Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Орыс сыныптарында қазақ әдебиетін оқытудың тиімді әдіс - тәсілдері

03 наурыз 2014, Дүйсенбі
Орыс сыныптарында қазақ әдебиетін оқытудың тиімді әдіс - тәсілдері

Қазіргі уақыт талабына сай өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілі пәнімен бірге қазақ әдебиетін де оқыту үлкен жолға қойылып отыр. Бұл пәнді оқытудың бағдарламасы, әдісі бар. Мұғалім осы тиімді әдіс - тәсілдері меңгеріп, оны түрлендіріп, оқушыларды пәнді қызығушылықпен, шығармашылық ізденіспен оқуға баулуы тиіс.
Өзге тілді мектептерде «Қазақ әдебиеті» пәнін оқытудағы мақсат - Республика халқын құрап отырған негізгі ұлттың, яғни қазақ халқы әдеби мұрасының озық үлгілерімен басқа тілді оқушыны етене таныстыру.

Өзге тілде оқытатын мектеп баласына қазақ әдебиетін қазақ тілінде оқыту арқылы ұлттың әдеби мұрасы туралы белгілі ұғым қалыптастырумен қатар, көркем мәтіндерді қазақша оқу арқылы ауызша және жазбаша сөйлеу тілін дамыту, оқушылардың әдеби шығармаларды өз бетінше оқып, түсіне алуын қамтамасыз ететін тілдік негіз қалыптастыру.
«2013 - 2014 оқу жылында ҚР - ның жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хатта: « Оқу орыс тілінде жүретін мектептердегі «Қазақ әдебиеті» пәнінің білім мазмұнын іріктеудің өзіндік ерекшелігі бар екені белгілі. Мұнда көркем шығармалар жүйелі, ықшамдалып берілуі қарастырылды. Әдебиеттің теориялық мәселелері, көркем шығармаларды тұтас талдау жүйесі, көркем туындының стильдік ерекшелiктерi тұтастай емес, әр тақырыптың өзіндік ерекшелігіне қарай талданады», - деп көрсеткен.
Жаңа педагогикалық технологиялардың элементтерін оқушылардың мүмкіндіктеріне қарай лайықтап қолдану қажет. Бұл орайда деңгейлік оқыту технологиясына жете мән беріледі. Өйткені оқулықтарда: оқушылар дайындығының міндетті деңгейіне арналған сұрақтар мен тапсырмалар; алгоритмдік деңгейлік тапсырмалар мен сұрақтар; шығармашылық сұрақтар мен тапсырмалар берілген. Мысалы, 5 - сынып оқулығындағы «Мақал - мәтелдер» тақырыбынан кейін екі міндетті деңгейге, сондай - ақ, 6 - сынып оқулығындағы «Әл - Фараби туралы аңыз» тақырыбы бойынша үш міндетті деңгейге, екі алгоритмдік деңгейге және бес шығармашылық тапсырма берілген. Бұндай тапсырмалармен жұмыстану арқылы мынадай нәтижеге жетуге болады: біріншіден, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады; екіншіден, берілген тақырыпты толық түсінуге көп көмегі тиеді; үшіншіден, мәтінмен жұмыстана отырып ережелерді де есіне түсіреді. Жалпы, орыс сыныптарындағы қазақ әдебиеті пәнінде деңгейлік жұмыстар жүйесін дұрыс орындай білгенде ғана түпкі нәтижеге, яғни коммуникативтік біліктілікке жетуге болады.

Сондай - ақ орыс сыныптарындағы қазақ әдебиетін оқытуда М. Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясын да қолдану құрылымдық жағынан ыңғайлы. Себебі, онда оқу модулі үш сатыдан құрылады: кіріспе сатысы; диалогтық саты; қорытынды саты; Әрине, бар болғаны бір - екі сағатта материалды модульдік жүйеге салып оқыту жеткіліксіз. Дегенменде, ол жүйенің құрылымын негізге алуға болады. Мысалы, кіріспе сатысында әдеби жанр немесе жазушы туралы түсінік беруге; диалогтық кезеңде оқу материалын бөліктерге бөліп, үш деңгейлік (қарапайым, орта, күрделі) күрделілікте дайындап ұсынуға болады; ал қорытынды сатыда тақырыпты жинақтау, нәтижені бақылау - негізгі шарт.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 285
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Биология пәнін ағылшын тілінде оқытудың әдіс - тәсілдері
Биология пәнін ағылшын тілінде оқытудың әдіс - тәсілдері
Үштілдіктің маңызын түсіне білген жанның еліміз үшін болашақтағы алары да, берері де мол."Біз Ағылшын тілін игеруде серпіліс жасаумыз керек. Қазіргі әлемнің осы "лингва франксын" меңгеру біздің еліміздің әрбір азаматына өмірдегі шексіз жаңа
Қазақ әдебиеті тақырыптық - күнтізбелік жоспар
Қазақ әдебиеті тақырыптық - күнтізбелік жоспар
Қазақ елін мекен ететін басқа ұлт өкілдерінің қазақ халқының мәдениетін, әдебиетін, өнерін, тілін т. б. танып - білуге деген сұраныстары мен мемлекеттік қазақ тілінде және ана тілінде сөйлей алатын, өз ойын, пікірін қорғай алатын дара тұлға
Қ. Бітібаеваның оқыту технологияларын пайдалана отырып, әдебиетті оқыту
Қ. Бітібаеваның оқыту технологияларын пайдалана отырып, әдебиетті оқыту
Қанипа Бітібаева – Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ мектептерінде әдебиетті оқытудың жаңа жүйесін қалыптастырған ұстаздардың бірі.
Баяндама: "Қазақ тілін оқытудың жаңа әдістері. Тыңдалым дағдысы туралы"
Баяндама: "Қазақ тілін оқытудың жаңа әдістері. Тыңдалым дағдысы туралы"
БҚО, Орал қаласы, А. С. Макаренко атындағы №6 ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ракишева Миргуль Ерболатовна
Оқушылардың қазақша сөйлеу тілдерін дамыту
Оқушылардың қазақша сөйлеу тілдерін дамыту
Қарағанды облысы, Абай ауданы, Көксу ауылы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Эльмира Хасенова
Шоқан – халық ауыз әдебиетін зерттеуші
Шоқан – халық ауыз әдебиетін зерттеуші
Ақтөбе Мемлекеттік Педагогикалық Институты оқытушысы: Бекниязова Динара Достановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×