Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

«Дені сау балалар» планетаға көмектеседі: Астанада республикалық экологиялық байқаудың қорытындысы шығарылды

23 мам 2024, Бейсенбі
Категориясы: Қоғам
«Дені сау балалар» планетаға көмектеседі: Астанада республикалық экологиялық байқаудың қорытындысы шығарылды

21 мамыр 2024, Астана – Елордалық оқушылар бүгін нағыз емен аллеясын отырғызды. Бұл «Өз бағыңды өсір» республикалық байқауының жеңімпаздарына ұйымдастырушылардың басты сыйы болды. Экологиялық бастама Астана әкімдігінің Әдістемелік орталығы, Алматы қаласындағы Білім берудегі жаңа технологиялар ғылыми-әдістемелік орталығы және Қазақстандағы Nestlé компаниясының қолдауымен 2013 жылдан бері елімізде жүзеге асырылып жатқан «Салауатты тамақтану мектебі» атты ірі білім беру жобасының бір бөлігі болды.
Байқауға еліміздің әр өңірінен келген жалпы білім беретін мектептердің оқушылары қатысады. Олар бірнеше ай бойы мұғалімдердің жетекшілігімен топ болып жұмыс істей отырып, макулатураны жинап, арнайы қайта өңдеу орындарына тапсырды. Барлығы 10 тоннадан астам қағаз жиналды, яғни 300-ден астам ағаш құтқарылды.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар жүлделер мен дипломдар ғана емес, сонымен қатар отырғызу үшін көшеттер алды.
«Салауатты тамақтану мектебі» білім беру бағдарламасы Қазақстанда 10 жылдан астам уақыт бойы жүзеге асырылып келеді. Жақында бағдарламаға экологиялық модуль енгізілді, оның көмегімен балалар өз денсаулығына ғана емес, табиғатқа қамқорлық жасаудың пайдалы дағдыларын үйренеді. Біз «Өз бағыңды өсір» байқауы жас қазақстандықтардың қызығушылығын тудырғанына қуаныштымыз және осылайша біз тұрақты және гүлденген болашақты құруға маңызды үлес қосып жатырмыз деп сенеміз. Балалар үшін ең бағалы сыйлық – мектеп аумағына өз қолдарымен ағаш отырғызу мүмкіндігі. Өйткені, олар оқу барысында көшеттерге күтім жасап, олардың қалай өсіп жатқанын бақылай алады», - дейді Астана әкімдігінің әдістемелік орталығы Білім саласындағы талдау және зерттеу бөлімінің әдіскері Роза Шаяханова.

«Қазіргі әлемде балалардың, жасөспірімдердің және олардың ата-аналарының назарын табиғатты аялаудың маңыздылығына аудару, оларды табиғатты қорғау іс-шараларына және қалдықтармен жұмыс істеу процестеріне тарту, сондай-ақ экологиялық бастамаларды жүзеге асыру үшін жағдай жасау өте маңызды. Біз жастардың осындай іс-шараларға қатысуын ынталандыратын бастамалар Қазақстанда экологиялық мәдениет пен саналы тұтынуды қалыптастыруға ықпал ететініне сенімдіміз», - дейді Александра Макеева, Еуразиядағы Nestlé білім беру бағдарламалары бөлімінің басшысы, педагогика ғылымдарының кандидаты.
Байқау игі дәстүрге айналып, екінші жыл қатарынан өткізіліп отыр. 2023 жылы Қазақстандағы Nestlé компаниясының арқасында мектеп оқушылары, мұғалімдер, ата-аналар және еріктілер бірлесіп 600 ағаш көшетін отырғызды.
Қазақстандағы «Салауатты тамақтану мектебі» бағдарламасы туралы
«Салауатты тамақтану мектебі» қазақстандық бағдарламасы – «Нестле. Дені сау балалар» жаһандық бастамасы аясында ұйымдастырылып келеді. Бастаманың мақсаты - 2030 жылға қарай әлем бойынша 50 миллион балаға салауатты өмір сүруге көмектесу. «Салауатты тамақтану мектебі» елорда мен Алматы мектептерінде 2013 жылдан бері жұмыс істеп келеді, ал 2023 жылдан бастап географиясын Қазақстанның басқа қалаларында кеңейтуде. Бағдарлама 6-8 жас аралығындағы балаларға бағытталған және мұғалімдер жүргізетін сабақтар жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Ол Алматы қаласы Білім басқармасының қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы мен Қазақ тағамтану академиясымен бірлесіп әзірленген. Бағдарламаны жүзеге асыру барысында Қазақстанда барлығы 200 мыңға жуық бала «Дұрыс тамақтану мектебімен» танысты.
Nestlé компаниясы туралы
Nestlé – Өнім сапасы, Өмір сапасы. Біз сапалы өнімдер өмірді жақсарта алатынына сенеміз.
Nestlé –штаб-пәтері Швейцарияда орналасқан әлемдегі ең ірі халықаралық тамақ және сусындар компаниясы. Бүгінде 2000-нан астам бренді бар компания 188 елде жұмыс істейді. Дүние жүзіндегі қызметкерлердің саны шамамен 275 000.
Nestlé Қазақстанда 20 жылдан астам қызмет етіп келеді. Осы уақыт ішінде біз тұтынушылардың өмірінің әр кезеңінде келесі санаттардағы қажеттіліктерін қанағаттандыруға тырыстық: балалар тағамы және сүт өнімдері (NESTOGEN®, NAN®, GERBER®, NESQUIK®, KHRUTKA®), кондитерлік өнімдер (KITKAT®, GOODMIX®, NUTS®, BON PARI®), аспаздық (MAGGI®), жылдам еритін кофе (NESCAFÉ®), Nestlé Professional (Қоғамдық тамақтандыруға арналған заманауи инновациялық шешімдер), Nestlé Health Science (WOBENZYME®, RESOURCE® CLINUTREN® JUNIOR, MODULEN® IBD), үй жануарларына арналған тағамдар (PURINA®: PRO PLAN®, FELIX®, PURINA ONE®, GOURMET®, DARLING®). 
БАҚ үшін байланыс:
Анастасия Щербакова
тел:     +7 705 170 29 72
e-mail: anastassiya.chsherbakova@pbnca.kz
1 548
0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
Астанада екінші сынып оқушыларына арналған мектеп бағдарламасы аясында пайдалы тағам дайындау бойынша шеберлік сыныбы өтті
Астанада екінші сынып оқушыларына арналған мектеп бағдарламасы аясында пайдалы тағам дайындау бойынша шеберлік сыныбы өтті
№56 мектепте Қазақстанда 10 жыл бойы іске асырылып келе жатқан «Салауатты тамақтану мектебі» білім беру бағдарламасы аясында аспаздық шеберлік сыныбы өтті, онда екінші сынып оқушылары пайдалы тағам дайындады, сондай - ақ дәмді және пайдалы тағам
Назарбаев Зияткерлік мектептерінде «Туған елге тағзым» өлкетану ғылыми - зерттеу экспедициясының үздік зерттеу жобалары анықталды
Назарбаев Зияткерлік мектептерінде «Туған елге тағзым» өлкетану ғылыми - зерттеу экспедициясының үздік зерттеу жобалары анықталды
Елордалық физика - математика бағытындағы Зияткерлік мектеп оқушысы Асылжан Есен мифтік Самұрық құсымен бірге бүкіл елді «шарлап келді».
Журналистерге арналған «Жаңа жағдайдағы білім беру» республикалық байқауы
Журналистерге арналған «Жаңа жағдайдағы білім беру» республикалық байқауы
Байқаудың мақсаты Байқаудың мақсаты – жаңа жағдайда қазақстандық мектептерді ақпараттық қолдау: қазіргі білім берудегі жаһандық трендтер;
Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі «Үздік олимпиадалық мектеп – 2021» деп танылды
Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі «Үздік олимпиадалық мектеп – 2021» деп танылды
Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша Назарбаев Зияткерлік мектептерінің командасы «Үздік олимпиадалық команда – 2021» номинациясында I орын алды.
Наурыз кездесулері: Планета және пластик әрдайым NIS - тің күн тәртібінде
Наурыз кездесулері: Планета және пластик әрдайым NIS - тің күн тәртібінде
Бүгін Назарбаев Зияткерлік мектептерінің мерейтойлық Наурыз кездесулерін тарих деп айтуға болады. Дәстүр бойынша әрбір кездесу ғылымдағы стратегиялық басымдықтарға арналады.
CASPIAN STARTUP – 2021 «Жаңаратын энергия көздері»
CASPIAN STARTUP – 2021 «Жаңаратын энергия көздері»
Үшінші CASPIAN STARTUP пандемияға байланысты құрамдас форматта өтеді, тіркелу мен іріктеу кезеңдері онлайн форматта ұйымдастырылып, он үздік финалистер өз жобаларын әділ қазы алқаларының алдында қорғайды деп жоспарлануда.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.