Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Қазақстан балалар жазушылары» модулі бойынша деңгейлік тапсырмалар

19 наурыз 2014, Сәрсенбі
«Қазақстан балалар жазушылары» модулі бойынша деңгейлік тапсырмалар
3 - деңгейлерге:
а/ берілген сөздерді аударыңдар: отансүйгіштік, пайдалы, көркем, білгірлік, еңбек сіңірген, қуанышқа бөлейді, мақсат, жарияланады, атасы, адамгершілік қасиеттер, ерекше, үлгі етеді, зерек болу, мейірім, саудагер.
ә/ сұрақтарға жауап беріп, сұхбат құрастырыңдар.
- Балалар әдебиеті деп қандай шығармаларды айтамыз?
-...............
- Балалар үшін тағы қандай шығармалар пайдалы?
-..............
- Қазақ балалар жазушыларының басында кім тұр?
-..............
- Балалар әдебиетін дамытуға еңбек сіңірген жазушыларды атаңдар.
-...............
- Балаларға арналған қандай басылымдарды білесіңдер?
-..............
- Балаларға арналған газеттерде, журналдарда қандай шығармалар жарияланады?
-..................

2 - деңгейлерге:
а/ берілген сөйлемдерді толықтырыңдар.
1. Балалар әдебиетін дамытуға еңбек сіңірген жазушылар:
2. Балаларға арналған журналдар:
3. Қазақ балалар әдебиетінің атасы -
4. Балалардың көркем әдебиеті /кімдерден?/ басталады.
5. Олардың /кімдердің?/ шығармаларын балалар сүйіп оқиды.
6. Балалар әдебиетінің шығармалары /қандай?/ болу керек.
ә/ сызба бойынша балалар әдебиетіне сипаттама беріңдер

1 - деңгейлерге:
а/ Ыбырай Алтынсариннің «Таза бұлақ» әңгімесі бойынша сұхбаттасу
ә/ «Балалар әдебиеті», ««Қазақстан балалар жазушылары» тақырыбы аясында эссе жазу.

3 - деңгейлерге:
а/ берілген сөздерді өрбітіп жазыңдар. Мысалы: аңыз - көптеген аңыздар - көптеген аңыздар кездеседі. Мысал, әдіс, қақпан, қайыршы, перзент.

ә/ кестені толтырыңдар
Жалпы есімдер....
Жалқы есімдер....
Ыбырай Алтынсарин, ақын, жазушы, «Айгөлек», Бердібек Соқпақбаев, әдебиет, «Балдырған», балалар, ата, адамгершілік, Саттар Ерубаев, Өтебай Тұрманжанов, әйел, парыз, қанат, Сапарғали Бегалин, Көкшетау, Қызыл - жар, қала, ауыл, мейрамхана, спортзал, Мұзафар Әлімбаев.

2 - деңгейлер:
а/ Сапарғали Бегалиннің «Бір табақ ұн, бір табақ арпа» әңгімесі бойынша сұхбат құрастырыңдар.
- Таңертең шешем маған не ысытып берді?
-..........
- Күні бойғы қорегім не?
-.........
- Мектептен қайтқанда үйге қалай жетем?
-.........
- Үйге келіп не істеймін?
-...........
- Шешем маған нені жей ғой деді?
-..........

ә/ кестені толықтырыңдар.
№ Балалар жазушылары---------- Шығармалары
1. Ыбырай Алтынсарин
2. Сапарғали Бегалин
3. Саттар Ерубаев
4. Өтебай Тұрманжанов
5. Бердібек Соқпақбаев

1 - деңгейлер:
а/ Бауыржан Момышұлы туралы кластер құрастыру.

ә/ Балалар жазушылары туралы баяндау.
/өмір сүрген жылдары, өмірбаяны, шығармашылығы
Ыбырай Алтынсарин
Мұзафар Әлімбаев
Бауыржан Момышұлы
Сапарғали Бегалин
Саттар Ерубаев
Қадір Мырза Әли
Бердібек Соқпақбаев
Өтебай Тұрманжанов
Әбіш Кекілбаев

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 324
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
1 сыныпқа арналған деңгейлік тапсырмалар
1 сыныпқа арналған деңгейлік тапсырмалар
1 сыныпқа арналған деңгейлік тапсырмалар Дыбыс және әріп
Қазақ балалар әдебиетінің жазушылары
Қазақ балалар әдебиетінің жазушылары
Балалардың ойлау әрекетінің әр түрлі біліктілігін дамыту, есте сақтау қабілетін дамыту, ауызекі сөйлеуге, ауызша да, жазбаша да тіл мәдениеттерін дамыту.
1 - 2 сыныпқа арналған деңгейлік тапсырмалар
1 - 2 сыныпқа арналған деңгейлік тапсырмалар
1 - 2 сыныпқа арналған деңгейлік тапсырмалар
Еңбек (ұл балаларға арналған) 5 - сынып
Еңбек (ұл балаларға арналған) 5 - сынып
Еңбек (ұл балаларға арналған) 5 - сынып
Орыс сыныптарында қазақ әдебиетін оқытудың тиімді әдіс - тәсілдері
Орыс сыныптарында қазақ әдебиетін оқытудың тиімді әдіс - тәсілдері
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Қ. Байсықов атындағы мектебінің орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Избасарова Бағдагүл Сайынқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×