Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Төлен Әбдіков «Қонақтар»

14 мам 2020, Бейсенбі
Тақырыбы: Төлен Әбдіков. «Қонақтар»
Сабақтың мақсаты:
1) Қонақтар әңгімесіне әдеби талдау жасау, тақырыбын, идеялық – көркемдік мазмұнын ашу, оқушылардың білімдерін қазіргі заман үлгілерінен мысал келтіре отырып жүйеге келтіру;
2) Тәрбиелік мақсаты: қазақ халқының бойындағы адамгершілік, бауырмалдық қасиеттерді бағалай білу,
үлкенді, ата - ананы сыйлауға, ата - ана алдындағы перзенттік борышты ақтауға тәрбиелеу;
3) Дамытушылық: өз бетімен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, түрлі әдіс - тәсілдер арқылы ойлау қабілетінің дамуына, тіл байлығының артуына, өз ойын ашық айтуға, көзқарасын дәлелдеп шығуға ықпал ету.
Сабақтың түрі: білімді жинақтау, бекіту.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, сатылай кешенді талдау, пікірсайыс, Венн диаграммасы, топтастыру стратегиясы, тірек сызбалары, іздендіру, топтық жұмыс, проблемалық ситуация туғызу.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих
Көрнекілігі: жазушы портреті, сызба кестелер, нақыл сөз, мақал - мәтелдер, маркер.
Сабақтың барысы. Сабақ мақсаты мен ерекшелігі, тақырыбы түсіндірілген соң оқушылар топқа бөлінеді.
І. Үй тапсырмасын сұрау. Балалар, өткен сабақта біз сендермен белгілі жазушы Төлен Әбдіковтің өмірімен «Қонақтар» әңгімесімен таныстық. Кәне, балалар, топтастыру стратегиясы бойынша кім екендігіне тоқталайық.
Төлен Әбдіков
Жазушы, драматург, аудармашы, хатшы,
Редактор, сектор меңгерушісі, еуропалық алтын медаль иегері, мемлекеттік сыйлық иегері
Келесі кезекте Төлен Әбдіковтің өмір жолын, қызметін, шығармаларын тірек сызбалары бойынша көрсетейік.

Жаңа сабақ тақтаға жазылады, әр топқа тапсырма беріледі.
І топ. Әңгіменің тақырыбы мен идеясын ашу.
Тақырыбы: адамгершілік мәселесі
Идеясы: баланың ата - ана алдындағы перзенттік парызы.
ІІ топ. Шығарманың композициялық құрылымын сатылай кешенді талдау.

1. Әңгіменің басталуы - Ерғабыл шал мен кемпірінің әңгімесі.
2. Дамуы - Ерекеңнің малын іздеуі, ішкі ойы.
3. Байланысуы - Қаладағы баласының келуі. Ауыл қонақтары
4. Шиеленісуі - Сапабек пен әкесі әңгімелерінің жараспауы. Ауыл әні.
5. Шарықтау шегі - Мазасы кеткен қарт
6. Шешімі - Соңғы үміті орындалмаған қария
7. Қорытынды - Құлазыған көңіл

ІІІ топ. Сатылай кешенді талдау. Кейіпкерлерге мінездеме

Кейіпкерлері:
Ерғабыл қарт
Кемпірі
Сапабек (ұлы)
Тома(келіні)
Жеңіс (немересі)
Ауыл адамдары
Аспандияр (әнші жігіт)

Сапабек. Ат жақты, қапсағай сары жігіт.
Тома. Омырау, жеңдері ашық шұбар көйлек киген, шашын қидырған, топ - толық ақ сары, ажарлы келіншек.
Жеңіс. Аяқ - қолы шидей, көзі қитар, алтылар шамасындағы ұл бала.

ВЕНН диаграммасы
Айырмашылығы: Ерғабыл – ауыл тұрғыны, қарт, оқымаған, көп сөйлемейтін, қарапайым жан
Айырмашылығы: Сапабек – қала тұрғыны, жас, оқыған, өзімшіл, көп сөйлегіш
Ұқсастығы: Әкелі – балалы туыстар, ер адам, айтқанынан қайтпайтын бірбеткей

ІV. Топ. Сатылай кешенді талдау. Жазушы тілі

Сөздік жұмысы
Алагеуім - таң енді атып келе жатқан уақыт, апақ - сапақ
Жолай - жолдан соғу, бару
Шақша - насыбай салатын ыдыс
Ноқта – Жүген тәрізді мал басына кигізілетін әбзел
Сағағы - мойын, алқым
Көлегейлеп – қолын маңдайына апару, күннен қорғану
Қынжылу - кейбір ренішті жағдайдың жанға батуы, қиналу
Қитар - жөнге бірбеткей қыңыр, қисық
Теңеу
Ерекең жаңа қаз тұрған балаша тәлтіректей көтерілді. Аяқ - қолы шидей. Жаулықтай үлкен ақ орамалының шетімен көзін сүртті. Сапабек балаларды өзіне қаратқан мұғалімдей жастар жағын көзімен шолып өтті.

Тұрақты тіркес
Міз бақпады – беті шімірікпеді, бедірейіп тырп етпеді.
Ләм - мим демей – үндемеу (жұмған аузын ашпау)
Басым сынып – ауырып
Шаш етектен - пайдасы мол
Қолыңның қаруы бар ғой – күшті, әлді
Мызғып - аз ғана ұйықтап алу (көз шырымын алу)
Көз ілінді - ұйықтап кету
Шыбын шіркей боп жүреді – барынша күтеді

Дисфемизм: алжыған, оттаған, қаңғыбас, омалып
Мақал - мәтел: қара арғымақ арыса, қарға адым жер мұң болар

Балалар, сабағымыздың келесі кезеңі - пікірсайыс. Әңгіменің негізгі кейіпкері Сапабектің іс - әрекеті, ата - анасына деген көзқарасы дұрыс па, әлде бұрыс па? Сол туралы пікір таластырамыз. жақтаушы топ, даттаушы топқа бөлініп ойымызды білдіреміз.
Келесі кезекте әр топ қарсыласына дайындап әкелген сұрақтарын қояды.
«А» тобы: Әңгіменің негізі кейіпкері Сапабекке хат жолдаңдар.
«Ә» тобы: «Елес жетелеу стратегиясы» бойынша болашақты елестету.
«В» тобы: Екі түрлі түсініктеме күнделігін толтырыңдар.

Сабақты қорыту.
Мұғалімнің қорытынды сөзі.
Мұқағали Мақатаевтың «Қариялар азайып бара жатыр» өлеңін орындау.
Үйге тапсырма: «Ата - ананың қадірі», «Ата - ана және балалар» тақырыбына эссе жазу.

Шығыс Қазақстан облысы,
Аягөз ауданы, Сарыарқа ауылы,
«Сарыарқа жалпы білім беретін орта мектеп» КММ
қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі
Рахымжанова Нязила Сәлімтайқызы

Толық нұсқасын жүктеу
134 774
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Төлен Әбдіковтің «Қонақтар» әңгімесі
Төлен Әбдіковтің «Қонақтар» әңгімесі
Қазақтың белгілі жазушысы әрі қоғам қайраткері Төлен Әбдіковтың «Қонақтар» әңгімесі бойынша алған білімдерін бекіту, прозалық шығарманы талдауға дағдыландыру;
Т. Әбдіковтің «Қонақтар» әңгімесі
Т. Әбдіковтің «Қонақтар» әңгімесі
Баланың ата - ана алдындағы перзенттік парызы.
Төлен Әбдіков «Қонақтар»
Төлен Әбдіков «Қонақтар»
Төлен Әбдік (04. 09. 1942 ж., “Еңбек” ауылы, Жангелдин ауданы, Қостанай облысы) — жазушы, драматург, қоғам қайраткері. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген (1965)
Төлен Әбдіков «Қонақтар» әңгімесі «Көп күттірген қонақтар»
Төлен Әбдіков «Қонақтар» әңгімесі «Көп күттірген қонақтар»
Төлен Әбдіков «Қонақтар» әңгімесі «Көп күттірген қонақтар». Әдеби жанр түрлеріне даму барысында жаңашылдығына заманауи тұрғыдан баға беру
Төлен Әбдіковтің «Қонақтар» әңгімесі
Төлен Әбдіковтің «Қонақтар» әңгімесі
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті №105 орта мектептің Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Байбукенова Қарашаш
Төлен Әбдіков «Қонақтар» әңгімесі
Төлен Әбдіков «Қонақтар» әңгімесі
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №163 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Бабаджанова Ақжарқын Өсербайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×