімізді біріктіреді. Мұндай бастамалар дұрыс тамақтану әдеттерін қалыптастыру үшін ғана емес, сонымен бірге өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу үшін де маңызды. Мектеп оқушылары үшін пайдалы және салауатты тағамдар дайындау бойынша шеберлік сыныбы болашақ ұрпақтың денсаулығын нығайту бағытындағы кезекті тамаша қадам болды», - деп мәлімдеді Еуразия өңірінің корпоративтік істер және коммуникациялар жөніндегі менеджері Надежда Лабодовская.
Сонымен қатар, шеберлік сыныбы барысында Аспаздық байқау басталды. Оның мақсаты - оқушылардың іс жүзінде аспаздық дағдылары мен икемділіктерін, халықтық аспаздық дәстүрлерге деген қызығушылығын дамыту арқылы тамақтану мәдениетінің негіздерін қалыптастыру. Бірнеше ай бойы мектеп оқушылары мұғалімдермен және ата - аналармен бірге аспазшылардың бейне сабақтарымен танысады және олар дайындаған тағамдардың фотосуреттерін бағдарламаның цифрлық платформасына орналастырады. Биылғы жылы Аспаздық байқау Қазақстандағы «Салауатты тамақтану мектебі» бағдарламасының 10 жылдығына орайластырылды.
«Салауатты тамақтану мектебі» бағдарламасы туралы
Қазақстандық «Салауатты тамақтану мектебі» бағдарламасы «Нестле. Дені сау балалар» жаһандық бастамасының аясында жүзеге асырылуда. Бастаманың мақсаты – 2030 жылға қарай дүние жүзі бойынша 50 миллион балаға салауатты өмір салтын ұстануға көмектесу. «Салауатты тамақтану мектебі» 2013 жылдан бастап Астана және Алматы мектептерінде жұмыс істеуде, ал 2023 жылдан бастап Қазақстанның басқа қалаларына географиясын кеңейтеді. Бағдарлама 6 - 8 жастағы балаларға бағытталған және мұғалімдер өткізетін сабақтар жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Ол Алматы қаласы Білім басқармасының Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми - әдістемелік орталығымен және Қазақ тамақтану академиясымен бірлесіп әзірленген. Қазақстанда жобаны іске асыру барысында барлығы 200 000 - ға жуық бала «Салауатты тамақтану мектебімен» танысты.
Нестле компаниясы туралы
Nestlé – Өнімдер сапасы, Өмір сапасы. Біз сапалы өнімдер өмірді жақсарта алады деп сенеміз.
Nestlé – штаб - пәтері Швейцарияда орналасқан әлемдегі ең ірі халықаралық тамақ және сусындар өндіретін компания. Бүгінгі таңда 2000 - нан астам брендтері бар компания әлемнің 188 елінде жұмыс істейді. Бүкіл әлем бойынша қызметкерлер саны шамамен 275 000 адамды құрайды.
Nestlé Қазақстанда 20 жылдан астам уақыт қызмет атқарады. Осы уақыт ішінде біз тұтынушылардың өмірінің әр кезеңінде келесі санаттарда қажеттіліктерін қанағаттандыруға тырысамыз: Балалар тағамы (NESTOGEN®, NAN®, GERBER®), кондитерлік өнімдер (KITKAT®, GOODMIX®, NUTS®, BON PARI®), сүт өнімдері және таңғы ас (NESQUIK®, KHRUTKA®), кофе (NESCAFÉ®), Nestlé Professional (Қоғамдық тамақтанудың заманауи инновациялық шешімдері, Nestlé Health Science (WOBENZYME®, RESOURCE® CLINUTREN® JUNIOR, MODULEN® IBD), үй жануарларына арналған тағамдар (PURINA®: PRO PLAN®, FELIX®, PURINA ONE®, GOURMET®, DARLING®).
2 152
0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
ЖОО - ның білім беру бағдарламаларынының рейтингі: Yessenov University үздік ондыққа енді
ЖОО - ның білім беру бағдарламаларынының рейтингі: Yessenov University үздік ондыққа енді
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының 2021 жылғы рейтингін қорытындылады. ҚР Білім және ғылым министрлігі тапсырмасы бойынша «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ҚР ЖОО - ның білім беру бағдарламаларына
Ауыл мектебі – даму мүмкіндіктері мен болашағы
Ауыл мектебі – даму мүмкіндіктері мен болашағы
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы жаңа оқу жылы қарсаңында «Ауыл мектебі» жобасына қатысушы 15 мектеп педагогтеріне онлайн форматта «Ауыл мектебі – даму мүмкіндіктері мен болашағы» атты тамыз кеңесінің секциялық отырысын
NIS - тің тікелей эфирінде – мұғалімдерді әдістемелік қолдау
NIS - тің тікелей эфирінде – мұғалімдерді әдістемелік қолдау
Биыл алғаш рет еліміздің әрбір мұғалімі жылдың бас педагогикалық кеңесіне қосылуға мүмкіндік алып отыр. Бүгінде NIS - тің орталық кеңсесінде тікелей эфир арқылы ауқымды конференцияның пәндік сессиялары ел аумағына таралатын екі телестудия үздіксіз
NIS Педагогикалық шеберлік орталығы білім берудегі әлемдік тәжірибелердің үздік ондығына енді
NIS Педагогикалық шеберлік орталығы білім берудегі әлемдік тәжірибелердің үздік ондығына енді
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Педагогикалық шеберлік орталығы әлем мұғалімдерінің кәсіби дамуын жоғарылатудағы айрықша жетістіктері үшін әлемдік тәжірибелердің үздік ондығына енді.
СДУ сарапшылары бірегей онлайн семинар - тренинг өткізеді
СДУ сарапшылары бірегей онлайн семинар - тренинг өткізеді
9 - 13 қараша аралығында Сулейман Демирель университетінің оқытушылар тобы СДУ - 2020 “Цифрлық білім беру: “i - Мұғалім”моделі” 36 сағаттық онлайн семинар - тренингін өткізеді.
Алан Бөрібаевтың шалқар шабыты
Алан Бөрібаевтың шалқар шабыты
Педагогикалық шеберлік орталығының «Шабыт» бағдарламасы аясында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы қызметкерлерінің Алан Бөрібаевпен онлайн кездесуі өтті.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.