Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сәкен Сейфуллин өлеңдері

02 сәуір 2014, Сәрсенбі
Ашық сабақ дәйектемесі
Қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин өлеңдері

Сабақтың мақсаттары
Білімдік: Сәкен Сейфуллин өмірі мен шығармашылығымен, өлеңдерімен таныстыру, тақырыптық, идеялық мазмұнын ашу. Көркемдік ерекшелігіне талдау жасау

Тәрбиелік: Эстетикалық сезімге тәрбиелеу
Автор көтерген идея арқылы жас ұрпақты қайырымдылыққа, жанашырлыққа, мейірімділікке тәрбиелеу, жаман әдеттен жирендіру
Дамытушылық: Оқушының сөйлеу тілін дамыту.
Әр оқушының ой - қиялына ерік бере отырып, өзінше ой түюге баулу, шығармашылыққа, мәнерлеп оқуға дағдыландыру, ойлау әрекеттерін қозғалысқа түсіру, ойлау дағдыларын дамыту.

Сабақтың түрі Жаңа білімді меңгерту
Әдіс - тәсілдері Сын тұрғысынан оқу мен жазуды дамыту стратегиялары, тест түрлері, семантикалық карта, «Алтын қақпа» ойыны
Көрнекіліктер Кеспе қағаздар, С. Сейфуллин портреті, суреттер, мультимедиялық құрылғы, интерактивті тақта.
Пайдаланылған әдебиеттер Сәкен Сейфуллин шығармалар жинағы.

Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру
1. Амандасу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысы
3. оқушылардың сабаққа дайындығы

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
«Жұмбақ сандар»
Бұл кім?
Оны философ, тарихшы, ойшыл ретінде де танытатын «Үш анық», «Мұсылсандық шарты» атты туындылары, әлеуметтік - ағартушылық арнадағы «Жолсыз жаза», «Қалқаман — Мамыр», «Ләйлі — Мәжнүн» т. б. жыр жинақтары мен поэмалары басылып шыққан. (Шәкәрім)

Ол әдебиеттің әр түрлі жанрына қалам тартқан қаламгер. Алғашқы кітабы – "Оян, қазақ!" деген атпен Петербург қаласындағы жарық көрген өлең жинағы. Одан кейін 1913 жылы Орынборда "Азамат", ал 1915 жылы "Терме" атты өлеңдер кітаптары басылып шығады. (Міржақып)
1913 - 1918 жылдары өзі ұйымдастырған "Қазақ" газетінің редакторы бола жүріп, кең ауқымды әлеуметтік істер атқарады. Газет бетінде халық өмірінің аса күрделі мәселелерін көтереді. Елді оқу - білімге, ілгері ұмтылуға шақырады. (Мағжан)

Оның ішінде көптеген өлеңдер, "Қартқожа", "Ақбілек" романдары, "Күнікейдің жазығы" хикаяты мен "Әнші" секілді бірқатар көркем әңгімелері, "Рәбиға", "Мансапқорлар", "Қанапия мен Шәрбану", "Ел қорғаны", "Шернияз" пьесалары, "Нұр күйі" поэмасы, сондай - ақ бірсыпыра сын мақалалар мен аудармалары бар. (Жүсіпбек)
Ол – лирикалық өлеңдермен қатар бірнеше көркем поэмалар жазған ақын. Атап айтқанда, "Қойлыбайдың қобызы", "Батыр Баян", "Қорқыт", т. б. поэмалары ақын талантының ерекше қырын танытады. (Мағжан)

Үш бәйтерек
Қалың қара қазаққа
Үш бәйтерек атандың.
Жаның малынып азапқа
Ұрпақ үшін сөз алдың.
Кейде күйіп, кейде мұң
Көңілге жақты қараны.
Артта мына ұрпақтың
Болдың міне ұраны.
Ақылменен терең ой
Тіпті жанға сыймаған.
Ілияс, Бейімбет, Сәкен ғой
Еліме бақыт сыйлаған.
Бізге мұра, сіздің еңбегіңіз
Бізге аңыз, сіздің көргеніңіз.
Халық жауы атанып кетсеңіз де
Сақтаймыз сізді мәңгі есімізде.
Жаңа сабақты түсіндіру.

Сейфуллин Сәкен (Садуақас, 1894 - 1938) - қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі, мемлекет және қоғам қайраткері. Туып - өскен жері - Қарағанды облысының Шет ауданына (бұрынғы Жаңаарқа ауданына) қарасты Ортау кеңшарының Қарашілік қыстағы. Саяси репрессияның құрбаны болған. Нілдідегі орыс - қазақ және Ақмоладағы бастауыш приход мектебінде (1905 - 1908), үш класстық қалалық училищеде (1908 - 1913), Омбыдағы мұғалімдер семинариясында (1913 - 1916) оқыған. Омбыда қазақ жастарының Бірлік қауымын, Ақмолада Жас қазақ ұйымын ашып, Тіршілік газетін шығаруды ұйымдастырған.

Сәкеннің алғашқы өлеңдер жинағы Өткен күндер деген атпен 1914 жылы жарық көрді. Поэзиялық туындыларының ішінде Сәкеннің шығармашылық ерекшелігі мен идеялық - саяси ұстанымын бедерлі айғақтайтын туындылары – «Кел жігіттер», «Жас қазақ марсельезасы», «Жұмыскерлерге», «Жолдастар» сияқты саяси лирикалары, сондай - ақ «Советстан», «Көкшетау», «Альбатрос», «Социалистан», «Қызыл ат» поэмалары. Проза саласында «Жер қазғандар», «Айша», «Біздің тұрмыс», «Сол жылдарда», «Жемістер» повестері мен «Тар жол тайғақ кешу» мемуарлық роман жазған. «Бақыт жолында», «Қызыл сұңқарлар» драмалары өз заманының рухын танытатын елеулі шығармалар.
Сәкен шығарған әндер халықтық дәстүрді тұғыр ете отырып, дүниеге өзіндік даралық сипаттармен ерекшеленеді.
Сәкен қазақ маңдайына біткен біртуар дара тұлғалардың бірі. Ол өз ұлтын қалтқысыз сүйіп, халқына еңбек сіңірді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
30 164
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Сәкен Сейфуллин
Сәкен Сейфуллин
Сәкен Сейфуллин - қазақтың атақты ақыны, жалынды жазушысы, дарынды драматург, білікті ұстаз, мемлекеттік қайраткері, Қазақстанның қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. Қазақ КСР - інің Халық Комиссарлары Кеңесінің алғашқы төрағасы болған.
С. Сейфуллин Қызыл шұнақ
С. Сейфуллин Қызыл шұнақ
Сәкен Сейфуллин туралы түсініктерін кеңейту. «Қызыл шұнақ» өлеңінің мазмұны мен идеясын ашу. Мәнерлеп оқуға үйрету.
Сәкен Сейфуллин «Далада»өлеңі
Сәкен Сейфуллин «Далада»өлеңі
Қазақтың көрнекті ақыны Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін тереңдету. «Далада» өлеңімен таныстыра отырып, өлеңдегі негізгі идея - оқу - білімге шақыру, болашақ жастарға деген сенім мәселесін көтеру.
Сәкен Сейфуллин. Ақсақ киік
Сәкен Сейфуллин. Ақсақ киік
Сәкен Сейфуллин (Сәдуақас) (1894 - 1938) Қазақтың көрнекті жазушысы, ақын, қоғам қайраткері.
Сәкен Сейфуллин «Дала» өлең
Сәкен Сейфуллин «Дала» өлең
ОҚО, Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылы, №81 Ұлықбек атындағы негізгі орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Раимкулова Садокат Кайнарбековна
Сәкен Сейфуллин «Қызыл шұнақ» (слайд)
Сәкен Сейфуллин «Қызыл шұнақ» (слайд)
Батыс Қазақстан облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы Құлсары гуманитарлық - техникалық колледжі Бастауыш білім беру бөлімінің ІІІ (11) студенті: Батыр Нұрайым
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×