Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұлттық теңге туралы мәлімет

10 қараша 2024, Жексенбі
Тақырып: «Ұлттық теңге туралы мәлімет»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі – теңгемен тереңірек таныстыру.
Дамытушылық: Сөздердің мағынасын, қолдану аясын жете білуменен байланысты оқушылардың мүмкіндігін дамыту.
Тәрбиелік:. Туған жеріне, Отанына сүйіспеншілігін ояту.
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгеру,
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, сұрақ – жауап, баяндау, жаттығу жұмысы
Сабақтың көрнекілігі: кесте, компьютер арқылы презентация
Пәнаралық байланыс: тарих, география
Сабақ барысы:
І Ұйымдастыру
1. Сәлемдесу, сабаққа бейімдеу
2. Сабаққа психологиялық дайындық
3. Кезекшімен сұхбат
- Бүгін сыныпта кім жоқ?
- Қазір қандай жыл мезгілі?
- Бүгін ауа райы қандай?
ІІ Үй жұмысын тексеру.
ІІІ. Сабаққа кіріспе
Бүгін біз жаңа модульді баспап, еліміздің ұлттық валютасы туралы сөйлесеміз.
ІV. Сабақтың мақсатын, барысын айту
1. Жаңа сөздермен жұмыс.
Айрықша белгісі – отличительный знак
Құрал – средство
Қазына – богатство
Құпия қорғанысы – секретная защита
Шеберхана – мастерская
Төлем құралы – средство оплаты
Асыл қазына – драгоценная сокровищница
Халық байлығы – богатство народа
Шеттері – края
Безендірілген – украшены
1. Осы сөздердің мағыналарын түсіндіру, аудуру.
2. Дұрыс айтуға дағдыландыру
• мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды;
• оқушылар сөздерді мәнерлеп оқиды;
• оқушылар сөздерді мұғалімнен кейін дауыстап оқиды;
• тізбектеп оқиды.
3. Сөйлемдер құрау.
4. Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазу
2. Мәтінмен жұмыс.
Ұлттық валюта – теңге
Қазақстан Республикасы – егеменді, тәуелсіз мемлекет. Оның өз Ата Заңы, мемлекеттік рәміздері, ұлттық валютасы бар.
Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі – ұлттық валюта. Ол – Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Ақша – асыл қазына, халық байлығы.
Халқымыз теңгені бұрын да пайдаланған. Ерте замандарда теңгелерді Түркістан, Тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда жасаған.
Ұлттық валютамыз 1993 жылы 15 қараша күні енгізілді. Қазақ теңгесі Англияда басылды.
Ұлттық теңгеміздің шеттері қазақтың ою - өрнектермен безендірілген. Бірінші бетінде қазақ халқының әйгілі ұлы тұлғаларының бейнелері басылды. Екінші бетінде ою - өрнектер, табиғат көріністері бейнеленіп, елтаңбамыз салынған.
Теңгенің 16 - ға жуық құпия қорғанысы, белгісі бар. Ұлттық валютамыздың дизайнын жасаушы авторлық топтың жетекшісі Тимур Сұлейменов болды.
«Тиыннан теңге құралады»,- демекші, ақшаны үнемді пайдалану керек.
IV. Бекіту
1. Жаңа сөздер бар сөйлемдерді оқып аудару.
2. Сұрақтарға жауап беру
1. Ұлттық валюта қай жылы шығарылды?
2. Теңгеде кім бейнеленген?
3. Тәуелсіз елдің ең бірінші айрықша белгісі қандай?
4. Ерте заманда теңгелерді қайда жасаған?
5. Теңгенің неше құпия қорғанысы бар?
6. Теңге немен безендірілген?
7. Теңгеде қандай суреттер салынған?
8. Қазақ теңгесі қайда басылды?
3. Карточка бойынша жұмыс.

Сөйлемдердің дұрыс, бұрыстығының анықтаңдар: дұрыс бұрыс
1 Қазақстан валютасы басқа елден әкелінеді.
2 Ақша – халық байлығы.
3 Теңгеде 6 - ға жуық құпия белгі бар.
4 Ұлттық валютамыз 1993 жылы 15 қараша күні енгізілді.
5 Ұлттық валютамыздың дизайнын жасаушы авторлық топтың жетекшісі Шәкен Ниязбеков.
6 Тиыннан теңге құралады.
7 Ұлттық валютамыз 1991 жылы 16 желтоқсанда айналымға енді.

VІ. Сабақты қорытындылау. Баға қою.
VІІ. Үйге тапсырма: сұрақтардың жауабын білу.

15 қараша ұлттық валюта теңге күніне арналған слайдты жүктеу​​​
47 737
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Теңге Тәуелсіздік келбеті
Теңге Тәуелсіздік келбеті
Ұлттық валютамыз Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 12 қарашадағы жарлығымен 1993 жылы 15 қараша күні таңертеңгі сағат 8: 00 - ден бастап енгізілді. Қазақ теңгесі Англияда басылды.
15 қараша – Ұлттық валюта күні
15 қараша – Ұлттық валюта күні
Тиыннан теңге құралады, - демекші, ақшаны үнемді пайдалану керек. Қазіргі ақша мен кейінгі ақшаның арасында қандай айырмашылықтар бар? (Оқушылардан сұрап жауаптарын толықтыру)
Ұлттық теңге - ұлт мақтанышы
Ұлттық теңге - ұлт мақтанышы
Тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі теңгемен тереңірек таныстыра отырып, Қазақстанның ұлттық ақшасына көшу тарихы, оның маңызын түсіндіру қолдану аясын жете білуменен байланыстыру.
Ұлттық ойындар
Ұлттық ойындар
Оқушылардың сөздік қорын молайту, ауызекі сөйлеуге, сөйлем құрастыруға, тән дыбыстарды дұрыс айтуға, өзара сұхбаттасу дағдыларын дамыту
Қазақ тілінде қонақта – Алтын теңге
Қазақ тілінде қонақта – Алтын теңге
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті. Жезқазған индустриалдық - гуманитарлық колледжі. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Жаркинбекова Сагдат Серикбаевна
Ұлттық теңге мақтанышымыз
Ұлттық теңге мақтанышымыз
Сыныбы: 5 сынып Сабақтың тақырыбы: § 58 Ұлттық теңге - мақтанышымыз. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға Қазақстанның ұлттық валютасы – теңге жайында, оның шығу тарихы және негізгі қасиеттері жайлы мағлұмат беру, теңгенің ел экономикасында
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×