Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ақиық ақынға тағзым

03 сәуір 2014, Бейсенбі
Сабақтың тақырыбы: Ақиық ақынға тағзым.
Сабақтың мақсаты. Оқушыларды Отанды сүюге, адамгершілікке,табиғатты аялауға, кішіпейілділікке, қарапайымдылыққа, өлеңді, өнерді, сезімді бағалауға тәрбиелеуге.
Дамытушылық: Оқшылардың өлеңге деген ынтасын арттыру, көркемсөз оқу шеберлігін, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Әдеби – танымдық сабақ.
Көрнекі құралдар. Интерактивті тақта. М. Мақатаев шығармалар жинағы, суреттер.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалімнің сөзі:
І. Күй «Салтанат» орындайтын Сейітқожин Талғат
1. Жүргізуші: Әлем - дархан, саялаңдар,
Бәріңе де орын бар,
Қорған емес, салтанатты
Сәнді сарай соғыңдар.
Ей, адамдар, сендер тату
Сендер тату болыңдар! – деп
Жырлап өткен ақын М. Мақатаев 1931 жылы Алматы облысының Нарынқол ауданында дүниеге келген. Тума дарын Мұқағалидың өмір мектебі Қарасазда басталып, өзі сүйген Алматысында аяқталған еді. Қазақ поэзиясында сыршылдығымен, шыншылдығымен жаңа жырлар жазып, «Хантәңірі мұзбалағы» атанған М. Мақатаевтың туғанына биыл 80 жыл. Өзіне дейінгі қазақ жырынан нәр алған Мақатаев өлеңі тұтастай алғанда бір дәуірдің шынайы бет - бейнесін, сыршыл жүрегін, адамзатқа деген аңсарын жырлайды. Ол – М. Мақатаевтың өз бейнесі, өз танымы. Себебі, ақын өз сөзінде: «Мені өз өлеңдерімнен бөліп қарамауыңызды өтінемін», - деген болатын.
ІІ. «Менің анкетам» өлең оқылады. Қазыбек Төлеген, Мамытбеков Руслан
2. Жүргізуші:
«Мені сөзге, жырға үйреткен, халық сүюге тәрбиелеген - әжем» - дейді ақын. М. Мақатаев – драматург, сатирик, публицист, жазушы, ұстаз, журналист. Оның «Армысыңдар достар», «Қарлығашым келдің бе?», «Мавр», «Дариға жүрек», «Аққулар ұйықтағанда», «Шуағым менің», «Өмір - дастан», «Аманат», т. б. көптеген өлеңдері.
ІІІ. «Мен – дағы өлең жазбаймын» Нүркиев Төлеген.
«О, туған ел» Байтөриева Гүлжайна
«Қазақ жері»

І Жүргізуші:
«Мұқағали поэзиясы – таңғы шықтай мөлдір, сырлы, мұңлы поэзия» - дейді Мұқағали жайында ақын апайымыз Фариза Оңғарсынова.
Жігітінен қазақтың дос таба алмай,
Қыз да болсам мен саған мұң шағамын,- деп Мұқағали Фариза Оңғарсыноваға жанын жеген қайғыны жырмен жеткізген.
Ән: «Фариза қыз» Әбиірбек Тінәлиев. Үн таспа.
ІІ. Жүргізуші:
Ең бірінші бақытым - халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.
Ия, осынау қарапайым қара өлеңде қанша құндылық, қанша ұлылық жатыр десеңізші! Сірә, Мұқағали ағамыз «Елім маған не береді деп емес, мен еліме не беремін» деп өмір сүрген сияқты.
«Үш бақытым» Абдушукурова Айнұр.
«Елім барда» Аяпбаев Талғат.
І. Жүргізуші:
Ана - өмір сыйлаушы, бала – бағбаншысы. Арулар – асыл жарлар, ер азамат тағдырының иегерлері, тәрбиешісі. Әке мен анаға деген махаббат, сүйіспеншілік сезімі жырдың алтын арқауы.
«Әке» Кеңесов Айдос
«Шеше, сен бақыттысың» Садықова Толқынай
«Қыздарға» Мамытбеков Руслан
ІІ. Жүргізуші:
Мұқағали қойнауына талай сыр бүккен сайын далаға, оның сылдырап аққан суына, самал желіне, мақпал түніне бала кезден – ақ ғашық болып өссе керек алған әсерін өлеңіне өре білген.
«Сүйемін өскен Отаным» Кадирова Гүлжайна
«Қарасазым» Қазыбек Төлеген.
Ән «Саржайлау» Қожахметова Айғаным, Абдушукурова Айнұр.
І Жүргізуші:
Әрі ақын, әрі жазушы өлмес, өшпес, мәңгілік тақырыпты сырт айналып өтпеген шығар. Мұқағали да осы махаббат тақырыбына молынан қалам тартқан. Оған «Махаббат диалогы» да дәлел бола алады.
«Махаббат диалогы» Дүйсенова Меруерт, Асқарұлы Нұрлан.
«Махаббат бейуақытта табыспайды» Алтаева Назым.
Ән: «Еңсем менің» Асқарұлы Нұрлан.
ІІ. Жүргізуші:
Сәбиге деген мейірім, әкелік махаббат, оның қайғы – мұңсыз өсуі, ұйқысы бұзылмауы үшін қам - қарекет. Есті баланың ата ақылын тыңдайтындығы, ақылды, парасатты болып өсетіндігі, үлкен алдындағы инабатты, ізет пен құрметті сақтайтындығы келесі тыңдайтын әннен көрінеді.
«Тоқта, ботам, атаң келеді артыңда»
Ән. «Сәби болғым келеді» Оқушылар
Қорытынды:
Мұғалімнің сөзі. Мұқағалиды ғасырда бір туатын, үлкен қанаты бар, адамның көзі талатын биікте ғана самғайтын алып құсқа теңеуге болады. Мұндай алып құстар жерге әр қонған сайын, қанатының бір қауырсынын оңдырмай сындырып алып, қүйзеледі. Бірақ тынышталудың орнына сол аспанда ала – алмаған өші бардай бүкіл күш - қайратын биікке жинап, келесі жолы одан да биікке ұшады.
Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,
Жыр жазсам, оған жұртым елеңдестің.
Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас алайда оны ешкім, - деп ақынның өзі айтқандай Мұқағали мұралары ешқашанда өлмек емес.
Күй.
Лай су шаймайтын арым бар,
Дауылдан қорықпас жаным бар,- деп өткен Мұқағали Мақатаев халқын сүйді, халық ақынды сүйді.
3 733
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бүгін менің туған күнім!
Бүгін менің туған күнім!
Дайындаған: Ақпейіл Курманбаева
Сағынады Мұқаңды сыздап жүрек...
Сағынады Мұқаңды сыздап жүрек...
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Сарыарқа ауылы, «Сарыарқа жалпы білім беретін орта мектеп»КММ Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Тулебаева Асемкул Жумадиллаевна
Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы
Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы
Алматы облысы, Ескелді ауданы, Ш. Уәлханов атындағы орта мектеп - гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Үсенұлы Қанатбек
Мұқағали Мақатаев «Қайран, Қарасазым-ай!»
Мұқағали Мақатаев «Қайран, Қарасазым-ай!»
Сабақтың тақырыбы: М. Мақатаев «Қайран, Қарасазым - ай!»
Сағынады Мұқаңды сыздап жүрек
Сағынады Мұқаңды сыздап жүрек
Сағынады Мұқаңды сыздап жүрек атты ақынның 80 жылдығына арналған әдеби - сазды сыныптан тыс сабақ.
Мұқағали Мақатаев
Мұқағали Мақатаев
Жамбыл обылысы, Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылы, Г. Орджоникидзе атындағы мектеп- гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кемпрекова Жанар Жансериковна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×