Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Журналистерге арналған «Жаңа жағдайдағы білім беру» республикалық байқауы

26 мам 2021, Сәрсенбі
Категориясы: Білім
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы
Журналистерге арналған «Жаңа жағдайдағы білім беру» республикалық байқауы

Ереже
Байқаудың мақсаты
Байқаудың мақсаты – жаңа жағдайда қазақстандық мектептерді ақпараттық қолдау:
қазіргі білім берудегі жаһандық трендтер;
үздік отандық дәстүрлер мен халықаралық тәжірибені біріктіру;
нақты педагогтар мен ұжымдардың кәсіби жетістіктерін еліміздің орта білім беру жүйесіне тарату;
сандық дәуір мен жасанды интеллект ғасырындағы мұғалімнің миссиясын өзгерту;
мектеп пен отбасының табысты ынтымақтастығы, балаға игілікті және достас орта құру.

Байқаудың қазылар алқасы
Аида Балаева – Ақпарат және қоғамдық даму министрі
Бауыржан Омаров – Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, Ұлттық Ғылым академиясының академигі;
Дархан Қыдырәлі – «Egemen Qazaqstan» республикалық газеті» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы
Тимур Асланов – «Пресс - служба» журналының бас редакторы, «Пресс - служба года» халықаралық байқауының қазылар алқасының төрағасы (Ресей Федерациясы);
Мира Алипинова – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы баспасөз қызметінің басшысы

Байқауға қатысушылар
Байқауға өңірлік, республикалық және шетелдік газеттердің, сайттардың, порталдардың, радиокомпаниялардың, телеарналардың, ақпараттық агенттіктердің журналистері, сондай - ақ журналист - фрилансерлер қатыса алады.

Байқауды өткізу мерзімі
NIS үш жылда бір рет білім беру тақырыбына маманданған журналистерге арналған республикалық байқау өткізеді.

2021 жылы байқауға 2018 жылғы 1 маусымнан 2021 жылғы 1 маусымға дейін қазақстандық және шетелдік БАҚ - та жарияланған немесе эфирге шыққан талдамалық материалдар қабылданады.

Бірінші кезең – материалдарды қабылдау
(2021 жылғы 25 мамырдан 15 маусымға дейін)

Екінші кезең – қорытынды шығару
(2021 жылғы 15 маусымнан 20 маусымға дейін)

Үшінші кезең – жеңімпаздарды марапаттау
(2021 жылғы 20 маусымнан 28 маусымға дейін)

Жеңімпаздарды марапаттау
Байқау қорытындысы бойынша әртүрлі номинацияларда он жеңімпаз және он лауреат аталады.
Қазақтың ұлы ғалымы және ұстазы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына орай «Шамшырақ» арнайы номинациясы бекітілді.
Барлық жеңімпаздар мен лауреаттар дипломдармен, бағалы сыйлықтармен, байқаудың символикасы бар кәдесыйлармен марапатталады.

Байқауды өткізу шарттары
Байқауға әртүрлі жанрдағы материалдар – мақалалар, очерктер, талдамалық шолулар, сұхбаттар қабылданады (баспа материалдарының көлемі 12 000 белгіден аспауы тиіс).

Материалдар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қабылданады.

Байқауға өңірлік, республикалық немесе халықаралық БАҚ - та жарияланған немесе эфирге шыққан материалдар ұсынылуы тиіс. Баспа материалдарының авторлары мақалалардың түпнұсқалары мен скрин - шоттарын (басылымның атауымен, жарияланған күнімен), интернет - жарияланымдар – скрин - шоттар мен сілтемелерді (БАҚ атауымен, жарияланған күнімен), радио және телевизия материалдарын – электрондық тасығыштарда, сондай - ақ скрин - шоттар мен сілтемелерді (БАҚ атауымен, эфирге шыққан күнімен) ұсынуы тиіс.

Конкурсқа ұсынылған жарияланымдар рецензияланбайды және қайтарылмайды.
Материалдар 2021 жылғы 15 маусым Нұр - Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 18. 00 - ге дейін қабылданады.

Байқау материалдары төмендегі мекенжай бойынша қабылданады:
010000, Нұр - Сұлтан қаласы, Хусейн бен Талал көшесі, 21/1,
310 - кеңсе, Баспасөз қызметі («Байқауға» белгісімен)
немесе электронды поштаға mediakonkurs2021@nis. edu. kz.

Қосымша ақпарат алу үшін:
NIS баспасөз қызметі 8 (7172) 23 57 00 (ішкі 1118, 1117),
Сандуғаш Кожина 8 707 503 9005, kozhina_s@nis. edu. kz
Ергали Рамазанулы 8 775 258 9933, ramazanuly_e@nis. edu. kz
2 662
0
1 дауыс
Оқи отырыңыз
Нұр - Сұлтанда NIS пен PIIMA өзбек агенттігі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
Нұр - Сұлтанда NIS пен PIIMA өзбек агенттігі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова мен Өзбекстан Республикасы Министрлер кабинеті жанындағы Президенттік, шығармашылық және мамандандырылған мектептерді дамыту агенттігі директорының орынбасары Амирулло
NIS - те «Жаңа жағдайдағы білім беру: пандемия сабақтары» талқыланды
NIS - те «Жаңа жағдайдағы білім беру: пандемия сабақтары» талқыланды
Еліміздің барлық аймағынан мыңнан астам педагог қосылған NIS дөңгелек үстелінде «Жаңа жағдайдағы білім беру: пандемия сабақтары» талданды.
Күләш Шәмшидинова мен Динара Бейсембаева Назарбаев Зияткерлік мектептері мен EdTrends - ті әлемдік ғылым апталығында таныстырды
Күләш Шәмшидинова мен Динара Бейсембаева Назарбаев Зияткерлік мектептері мен EdTrends - ті әлемдік ғылым апталығында таныстырды
Күләш Шәмшидинова мен Динара Бейсембаева қазір Нұр - Сұлтанда өтіп жатқан әлемдік ғылым апталығына қосылды. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова және елордадағы NIS - тің химия пәні
Жаңа жағдайдағы білім беру⠀
Жаңа жағдайдағы білім беру⠀
Назарбаев Зияткерлік мектептері Ыбырай Алтынсариннің мерейтойына арналған жобаны бастауда.⠀ «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына арналған «Жаңа жағдайдағы білім беру» жобасын жүзеге
NIS Педагогикалық шеберлік орталығы білім берудегі әлемдік тәжірибелердің үздік ондығына енді
NIS Педагогикалық шеберлік орталығы білім берудегі әлемдік тәжірибелердің үздік ондығына енді
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Педагогикалық шеберлік орталығы әлем мұғалімдерінің кәсіби дамуын жоғарылатудағы айрықша жетістіктері үшін әлемдік тәжірибелердің үздік ондығына енді.
Әл - Фарабидің педагогикалық мұрасы: бастау және қазіргі заман
Әл - Фарабидің педагогикалық мұрасы: бастау және қазіргі заман
2020 жылдың 30 қазанында «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ҚР Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми - педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын Республикалық институты (ББЖ ҚБАРИ) «Әл - Фарабидің педагогикалық мұрасы: бастау және қазіргі заман»
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.