Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Білімді ұрпақ – болашақ кепілі, Тәрбиелі ұрпақ - тәуелсіздік тірегі

19 ақпан 2014, Сәрсенбі
Тақырыбы: «Білімді ұрпақ – болашақ кепілі, Тәрбиелі ұрпақ - тәуелсіздік тірегі»
(танымдық ойын - сайыс)
Мақсаты:
Оқушылардың пәнге қызығушылығын, көркем әдебиетке қызығушылығын арттыру, танымдық қабілеттерін дамыту, дарындылық қабілетін ұштау, алғырлық пен шапшаңдыққа, зеректікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
Нақыл сөздер мен ұран сөздер жазылған плакаттар, гүлдер, шарлар, мергендік нысана.
Қатысушылар: 8 – сынып оқушылары.
Барысы:
Балалар біз бүгін сіздермен өздеріңізді тапқырлыққа, шапшаңдыққа, зейінділікке және зеректікке тәрбиелейтін танымдық сайыс өткізгелі отырмыз.
Сайыстың ұраны:
«Өзіңді өзің тану адамгершілікке жеткізеді» атақты ғалым Энкельманидің сөзі.
Ойыншылар екі топқа бөлінеді: 1 – топ: «Сұңқар», 2 – топ: «Қыран» деп аталады.
Ойын 7 турдан тұрады:

1. «Кім көп біледі?» (тест)
2. «Ғажайып сандар» (20 – 50 сандарына байланыстырылған пән сұрақтары)
3. «1001 мақал, 101 жұмбақ» (М. Қашқари жинаған мақалдар бойынша мақал құрастыру)
4. «Сегіз қырлы, бір сырлы» (нысана көздеу арқылы дөп тиген сұрақтар мен тапсырмаларға жауап беру)
5. «Әріптер сөйлейді» (кез келген әріпті таңдау арқылы әдебиет пәнінен қойылған сұрақтарға сол әріптен бастап дұрыс жауабын беру)
6. «Ойлы болсаң, озып көр» (балама сөздер арқылы тұрақты сөз тіркестерін1 құрастыру)
7.«Кім мықты?» (топ басшылары сайысы)

Тест №1
1. Ресми іс – қағаздар түрін көрсетіңіз:
а) мақала в) роман с) өтініш
д) кейіптеу е) баяндама
2. Ақпарат құралдарының тілі қай стильге жатады?
а) публицистикалық стиль в) көркем әдебиет стилі
с) ауызекі сөйлеу тілі стилі
3. «Мұзға отырғызып кетті» тұрақты сөз тіркесінің мағынасын табыңыз?
а) күттіру в) өкіну с) алдап кету
д) тастап кету е) далада қалу
4. Жалғаулықсыз себеп – салдар салалас құрмаластың салдар мәндісі бірінші келсе, одан кейін қандай тыныс белгісі қойылады?
а) нүктелі үтір в) үтір с) сызықша д) қос нүкте е) үтір, сызықша
5. Қай салаластың бірінші жай сөйлемінің баяндауышы «сол, сонша, сондай» сілтеу мәнді сөздерден жасалады?
а) ыңғайлас в) қарсылықты с) себеп – салдар д) түсіндірмелі
е) талғаулы
6. Ахмет Иасауи неше жасқа келгенде жер астына қылуетке түсіп отырған?
а) 59 жас в) 60 жас с) 63 жас
д) 62 жас е) 67 жас
7. Қорқыт ата кітабында неше жыр бар?
а) 18 в) 16 с) 15
д) 10 е) 12
8. «Қарлығаш әулие» аталған биді табыңыз:
а) Қазыбек би в) Әйтеке би с) Төле би
д) Майқы би е) Аяз би
9. Жұмбақ айтысындағы айтыскер ақынды көрсетіңіз:
а) Сапарғали в) Жамбыл с) Құлмамбет
д) Мэлс е) Әсел
10. Абайдың арабтың классикалық шығармасы «Мың біртүн» ертегісінен жазған поэмасын анықтаңыз:
а) «Әзім әңгімесі» в) «Ескендір» поэмасы
с) «Масғұт» ертегісі д) «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа»
е) «Өлсем орным қара жер»

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 153
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тәуелсіздік - бақытым атты интеллектуалды – танымдық ойын
Тәуелсіздік - бақытым атты интеллектуалды – танымдық ойын
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерей тойы қарсаңында балалардың меңгерген білім деңгейін анықтау, ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін, жан - жақты ой өрісін жетілдіру, ой ұшқырлығын, оқуға деген ынтасын арттыру.
1000 көлеміндегі сандарды ауызша есептеу тәсілдері
1000 көлеміндегі сандарды ауызша есептеу тәсілдері
Бастауыш сынып мұғалімі Ермагамбетова Гульжанат Уразбаевна
Білгір биологтар (сайыс сабақ)
Білгір биологтар (сайыс сабақ)
Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Малыбай жалпы орта білім беретін мектеп Биология пәні мұғалімі: Айгожин А.Б.
Білімді ұрпақ - ертеңгі болашақ
Білімді ұрпақ - ертеңгі болашақ
Сабақтың тақырыбы: «Білімді ұрпақ – ертеңгі болашақ»
Қазақстан болашағы – білімді ұрпақ
Қазақстан болашағы – білімді ұрпақ
Атырау қаласы жалпы білім беретін №6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ахмеджанова Гүлжан Утеуовна
География пәнінен ҰБТ - ге дайындау тәжірибемнен
География пәнінен ҰБТ - ге дайындау тәжірибемнен
Атырау облыс, Қызылқоға ауданы, Қоныстану селосы, Жаңашаруа қазақ орта мектебі география пәнінің мұғалімі Қабдол Гулшарида Аманғалиқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×